Капитализм демократияны былықтырып жатыр
Jan 20, 2021
Капитализм демократияны былықтырып жатыр
ҚАДАҚТЫ АҒАШҚА БАЙЛАЙТЫН АДАМДАРМЫЗ ҒОЙ БІЗ ТАНКНЫ БАЙЛАЙДЫ ДЕГЕНДЕЙ
Өткен жексенбі күні сіз биылғы жылдың 25 сериал лекциясын бітірдіңіз. Төрт жылғы уақытта жыл сайын 25 лекция сериямен оқыдыңыз. Осы сериалы 100 лекциядан қандай нәтиже шықты? Жалпы не үшін лекция оқитын болдыңыз?
Қандай нәтиже шыққанын лекцияға отырған адамдардан сұрау қажет шығар. Ал мен философ адамның жұмысын істеп қана жүрмін.
Философ адамның жұмысы қоғамын ағарту, сол кездегі уақытты анықтауға бағытталады. Өзгеше айтқанда моңғолдар біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз дегенді анықтап шығарып келуіміз қажет, кітапқа жазып, адамгершілік, эстетика жағынан, ой жағынан баға және қорытынды беретін адамды философ дейді. Ендеше менің 100 лекциям заманды анықтауға бағытталған жұмыс болды.
Алғашқы жылдың 25 лекциясы, қоғам мен мәдениеттің мәселесімен басталған. Келесі жылы тұжырымдамаға біраз жұмыстадым лекциялар оқыдым. Бұл біздің теріс айтатын, түсінетін тұжырымдамаларды дұрыс жағымен түсіндіруге бағытталған. Моңғолда бүгін теріс түсініктеме, теріс аударма жер алған екен. Ендеше міндетті түрде кітап оқып барып түсінетін сондай тұжырымдамалар екен. Өкініштісі моңғолдар бүгін «Кітап оқып қайтеміз» деп біразы айтатын болыпты. Келесі біразы «Кітапқа бас иеміз» деп лағиды. Осындай оғаш та мағынасыз кітап туралы сөйлеген үшінші жылында 25 философты таныстырдым. Франция, Англия, Германия, Американың философтары кімі кім, біз қалай танысамыз? Жеке жеке ерекшелеген кітаптар айтылды. Өткен жылы үнемі кітап айтқан екенбіз. Ендеше биылғы жылы лекция туралы айтсақ заманауи мәселелерді айттық. Мысалы үшін ақпарат құралдары дегенді бүгіндері қалай түсінеміз? Fake news немесе жалған ақпарат деген өте көп. Интернет, фейсбууктен жалған ақпараттар ағылып жатыр. CNN-нің өзі жалған ақпараттар шашып, оны Снөүден, Ассанж сияқты адамдар әшкерелеп берді ғой. Ендеше ақпарат құралдары өте қауіпті болып кеткен шығар. Ирактың соғысын алып көрсек шығыстың ақпарат құралдары тек Американікі дұрыс, жақсы іс істеп жатыр деп көрсетеді. Бірақ екі миллион Ирак адамы қаза тапты. Оны ақпарат құралдары неге көрсетпей отыр? Халықаралық ақпарат құралдары осындай жалған ақпарат таратып жатыр ғой.
Моңғолдың ақпарат құралдарын емес шетелдің ақпарат құралдарын сынға алғансыз ау?
Моңғолдың ақпарат құралдарын да сөктім. Өтірік шынды шетел ақпараттарын түсініп түсінбей аударып шығара береді. Кейбірі тіпті теріс аударып жатады. Үш төрт жыл бұрын Американың Елшісі бір әйел «Күнделікті жаңалықтар» газетінде «Моңғол елі Украйна елімен бірігіңдер» деп айтқан. Мен тура қарсыласып жаздым. Ол не деге сөз тіпті. Сол елдің ісіне араласпаймыз деген дипломат дәстүр қайда қалды. Ол үгітін «Өдрийн сонин» газетіне шығарғаны несі. Ендеше ақпарат құралдары осындай қауіпті. Ақпаратқа зейін қойып қабылдау қажет дегенді лекциямда айттым.
Қымс етсе интернетке кіретін болыпты. Адамнан нәрсе сұрамай интернеттен сұрайтын болыпты.
