Философияға жақындаудың ең төте жолы философия сұрақтарын сұрау
Jan 20, 2021
Философияға жақындаудың ең төте жолы философия сұрақтарын сұрау
Ғалам қалай пайда болған? Осы барлық процесстің ар жағында қандай бір мақсат, себеп бар ма? Өлгеннен кейін қайтадан өмір бар ма? Осындай сұрақтарға біз қалай жауап береміз? Одан тыс біз қалай өмір сүруге тиіспіз?
Осындай сұрақтарды адамзат талай замандар бойы сұрап келген екен. Адам деген кім? Ғалам қайдан жаралған? деген сұрақтарды қызықтамаған халық деген жоқ.
Шын мәнінде біз философияның онша көп сұрақтарын сұраудың қажеті жоқ. Біз тек қана бірнеше маңызды сұрақтарды сұрадық қой. Тарихқа қарағанда біздің сұрақтарымызға әртүрлі жауап беріп келген.
Бірақ философияның сұрақтарына жауап беруден сұрағаны жеңілірек. Бүгін де өзіндік жауабын іздеп табу қажет. Құдай бар ма немесе өлгеннен кейін өмір бола ма деген сұрақтарға энциклопедиялардан жауап іздеу мүмкіндіксіз. Энциклопедиялар ішінде біз қалай өмір сүруіміз қажет деген ештеңе жазбаған.
Ендеше осы туралы өзге адамдар не деп ойлағанын жазғанын оқыса артығырақ көмектеседі. Осылайша біз өмір және ғалам туралы анық бір суретті боламыз ғой.
Шындықті іздеген философтардың ізденістері дәл қылмыстың кітабымен бірдей. Қылмыста әр түрлі адамдарға күманданып, тексереді. Күндердің күнінде қылмыскер кім екені анықталады. Бір жағынан, қылмыскерді ешуақытта таба алмайтын жағдайлар болады. Сонда да міндетті түрде әлдекім қылмыстіқ істің иесі деген анық қой.
Қаншалықты жауап қиын болса да сұрақ жалғыз дұрыс жауапты дегенді елестетуге болады. Сондықтан өлгеннен кейін өмір бір болса бар, жоқ болса жоқ.
Ерте заманнан жауап беріп шыдамаған көптеген сұрақтарды бүгіндері ғылым білім саласында жауап беріп шыдаған екен. Жуыққа дейін айдың келесі жағы қалай көрінеді деген сұрақты қойып келген. Әрине оның жауабын әңгімелесіп пікірталасып жауап беру мүмкін емес қой. Бірақ адамның елестетіп ойлау қасиеті маңызды міндет атқарады. Бүгіндері айдың келесі жағын жақсы білетін болған. Сондықтан айда адам өмір сүреді деген ұғым әлдеқашан күшін жойған.
2000 дай жыл бұрын өмір сүрген ерте заманның Грек философының айтуынша философия деген адамдардың таң қалып қызықтағандарына негізделіп пайда болған деген екен. Сондықтан адамдар философия сұрақтары өзі пайда болады дегенді таңғажайып дейтін болыпты. Мұның барлығы бейнебір сиқыршының істеп тұрған әрекеттерімен бірдей сияқты. Сондықтан біз көріп тұрған нәрсемізді неге осындай мүмкіндікті дегенді түсінбейміз. Сиқыршы ақ орамалды қалай қоян болғызып өзгертіп тұрғанына таң қала қараймыз. Сондықтан көп адам ғаламды дәл сиқыршы құр тымақтың ішінен тірі қоян шығарып келгенімен бірдей сиқырдай түсінеді. Әрине қоян деп сиқыршы бізді алдады ғой. Ендеше ғалам дегеніміз одан тіптен бөлек дүние. Ғалам дегеніміз сиқырлық немесе алдаудың нәтижесі емес. Себебі біз жерде жүріп жүрміз, ғаламның тағы бір бөлшегіміз. Айланып келгенде біз өзіміз құр тымақтан кенеттен шығып келген ақ қоянмен бірдей емеспіз ғой. Біз бен қоянның айырмашылығы десек сиқыршының әрекетіне кірісіп жатырмыз дегенді қоян білмейді. Ал біз бөлекпіз. Біз сиқырлық әрекетіне кірістік дегенді білеміз және қалайша бүйтті дегенді анықтауға тырысамыз.