Хобби философтар және мамандық кітаптар
Jan 20, 2021
Хобби философтар және мамандық кітаптар
Ұлы 60 данышпан, Ұлы үшбұрыш, Заңның жаны деген сияқты білімді емес тек қана хоббидің адамдарының бастырған кітаптары Моңғолдың кітап нарығын иемденуде. Жай ғана сол адам сол жылы туған, жеке өмірлері туралы болжамдарды жазған, және де ол адам қандай тақырыптағы кітаптарды жазғаны жайлы жылдардың реті мен өмірбаянның жинақтарын жазып, ойланбаған және толғанбаған кітаптарды жастар оқып тағы да ойланбайтын және толғанбайтын адамдар болуда.
Жоғарғы мектепте де философтардың туған ай жылы, жазған кітаптарының тақырыбы және де жеке өмірлерінің күлкілі жерлерін әңгімелеп онысын студенттерге жаттатқызып сын алатын өте мөте кедей білімді философ деп өздерін атайтын хобби адамдары лекция оқуда. Сол адамдардың кітабы кітап сауда орталықтарында сатылуда және де тағы да сол жалған лекциялар жоғағы мектеп кабинеттерінде оқылуда.
Психологияның немесе философияның деген тақырыптағы кітаптар ешқандай мамандық деңгейде емес жазылып ол кітаптарды ешқандай бақылаусыз таратуда. Білімді адамның сипатынсыз және моралсыз Бат Отгон деген әйелдің жеке елестері дұрыс сияқты түсіндірілуде. Баабар да қалыспай өзінің оқымаған кітаптарын қарындасы Доржға оқы деп тапсыруда. Осы сияқты жеке түстерін және тапсырыстарын Моңғолдың қоғамына шашып және де жарнамалатуда. Олардың кітабы оқылуда және негізі сендіруде. Осы сенімдер қоғамның білімінің деңгейін анықтауда.
Философияның атын жамылып Нагаржунайдың теориясы, Амалдың теориясы деген сияқты қараңғы сенімнің кітаптарын жазып көпшілікке өздерін таңғалдырмақшы болған хоббидің философтары және де көптеген аталар. Аталар білімнің ешқандай кепілінсіз, жеке ертегілерін айтуда және де тәж сөздерін айтуда. Жетпіс жастыға басу керек деп Моңғолдар өте желпілдеген шалдарға ескертетіні есімде.
Адамның аяқ қолын зақымдаса заңдасып зақымын төлетеді емшілік жасағаннан кейін жазылады. Ендеше қоғамды да және де жастардың миын жалған ақпарат пен жеке қызығушылығына беріліп зиян шектіріп жатқан адамдарды кім сынға алып зиянын төлетеді. Психологияның мамандық кітаптарында адамның миына бірден пайда болған жолдарды өшіру көптеген жылдардың мәселесі деп жазылған.
Жоғарыдағы кітап жазуға хоббилі адамдар нені түсінбеді дегенде философияның мамандығын және ақыл ой саласының мамандарын көп жылдар бойы үйренеді дегенді түсінбеді. Үйрену деген оншама жеңіл мәселе емес. Сол адамдардың білім деңгейі нені жазып отырғаны арқылы оңай танылады. Ештеңе жазбады десе мүмкін құрметтелер де ме еді. Оларға білім туралы кішкентай ғана білім түгіл елес те әттең жоқ.
Әлемнің университеттерінің ақыл ой саласы дегенде мәдениет култура, дәстүр этнология, сезім психология, адамның шығу тегі антропология, адамдардың бірігуі социология және бірігудің тарихы история деген сияқты адамның дамысы туралы толығымен зерттейді. Сонымен болды. Ендеше жоғарыдағы зерттеу салалары дәл натур сайенсі сияқты дәлелдермен жұмыстайды.
Солардың барлығының бастамасы және де арғы себептерін философия сұрайды. Философия ойланып толғанудың методтарымен жұмыстайды.
Философтардың жазған қаншама мың кітаптары бар. Болмағанда бір рет қана маманды философтардың мысалы үшін Аристотел, Кант, Декарт, Хэгэл, Хюмелердің кітаптарын жоғарыдағы жолдастар оқып басын жұмыстату қажет. Орыс тілі арқылы кейбір адамдар кітап оқитын жағдайлар бар. Бірақ әлемге атақты орыс философ бір де біреу жоқ қой. Философсыз адамдардың тілімен сонымен философия кітабын оқыдым деу өте аңғалдық және жауапкершіліксіз әрекет емес пе.
Ақыл ой саласы Европаның университеттерінде қарқынды дамып Америкада да арықарай тіптен жетіле түскен. Моңғолда ақыл ой саласының кейбір бастамалары социализм кезінде Орыстармен жалғасып келген. Бірден маманды адамдар тек қана Орыста дайындалғандықтан олардың асығыс бастаған тарих, саясат сияқты салалары негізінде өте үгіттеп және үйреткен стильмен жүрілген жағдайлар көп. Моңғолдар қаншалықты Орыстан оқыған болса дағы феодализм кезіндегі оқытушы мен оқушының қатынасы ақыл ой саласында жалғасып сұрайтын және сын айтатын ақылдың маңызды амалдары Моңғолға еш келмеді.
