Әлемнің Философия тарихы және Моңғол елі
Jan 20, 2021
Әлемнің Философия тарихы және Моңғол елі
Философия қалай қиын жолдармен жүріп бүгінгі осы шыңға жеткен тарих тек қана табыстың тарихы емес күрестің тарихы. Ұлы философтардың қалдырған неше жүз кітіпханаларды толтыратын ұшан теңіз туындыларын бүгін әлемнің дамысты елдерінің университеттерде қарқынды үйреніп және сонымен қатар көптеген институттерде философияның зерттеу жұмыстары жүріліп,философияны гүлдендірген қалпында. Философия мамандық саласы болып мемлекеттің өмірінің ілімдерін және де данышпандарын өндіріп бір біріне қайырымды болуға үйретіп көптеген халықты ақылдың, сананың, ойдың және сезімнің қараңғылығынан үнемі құтқарған. Философтар моралдың туын биікке көтеріп, үкіметтің заңын тексеріп,қоғамның салтын түсіндіріп адамның тек өзіндігімен жеке тұлға болып өмір сүру мүмкіндігін маңызды еткен. Моңғол елінде әлемнің шынайы философиясы бір сөзбен айтқанда мамандық философиясы келмеді. Бірден философия келмегендіктен қоғам үкіметке қарай көзін тіккен және де дәстүрге ерген.
Үстірт әңгімелер, газеттің кішкентай әңгімелері және де маманды емес адамдардың кітаптары моңғолдың санасының дамысын буындыруда. Жақсы мен жаманның көпшіліктің бағаларын төменгі, орта, аға класстар және жоғарғы оқу орындарында үйретпейтін болғандықтан жақсыны салыстырмалы деп ұятсыздықпен үгіттеп келген. Бұл жазба арқылы оқырман сізге әленмнің ғылым жағының адамдары ерте заманнан қалай жалықпай және де жүректілікпен жұмыстап қандай ойларды халыққа таратып және де қалай философ деген есімді болғаны туралы өте қысқаша таныстыруды мақсат еттік.
Алғашқы маманды философтар деп аталатын Плато және Аристотел екеуі осыдан 2500 жылдың философиясының негізін қалап көптеген кітаптар жазған.Адамзаттың білім жіне ғылымы осы екі философтан ғана пайда болған. Және де олар академия мен лицей орнатып философияның мектептерін жұмыстатқан.Сол мектептер көптеген жүз жылдар бойы төзген.
Антиктің Грек елі
Осыдан 3000жыл бұрын әлемде алғашқы қалалар пайда болып қырда танитын адамдарымен бірге өмір сүретін өмір өтіп жаңадан қалаға келген адамдар көптеген танымайтын адамдармен бірігіп тату тәтті өмір сүруге ойынның ережелері қажет болған екен. Осы ережелерді сұрап, тексеріп қала әкімі мен ханға қарсы дау айтатын адамдар Гректе пайда болған.Сондай адамдарды шешендер немесе Гректердің атауынша философтар деген екен. Философтар тек қана үкімет пен азаматтың жақсы мен жаманы туралы дауласу емес және де әлемдегі өмірдің бастамасы және де нақты ма емес екені туралы сұрап білім үшін өмірін арнаған.
Гректің Афин қаласында Христиан Эрасынын бұрын 500 ші жылдары өнер,архитектура және де философия гүлденген кезіне жеткен.
Антиктің Азия тайпасы
Азияның үлкендеу отырқы жерлерінде де өмірдің жақсы мен жаманы туралы ойлап,сезім азабынан құтылу үшін медитация жасайтын адамдар көбейген. Олар ақырында ағартылған деп сондай адамдар туралы аңыздар көп жазылған. Қытайда қоғам мен үкімет туралы мәселелермен Лаоце мен Конфуз деген сияқты адамдар философтанған. Қытайда конфуцианизм, таоизм деген сияқты мектептер орнағаннан тыс Мо Ти және Хан Фей Цу деген сияқты адамдардың мектебі де орнаған екен. Сол мектептер тек қана 200 дей жыл ғана жалғасқан екен. Индия елінде дін ағымдарынан Вэдэ деген ұғым шыққан. Вэдэнің жазбалары тек қана дін емес космология мен метафизиканың сүрақтарын қойған екен.Вэдэнің іліміне негізделіп Буддизм мектебі ашылып оны алғаш Сиддарта Гаутама негізін қалаған. Гаутама ештеңе талап етпейтін сондай адамның ғана рухы жаңарады деген екен. Бірақ осы адамдар үкімет туралы сөгіс айтып және де жеке адамардың тыныш өмірін маңызды санамады.