Одан кейін интернет деген нәрсе туралы айттық. Қымс етсе интернетке кіретін болыпты. Адамнан нәрсе сұрамай интернеттен сұрайтын болыпты. Адамға адам қарап отырып жақсы бір күліп отырып сөйлеспей интернетке кіріп адаммен сөйлеседі. Осындай оғаш өмір Моңғолда етек жайды. Сондықтан моңғол адам жаңа технологиямен қалай қатынасу қажет, технологияны біз қалай түсінеміз. Интернет таңғажайып, 100 процент пайдалы деп түсіне беруге бола ма. Ең соңында кеше /жексенбіде/ақырғы лекцияда біз Жаңа Үкімет жайлы сөйлестік. Одан бұрынғы лекцияда Моңғолдың қоғамы мен демократия жайлы сөйлестік. Демократия деп біз Америкаға қарай береміз. Бірақ Америка демократиялық ел емес қой.
Сіз Американың Президент сайлауын «Американың ақырғы демі» деп атадыңыз. Және де осы «Моңғолдардың «қара сандығы саясаты» кітабыңызда Американың кейбір ғалымдарын, мысалы үшін, Милтон Фридманды сөккен едіңіз?
Фридман деген өте күнаһар адам ғой. Чилияның Сальвадор Альендені ары қаратқаннан бастап көптеген соғыстың арғы жағында Милтон Фридман жүр. Ол адам «America is not а democracy» деп айтқан. Енді Америкада соңғы кезде социализмді өте көп айтып жатыр.
Американың Демократия партиясынан Президенттің сайлауына атын ұсынған Берни Сандерс деген адам да социализм айтып жүр. Жалпы американдықтар демократиясынан бас тартып «Демократиямызды біз дамытып шыдамаппыз.Социализм керек емес пе» деп айтып жүр. Осы жайлы көптеген кітаптар басылып жатыр. Маркстің кітаптарын көп оқып жатыр. Ендеше бұның барлығының ар жағында бір себеп бар. Ол не дегенде Капитализм құлап қалды. 2008ші жылдың экономика қаржы құлдырауы, Леман Бродерс дейді ғой. Одан кейін Капитализм құлап қалған. Қаншалықты демократия жақсы болса дағы Капитализм Демократияны былықтырып жатыр деп Американдықтар көріп отыр.
Америка енді бітті, Демократиясы да былықты.
Ендеше демократия дегеніміз Социализммен сәйкеседі деп көріп отырмын. Тек қана Америкада ғана емес көптеген елдерде Социализм, Демократия екеуін айтып, солтүстіктің партиялары шығып келіп жатыр. Социализм мен Демократияны дамытып жүрген елдерді қарамайсың ба. Европанң елдері бар, Қытай бар. Германияда Социал демократиялық партиялар өте жақсы саясат ойлап шығарады. Францияның солтүстік партиясы бар, ол да жақсы. Ал Америка ол біткен. Демократиясы да былықты. Олар енді жаңа ізденіске шыққаннан басқа амал жоқ. Онысы сайлау кезінде ақ көрініп тұрды. Трамп, Хиллари екеуінің бәсекелесуі негізінде белден төменгі мәселе боп кетті ғой. Ал не болды, әлгі таңғажайып, Демократияның үлгі болған елі масқара болды ғой. Ендеше осындай кезде Моңғол Елі не істеу қажет. Өз ерекшелігімен арықарай дамуы сөзсіз ғой. Біз осындай ерекшелікте екенбіз, осымызды ұстап алайық деп сөйлесуіміз керек. Бірақ ерекшелігімізді біліп оны дамытамыз деп қырға шығып лама, төре болып кетуге болмайды. Олай кері қайтуға әсте болмайды.
Жалпы кері қайтқалы жүрген жоқпыз ба. Барлығы төренің жақсы киімін киіп, балаларын да солай киіндіріп?
Соны айтамын, «Атқа мініп, киіз үйге өмір сүрейік» деп барлығы кері қайтқысы келіп жүр. Ендеше жақсы лама, төре болып 100 жыл бұрыңғыға кететін сияқты. Ол енді мүмкін емес қой. Жақында шаған мерекесінде көптеген жерлерде ламалар жүрді. Теледидардан балуан көріп жатсақ та ламалар. Балуанын да жөнді күрестіріп шыдамайды, ламалармен шатасып.
Моңғолдың интеллигенттері қартайғанда хүннү жағалы шапан киіп «Құпия шежіре»ден басқа кітап оқымайды, басқа кітап жайлы айтпайтын болыпты деген әңгіме шығыпты?