Демократияның 20 жылында оқыған орыс және аударған моңғол кітап үйретпей тек қана жеке болжамдарын үйрететін адамдар жоғарғы оқу орындарында көбейіп жалпылай болған. Орыс тілді кәрі мұғалімдер басым қалпында. Олардың оқушылары жалғастырып жалғанды айтуда. Ағаштан құлаған алма онша көп алыс домаламайды дейді. Олар сезім қозғалыстарын лекция қылып әңгімелейді. Жоғарғы мектепте ойына түскенін айтып, еркін әңгіме және де ақыл ой еңбегі жасалатын мүмкіндік ешқашан пайда болып шыдамады.
Жоғарғы мектепте философия үйрететін адамдар неге философия кітаптарын міндетті түрде оқуға тиісті дегенде философия өте мөлдір түсіндіреді, формулалар тағы да дәл соларды қайта ойлау мүмкіндікте етеді. Философия өте ретті ой және де нақты аргументтерді біріктіреді. Моңғолдың мемлекеттік универстетінде өмірінде философия кітабын оқып көрмеген адамдар ешқашан ақыл ой білімін иеленбеген адамдар көп. Олар қандай философ нешінші жылы туған және де қандай тақырып туралы жазған дегенді ғана жаттаған әңгіме алдағыш аспаптар. Аспаптар қанша жинаса сонысын ғана шашады. Шашқанын қайталап айтқызып сараптама деген атпен сұрайды. Ондай адамдар ешуақытта ойлап шыдамайды неге дегенде олар логикаға үйренген жоқ. Олар ешқашан әңгімелесіп шыдамайды себебі олар жаттағаны болмаса пікірталасып үйренген жоқ.
Философия кітаптарын Моңғолда мамандық деңгейде кіргізіп келетін уақыт әлдеқашан болған екен. Моңғолдың қоғамын хобби философтардың кітаптарынан құтқаратын уақыт жетті. Философия бірден мамандық болғандықтан негізгі және жетісті білім қайда да күшін жоймайды. Философия әлемнің қай университетінде де күшін жоймайтын білімді үйретеді. Философия тек қана өткендегіні ғана қорытындылап қана қоймай және де келешекке бағытталған. Бірақ келешекті болжамайды. Ол туралы егжебайыпты ойланады. Неге бүгін осылай болды және де келешекте қалай болу қажет дегенді сұрап шамамен жауап бермей керісінше логикамен жауап береді.
Натур сайенсі материалдық денені зерттейді, социалдың сайенсі адам мен қоғам екеуін салыстырып зерттейтіндіктен салыстырманы бір сөзбен айтқанда қатысы барын анықтайды. Ендеше философия ойлау деген не екенін және де жақсы деген не екенін сұрайды. Философия этика сұрақтарын анықтап бағалыларды зерттейтіндіктен хуманитидің теориясын шығарады. Сондықтан философия жақсы мен жаманды бір сөзбен айтқанда жақсы мен жаманның себептерін ажыратады. Эпистэмология немесе тану теориясына тэоретика себебін зерттеп ал Этика саласында тәжірибе себебін зерттейді.
Философ адамдар бағалыларды қалай бағалап тұрғанын сұрау үшін адамның әрекетін түсінуді мақсат етеді. Ол үшін сол адамның мотивін бақылап оның менталдық жағдайын анықтайды. Оны бақылағаны арқылы адам өз әрекетінің мотивациясы мен шешімінің ситуацияларын өткір бақылау мүмкіндігі шығады. Сондықтан философияның қарашығы өткір. Және өте сезімтал. Енді бір жағынан философия дұрыс және теріс әрекеттердің критерлерін шығаратындықтан қандайбір үйлеспеушіліктерді этиканың көмегімен қорытындылап адамдардың ойының, әрекеттерінің және сезімінің айырмашылықтарын зерттейді.
Философия адамның эксистенциясын өз эмоциясымен, рационалмен, културамен және социалмен біріктіріп зерттеп ағартады. Осылай жасағаны арқылы негізді және нақты сол адамның әлемін көретін көзқарас және де әлемді суреттеп тұрған суретін шығарады.
Философия кітаптарын мамандық деңгейде аударып шыдаса оларды алғаш рет студенттер әсіресе Жоғарғы оқу орындарының лекция оқушылары өзіндігімен оқып үйренеді. Осылай оқып үйренгені арқылы өзгелермен әңгімелесіп үйренеді, өзгелермен кезігетін жүректі болады, өзгелерге ойын айта алатын болады, әңгімелесіп жатқан тақырып өзара үйлесетін мүмкіндік шығады. Сондықтан философтардың тарихы мен туған ай жылдарын жаттау тоқтайды.
Философия кітаптарын мамандық деңгейде оқып шыдаса адам тек тіл арқылы ойын жеткізіп қана қоймай және де не істегелі тұрған мақсатын түсіндіріп үйренеді. Сондықтан жоғарғы мектептің лекция оқушылары студенттерге не туралы әңгімелемекші болғаны туралы және де кітап оқудың қандай пайдасы бар екенін үйренеді.
Философия кітаптарын Жоғарғы мектептің лекция оқушылары мамандық кітаптарды оқығаны арқылы өзіндік ойлы болады, олар тек Орыста оқып Ленинизммен миын ашытқан адамдарға үйреткізіп және де жаттағанын студенттерге айту тоқталады. Егер жоғарғы мектептің лекция оқушылары философия мамандығының кітаптарын оқыса мамандық деңгейде кітап жазып үйренеді. Кітапты түсінікті жазып үйрену сонша оңай емес. Түсініксіз кітап жазу деген сол адамдар кітап жазуға құмар бірақ білімсіз ғой деген ұғым.