Азияда философия саласымен жұмыстай бастаған адамдардың өздері жазған кітаптары жоқ болғандықтан тек қана солар туралы жазылған кітаптар көптеп кездеседі. Азияда философия дамып шыдамағанының себебін айтсақ философияны дінге араластырып,оның нағыз мағынасын жоғалтқан. Сондықтан философия арықарай дамып жоғарғы деңгейге жетіп шыдамады. Конзуз бен Будданың шіркеулерін салып адамдар құлшылық жасаған. Алғаш өмірге күманданып және де қоғамды сөккен шешендердің ілімі соңында тоқырап керісінше догматик болған екен.
Гректен Ромға қарай
Қаншалықты орталық теңіз жағасының кішкентай қалашығы Ром күшін алып үкімет болып үлкейіп Грек елін иемденген болса дағы Гректердің философиясы жойылған жоқ. Ром елінің мәдениеті ішінде антик сфилософиясы гүлденген.Плато мен Аристотелдің кітаптары Ромның мәдениетіне қатты әсер етіп шыдаған.
Ромда стойктардың мектебі жұмыстап олар әлемнің бір рухы қайтсе де бар деп рационалмен және санамен барлығын білуге болады деген. Олар өлімнен кейін өмір жоқ деген себебі табиғи нәрселер жүрілуі бойынша жүріледі сондықтан адам оған қарсы болудың қажеті жоқ. Философ Эпикур да құдай адамдарға соншалықты әсер етіп шыдамайды деген. Сондықтан қарсыласушылар Эпикурларды антихрист деп атаған. Философ Плотин Александриа қаласында мектебін орнатқан және оның ілімдері де Ромның философиясына әсер еткен. Сол әлемнің үш ғажайыбы деген ұғым туралы түсіндіргенде оларды бірегей,ақыл және рух деген.Онысымен Плотин қайтадан Платогтың идеясы туралы ілімін кеңейтіп және де христианның тэологиясына байланыстырған.
Орта ғасыр
Ромның империясы сол кезде барлық діндерді өзінің мәдениетімен байланыстарған болса дағы тек қана Христиандарды қабылдамаған неге дегенде Христиандар Ромның кэйзерлерін құдайы деп атамаған. Кэйзер Константин Ромның империясы құлаған кезде Бизанцны Ромның империясының орталығы деп атап ол жерге Константинопэл қаласын орнатқан. Одан кейін христиандардың қыспағы астында Константинопэлде Христианды үкімет діні болғызған. Сонымен қатарласып Ром қаласында да Христианның дамысы басталып олар Европаның Христианының бастамасын қойған екен. Августинус Христиан шіркеуінің дәстүрін бастап Гректің философиясы мен орта ғасырдың философиясы ортасынан үлкен өзгеріс жасаған.
Константинопэл немесе бүгінгі Истанбул қаласы Ром қаласы құлағаннан кейін оның астанасы болған екен. Батыс Ром немесе Европа 500 ден 1000 шы жылдар аралығында култур мен ақыл ой өмірдің дағдарысына ұшыраған. Шіркеу барлық ақпараттар мен күштерді қолға алған. Философтар шіркеулер алдында тізе бүгуге тиісті болған. Бірақ Шығыс Ром немесе Константинопэлде антик философиясының сабағы жүріліп оқу қалпынша жүрілген екен.Ислам елдерінде Ал Фараби мен Ибен Сина Аристотелдің философиясын жалғастырып,Платогтың үкімет идеяларын жаратуға талпынған. Сол кездегі Багдад қаласы философияның орталығы болған. 13ші ғасырға дейін Багдад қаласында астрономия, медицина, инженер сайенсі және математика гүлдене дамыған. Моңғолдар Багдад қаласын иемденіп кітапханаларын өртегендіктен дамыс тоқтаған.
Перс философы Ибен Синаның 1000шы жылдар шамасында жұмыстатқан апотегі сол кездерде атақты болған. Ибен Сина универсал білімінің арқасында философия, астрономия, математика және медицина салаларында таңғажайып жоғарғы дамыстар жысаған екен.