Дәл айтасың хехе. Солай болып жатыр. Мына Чоймаа, Дулам сияқты Моңғолың ұлттық университетінің екінші корпусындағы адамдар барлығы солай. Тіпті өте жындыбастар. Шапан киіп жұмыс кабинетіне діннің заттарын үйіп жинап қойған. Қайдағы жоғарғы оқу орны, қайдағы мәдениетті білім ғылымның ұйымдығы. Сен ана бөлмелеріне басыңды сұғып бір көр. Әуелі Далай ламаның портреті ілулі тұрған шығар. Ана Дулам тіпті қауіпті. Шаман айта жөнеледі. Ақ қара шаман, инь әдісі деп қайдағыны айтады. Физика, математика, философия, қазіргі заманғы дамыс сияқтыларды еш айтпайды. Инь әдісін ғана айта береді. Дұға ғана оқи қоймас.
Жалпы көпшілік лама, шаман айтатын болыпты. Сурет салса да, өлең жазса да, ән айтса да шаман. Себебі белгісіз шамандататын ел болдық. Осы жерден шығып жан жағыңа қарағанда ақ ана жер мына жерге қадақ байлап тастағаны көрінеді. Көпір, ағаш, кішкентай бұталарға да қадақ байлап тастаған. Қадақпен ағаш байлайтын адамдармыз ғой біз. Танк байлайды дегендей. Осындай халық, осындай істер туралы мен лекциямда айттым.
Осының барлығын айтпай философтану мүмкін емес пе?
Философия дегеніміз қандайбір мазмұнды нақтылы, дәлелді теорияға сүйеніп шығарып келуді ғана айтады. Жаңа екеуміз қараңғы сенім туралы айттық. Ендеше қараңғы сенім дегеніміз не, табыну деген не. Біз не үшін табынамыз. Осылар философия мәселелері ғой. Осыдан жүре жүре Дін деген не. Моңғолда дін бар ма. Мемлекетті дін анықтамайды, саясат анықтайды. Ендеше саясаткерлер не істеп жатыр. Біз қандай қоғамда өмір сүріп жүрміз. Моңғол мемлекеті дегеніміз тек Ұланбатыр ғана емес пе. Ендеше Ұланбатыр расымен қала ма. Жартысы киіз үйде өмір сүріп жатыр. Қандайбір нәрсені жартысынан көп процентін иеленетінімен айтады. Ендеше Ұланбатыр киіз қала емес пе. Канаданың бір қаласына қытайлар көп барып мекендене келе халқының 60тай процентін қытайлар иеленіп алған дейді. Ендеше ол қаланы қытайлардың қаласы деп көрмей ме.
КЕШЕ ҒАНА ТҮРМЕДЕН ШЫҚҚАН АДАМ ДА МЕНІҢ ЛЕКЦИЯМА ОТЫРУЫНА БОЛАДЫ
Төрт жылда 100 лекциямда айтылмаған тақырып негізі жоқ сияқты.
Жоғарыда айтқандағыдай мен тек философия жұмысын ғана істедім. Ешқайдан қаржы алмадым. Қандайбір ұйымның, партияның да қолдауы жоқ. Жоба жазып ақша алған да жайым жоқ. Бұл тек қана таза саналы адамдардың билет алып лекция тыңдаған осындай ғана іс. Төрт жыл бұрын лекцияны алғаш бастаған кезде қандайбір жерден қаржы алып жобаны іске асырмасаңыз табысқа жетпейсіз деп адамдар ескерткен жайт бар. Бірақ кеше /жексенбіде/ көрдің ғой.
Иә көрдім. Тек жас адамдар ғана екен.
Жастар көп келіп жатыр. Негізінде мен студент, жұмысшы, зейнеткер адамдар да келуге тиіс деп тілеп жүрмін. Барлығы да бірдей нәрсе білу қажет қой. Пенсияға шыққандықтан нәрсе білудің қажеті жоқ деуге болмайды. Қандай да адам менің лекцияма келуге болады. Бастысы соның ішінде философия дегенде қалағанның бәрі істеп шыдамайды. Өз ойына адамды итермелеп лекция оқи береді деген жоқ қой. Менің лекциям үш бөлімнен тұрады. Алдымен теориямды айтамын. Мысал айтамын. Одан кейін мысал мен теория екеуін байланыстырып айтамын.
Сіз лекция оқығаннан басқа жұмыс істемейсіз бе?
Мен деген адам нағыз Сократ сияқты философ адаммын ғой. Жұмыссызбын. Ешқандай клуб, ұйымдық басқармаймын. Осы 25 лекцияны кейбір адамдар клуб деп түсініп алыпты. Айтпақшы менің лекцияма көп жерлерден жастар келді. Тайванда оқуын бітіре сала өткен аптада бері асығып келген жас та бар. Германиядан, Батыс Кореядан демалысын алып асығып келген студенттер де болды.
2012 ші жылдың сайлауында сіз саясатқа кіріп келіп кеттіңіз. Кетті дейміз бе алыстады дейміз бе?
