Лекция8 “Корея, Жапония философиясы және Америка“
Dec 13, 2021
Өткендегі Лекция 8 "Корея, Жапония философиясы және Америка" деген тақырыпта өтті.
Кореяның ежелгі философтары Вончоо мен Жеонг Монг Жу екеуінен бастап бүгінгі замандағы философия романын жазатын Ионгхаға дейінгі көптеген теорияларды таныстырды.
Жапонияның ежелгі философы деп аталатын Дошо мен Фуживара Сэйка деген сияқты көптеген философтардың кітабы жайлы әңгімелеп бүгінгі заманның философия романын жазатын атақты Рю Муракамиға дейінгі көптеген тақырыптарды таныстырып шамамен 2 сағаттай лекция оқыды.
Бүгінгі күні ежелгі жоғарғы мәдениетті Корея елі екіге бөлініп Солтүстік Кореяны әдейі халықаралық сауда ұйымынан бөліп қыспаққа алып отыр.Ал Оңтүстік Корея өздерінің ежелгі жоғарғы деңгейдегі мәдениетін тастап Америкаға еріп желігіп ешкім емес болып қалған екен.Осы ешкім еместердің Мун есімді қауіпті қараңғылық сектлері Ұланбатырды бойлап алды.
Ендеше Жапония елі ежелгі мәдениетін жаңғыртпақ болып қанша талпынса да Корея мен Қытай еліне шабуылдап қырғынға ұшыратқан жаман тарихынан арыла алмай қайтерлерін білмей адасуда.Моңғолдар Жапонияның шал шақпыттарының демалыс күндерінде ермек қылып ойнайтын ойыны Сумо күресі атты ойынын ойнап тапқан ақшаларымен еліне келіп сауда жасап мектептің боқмұрындарынан артық шыға алмады.
Корея мен Жапонияның ежелгі философияларын оқып отырғанда расымен керемет болған екен ғой деген ой туса да бүгін қандай күйге түскенін ойлағанда аянышты халде екенін жасыру қиын.
Ежелгі осы халықтар бұрын қандай болғаны және соғыс пен құнығушылықтан болып бүгін кім болып қалып Американы пір тұтып соларды қуантатын ұл қыздар болып К-Поптан бастап Паразит атты жартылай Холливууд киноға дейін ешкімге қажетсіз құр тек қана бизнес құлдары болып қалғанын көрсетіп жатқандай.
Қайран әп әдемі халықтар өзіне қол жұмсау ажалымен әлемде алдыға кіреді деуге болады.Кореяның Ионгха мен Жапонияның Рю Муракамилары көптеген елдерге үлгі болған.Олар қоғамы мен халқын аямай ақ сынға алған нағыз философия жазушылары болып шыдаған.Осы екеуінің өз елдерінде болып жатқан жастардың адасуларын сынға алып жазған романдарын бірнеше жыл бұрын аударып бастырғанмын.
вэб сайтта романды таныстырғанбыз.
https://www.molorerdene.com/351/pitem
Келесі лекция 9 "Моңғолдың айналасындағы философия әлемі және Тибет " деген тақырыпта өтеді.