Батыс Европада Платогтың жазбалары Христиан ілімдерімен араласқан. Ал Аристотелдің барлық кітаптарын жасырып тастаған. Антиктің философиясынан өтемөте айырмашылықтағы ілімдерді тіпті философия деген. Плато, Аристотел екеуінің адамның еркіндігі туралы әңгімелерін қалдырып қойған. Осы кезде қаншалықты философия жойылмаған болса дағы діннің қолында ұзақ азаптанған.
Германның діндары Мартин Лутер алғаш рет шіркеулерге қарсы тұрып Виттэнбэрг қаласының шіркеу қақпасының алдында Папстың ереже нұсқауларын өртеген екен. Оның басқы мақсаты «адам міндетті түрде шіркеу арқылы құдайға кезігуге тиіс емес» деген талап.
Жаңа кезеңнің басы
Орта ғасырдан кейін Европада жаңа ақыл ой дамыған.Сол ақыл ой білім мен өнерге жаңарту әкелген. Көптеген жаңалықтар және де шығармалар шыққан. Оны қайтадан жаңару немесе қайтадан туу деп атаған. Өнерге және білімге хуманизм келген. 14ші ғасырлардың ортасында алдымен Италияда одан Европада өте күшті ақыл ой дамысының бастамасы басталған екен. Платогтың және Аристотел кітаптарын еркін оқи бастағаннан кейін Европаның ақыл ой дәулері туып олар философияның жаңа идеялары мен жаңа ағымдарын дамытқан.
Жаңа кезең басталғаны арқылы құдай немесе келесі өмір туралы айтудан бас тартып алғаш рет адам назардың негізі болған. Діннің адамдары өздері де шіркеудің өтірік және таяз ілімдеріне қарсы тұра бастаған.
Ағарту, мәдениеттену
Адамдар шіркеулерге қарсы тұрып, қарсыласқандарының арқасында 17ші ғасырда философияның жаңа кезеңі басталған. Философтар қорықпастан туындыларын бастырып және де адамдарға ақыл ой туындыларын жеткізетін мүмкіндік шыққан.Францияның философы Рэнэ Дэскарт адам санасының арқасында білімге жету мүмкіндігі бар екені туралы үйретіп қалай ескіден құтылып жаңа білімге жету мүмкіндіктері туралы жазған. Ол әлемнің сайенсінің негізін қалаған.
Францияның философы Рэнэн Дескарт «мен ойлап тұрғандықтан мен бармын» деген өзінің философиясының әйгілі жолдарын жазған.Ағартудің бастамасы қалай қойылды дегенде санамен барлығын өлшеу керек деген және орта ғасырдың догматикасына қарсы,адамды пайдаланып құлдыққа ұстауға қарсыласқан,діннің басқармаларының қулықтарына қарсыласқан,қараңғы сенімге қарсыласқан.
Англияның натур философы Исаак Ниутон сайенс методтарын керектеніп адам өзі білімге жету мүмкіндігін өмірде көрсеткен.Білім тек қана сайенсте дамыс әкелу ғана емес және де қоғам өмірінде дамыс әкелетінін атап өткен екен.
Философия өзі Дэскарттан кейін екі жолмен дамыған. Біріншіде рационализм екіншіде эмпиризм. Спиноза мен Лейбница деген сияқты философтар рационализм жағында ал Локке, Бэркэлэй және де Хиуме деген сияқты философтар эмпиризм жағын ұстанған. Ендеше Иммануэл Кант рационализм мен эмпиризм екеуін синтезалап білімге жетуге талпынған.
Германияның философы Иммануел Кант теоретикалық және моралдық білімдерінің алдыналуын сұраған. Канттың айтуы бойынша «Ағарту білімі деген адам өз терістігінен болып бармағын тістеуден шығатын жол» деген.
19 шы ғасыр және Моңғолдың ақыл ой адамдары
Монғолда философия туралы ұғымды адамды атасақ тек жалғыз Данзан ұлы Равжаа.Оның өлеңдерін оқығанда философия тақырыптарын бірталай қазғаны көрініп тұрады.Әрине Равжаа Тибет елінде дінге үйренгенде Тибет тілі арқылы дамысты кітіптарды оқыған болуы мүмкін.Ендеше оның өлеңдерінде әлемнің философия ұғымдары кездеспеді.Үкіметті қалай бастап және де азаматта қандай дұрыстық болуға тиісті туралы да жазбады.Равжаа дінді сөккен болса дағы бірден моңғолдар сол кезде үкімет пен дінді қосақтаған хандықта болғандықтан көп рет теріске шығарылған.Моңғолда алғашқы философ туатын мүмкіндік ол кезде берілмеді.Барлық адам сауатсыз тек қана байлар мен манаптардың балалары ғана артығырақ сауатты болу мүмкіндікпен қанымдалған екен.
Модерн кезең, қазіргі заман
Европада 19 бен 20шы ғасырларда өндіріс тез дамып сонымен қатар жұмысшылардың жағдайы ауырлаған. Соған байланысты жаңа пролетарлар шығып жаңа теориялар керектенген олар социализм және утилитаризм.
Философия идэализм деген жаңа деңгейге жеткен оның негізгі өкілдері Германияның философы Фихтэ, Шээллинг және Хэгэл. Осы үш философтар адамды бірте бірте ойын жұмыстатып абсолют ой санасын өзгеше айтқанда әлемнің абсолют ой санасын тануға болады деген. Олар адамның ақылын метафизиканың алғашқы дәлелі деген. Францияның философы Комтэ барлық білімді нақты зерттеуге негіздеудің маңызды екенін ескерткен және де осылай позитивизмнің бастамасын қойған. Комтэ дінде ешқандай білім жоқ деп діннен толығымен бас тартуға кеңес берген. Сонымен қатар философиядан екі сала жеке тұлға болып шыққан, олар біріншіде социология,екіншіде сайенстің күманы. Социология деп адамдар қалай бірігіп тату тәтті өмір сүру туралы жаңа сайенс пайда болып философиядан бөлінген.Англия елінде Жон Стуарт Милл утилитаризмнің этикасын социал рефоризмнің негізі деп атаған. Одан гөрі радикалмен Маркс қоғам ішіндегі бай мен кедей деп атайтын атауға қарсы болып осы атаудың себебін өндірістің иелерінің шығарған систем ішінде қамтылғаны деген екен. Германияның философы Шопенхауэр мен Ницшэ сайенстің білімдеріне күманданып әлемнің шағылысуының арғы шындығын білу мүмкін емес деп қалай күманданып тұрғаны туралы жазған. Олар реалити мен субъектні маңызды етуді ескерткен.
20 шы ғасырдың философиясы
20 шы ғасырдың басында Германияның философы Фрэгэ философияның логикасы және математика екеуі адамның ойының тек қана екі аспектсі дегенді көрсетуге талпынған.Англияның философы Руссел тіл мәселелерін шешіп шыдаса философия мәселелерін шешу мүмкіндігі бар деген. Осылайша философияда тіл мәселелері шыққан және егер де күнделікті әңгімені теріс қолданатын болса философияға қиын болады деген. Сондықтан идеал тіл туралы әңгіме шыққан.Ақырында сөздің мағынасын маңызды етіп аргументтерге зейін қоюды мақсат еткен. Философияның төмендегі үш саласы қарқынды дамыған.
1.Феноменология
Феноменология деп адамның ақылына шағылысқанын түсіндіріп ойлайтын ой. Осыған сүйене отырып Болу туралы теория шыққан.Адам қалай және қандай сипатпен осы әлемде болу туралы теорияны Германияның философы Хэйдеггэр шығарған және оның Болу туралы философиясы кейінгі философтарға қатты әсер еткен. Оның бір мысалы Францияның философы Сартр эксистенциялизм туралы мәселелерді қозғаған.
2. Марксизм
Ленин Орыс елінде Маркстің материалист теориясын қолданған. Политиканың негізгі күшін партия деп атаған.Маркспен бірдей Ленин философияны әлемді өзгертетін қару деген.
20шы ғасырдың басында шыққан социализм ескі системді құлатып шыдаған.Социализм алдымен политиканың идеал соңында қоғамды өзгертетін бастама болған.
1922 ші жылдың 9 шы айында Орыс елінен философтар және ақыл ой саласының адамдарын қуып оларды Германияның кемесі келіп алған екен. Осы кемені тарихта «Философский параход» деп атайтын болыпты. Осылайша Орыс елі әлемнің философиясынан бөлініп философиясыз болып тек қана Лениннің кітаптары білімнің саласын қамтыған. Осылайша социализмнің үш биіктігі Маркс, Энгельс және Ленин үшеуінің кітаптарын философия атымен жарнамалаған. Соңында 2003ші жылы Истанбул қаласында жүрілген әлемнің 21 ші философия конгрессі төмендегі ұранды шығарған «Философия Орыс еліне қайтып келді». Онысымен шет елдерде көптеген он жылдар иммиграцияланып өмір сүрген орыстың философтарын құрметтеген екен.
3.Постмодерне
20 шы ғасырдың келесі жартысында кейбір философтар тарихтың және дамыстың оптимизміне күмандана бастаған.Сол философия ағымын постмодерне деп атаған. Олар объект білім мен бірігей шындықты Германияның философы Ницшэ мен Данияның философы Киэркэгаард екеуі қалай күманданып еді соған қосылған.
20 шы ғасырдың Моңғолы мен Ленинизмнің кітаптары
20 шы ғасырдың Моңғол елінде адамдардың сауаты ашылып, қырдың адамдары қалаға келіп жұмысшы және зиялылар болып жаңа қоғамның өмірі пайда болған. Ленин мен Сталиннің кітаптары аударылып қатаң догматика және адастырған білім тарап философия атын жамылып идеология тараған. Болмаса Аристотел мен Платогтың кітаптары да аударылмады. Социализм моңғолынан философ адам тумады.
Моңғолдың демократиясы және діннің қайта жаңаруы
Орыстың жұмысшы егіншілерінің өмірінде орнаған ұлы өзгерістің тікелей әсерімен Моңғолдың малшы халқына өмірдің бағалап бітпес көп мүмкіндіктер әкелген. Тек қана 50ге жетпейтін жылдар ішінде барлық моңғолдың сауаты толықтай ашылған. Әрине бұл жетістікті арықарай басқарып алып жүріп табысқа жеткізетін білімді адамдар кем болған қалпы жүріп моңғолдар демократиямен кездескен. Моңғолдың демократиясы Орыста шыққан перестройканың тікелей әсерінен нәр алған. Демократия өзі философия тақырыбы бола тұра демократия деп теріс аударған. Әрине демократиялық өзгеріс жасаушылар ішінде философияны білетін білімді адамдар болмады. Демократия Моңғолға сөз сөйлеу еркіндігін әкелді, өкініштісі ой сананың еркіндігін әкелмеді. Ақыл ой саласы пайда болып шыдамады. Керісінше дін өте күшті Моңғолдың қоғамын және үкіметін иеленген. Бірден дін күшін алғандықтан Университет пен Ғылым білім академиясы сияқты орталықтарда Шығыстың философиясы атпен конфуз, буддизм, Лаоцэ деген сияқты діннің өте догматикалық ілімдер туралы кітап аудармалары толып оларды лекция материалдары болғызып философия тарихы атпен үйрете бастаған. Бүгін де сол күнәлі істер жасалуда. Демократия арқылы саясат деген жаңа ұғым моңғолдың қоғамын толықтай иемденген. Моңғол халқы феодал қоғамынан кейін қайтадан дәрменсіз өмірге ауысқан. Демократия моңғолға білім әкелмеді,ғылым әкелмеді тек қана ақша әкелді және де алтын әкелді. Осыған ере нысапсыздық үкіметтің келбеті болды. Қараңғы сенім мен теледидардың қараңғы сенімділері Моңғолдың ақыл ой саласын аяққа таптады.
Маманды философия мен Моңғолдың хобби философтары
Әлемнің философия кітап шығармаларын оқып аударатын шыдамды адамдар бүгін де жетіспеуде. Керісінше философияға қызығушылығы бар адамдар көбейіп мамандық емес тілмен және де мамандық емес ұғыммен көптеген кітаптарды аударуда. Орыста Ленинизм кітаптарын оқып, 30жыл бұрын сонда жоғарғы мектеп бітірген адамдар Жоғарғы оқу орындары мен Ғылым білім академиясында жұмыстап өздерін философтар деп атайды. Олардың үйреткен сабақтарын естіген адамдар арықарай жалғастырып Жоғарғы мектепке мұғалім болады. Осылайша сайтан айналымы пайда болып соңғы 20жылды өткізген екен. Мамандық деңгейдегі философия Моңғолға келмегенінің үш себебі бар.Оның біріншісі Англия, Франция және Германия деген сияқты философияның бастау елдерінде моңғолдар философия мамандығымен оқып туған еліне мамандық философия әкелмеді. Екіншіде философия мамандығының кітаптарын орыс тілінен өтірік аударған екен. Сондықтан бүгінгі философияның оқулықтары жалған. Үшіншіде моңғол тілінің мамандары мамандық ілімдер қателі түсіндірілген сөздіктер жасалуда болғандықтан моңғол тілінің ережелерімен ақыл ой еңбектерін жасау өте қиын.