Саясаттан алыстадым, кетті деуге болмайды. Саясат туралы ойлап жүрмін. Жақындағы лекциямда мысалы үшін, «Қандай үкіметтің теориясы болады» дегенді айттым. Моңғолдың үкіметі Демократия, Капитализм, Социализм, Коммунизм осы төртеуінің қосындысы болуға тиіс. Осы төртеуінің төртеуінде де жақсы жақтары бар. Тек қана социализм емес, демократия емес. Ендеше Моңғол үкіметінде қандай саясат болуға тиіс.
Қоғам деген өзі пайда бола салатын нәрсе емес қой. Оны пайда болдырады, басқарады, бағыттайды, жөндейді.
Жалпы қандай саясат жүргіземіз деп теорияшылар ақылдасып отырып теория деңгейінде шығарып келу қажет. Моңғол елі осылай жүреді, осылай қоғам құрады. Қоғам деген өзі пайда бола салмайды ғой. Оны пайда болдырады, басқарады, бағыттайды, жөндейді. Көп іс істейді. Дәл отбасымен бірдей. Отбасы дегеніміз әйелі, күйеуі, баласы деп қана қалмайды. Бізде керісінше солай ойланып жүр. Үйленді, балалы болды, сонымен отбасы бола салады. Олай ойлауға болмайды. Ішіп жем, киім кешек, үй күй әп әдемі тұрғын үй, демалыс орнына бару, мамандығын жоғарылату, музыкада ойнап үйрену деген сияқты барлығын жоспарлап барып отбасы арықарай жүреді емес пе. Оның үстіне мәселелерін сөйлесіп, қайғы мұңын бөлісіп деген сияқты жағдайлар тағы бар. Сүйтіп жүргенде әйелі мен күйеуінің бірі ауруға душар болады. Оны қалай ыңғайлау керек деген сияқты. Отбасы деген тек қана бақытты ғана болмайды. Қайғы мұңға кезігеді. Сонымен бірдей қоғам дегеніміз тек қана тату тәтті, бақытты іс емес. Сол қалпымен мәселелерге толы болады. Бірі байымақ болып жүгіреді, енді бірі келесісін алдайды. Бірі келесісін кедейлікке душар етеді. Алдап қарыз алдырады, қарызға батырады. Қарыздан шыға алмай қалады. Адамның қоғамы қорқынышты ғой. Енді моңғолдың қоғамы ақшаға ғана сүйеніп тұр. Қайдағы моңғол дәстүр, сана барлығы ұмытылды. Барлығы ақшаға сүйеніп тұр. Ендеше осы қоғамға сүйенген қоғам, адамдардың өмірін, моңғол адамды жаңадан анықтап теория деңгейінде мәселесін шығарып келу керек.
Ақшасы сырт елдерде, мұнда тек қарыз ғана қалды дейсіз бе?
Солай ғой. Әйелің барлық ақшаны алып кетіп қалса сен қарызға қаласың ғой. Сонымен бір күні сені үйден шық деп жүрмесін. Осындай жағдайға Моңғол елі кетіп барады. Жай ғана қарыздар болып отыра берсе кемжоқ. Бірақ қарыз деген адамды жай ғана отырғызбайды. Қайқаңдайды, түйрейді. «Шық, жоғал, кет» дейді ғой.
Халықаралық валюта қорының ерекше қатаң талабы бойынша бағдарлама бізде жүзеге асырылып жатыр ғой. Осы жайлы не айтасыз?
Жалпы біз өте көп қарызға кіріп қалыппыз. Қарыздан құтылу жұмыстарын жасайды екен деп түсініп отырмын. Банк, қаржы экономиканң барлық әрекеттері қарыздан құтылуға ғана бағытталатын көрінеді. Сосын біз Халықаралық валюта қорының бір агентсінің қолына түседі екенбіз. Бір агент қана бізді басқарады, ұрсады, ұрады. Көп жағдай болады. Толықтай мемлекет халқымен Халықаралық валюта қорының агентіне қарағаннан кейін бостандық, тәуелсіздік туралы айтудың да қажеті жоқ.
Ендеше не айтамыз?
Дәл андағы сұрақты қою керек. Енді біз не айтамыз деп. Менің ойымша біз дереу карттың товарына көшуіміз керек деп ойлап отырмын. Адамдарға қажетсіз айлық бола ма, төгрөг бергенше қажетті заттарын берейік. Төгрөгтей шаршаған ақша әлемде жоқ. Ең тез бағасын жоғалтатын екі ғана ақша бар деседі. Біріншісі моңғол төгрөг, екіншісі Африка ма еді қайсібір елдің ақшасы екен. Ендеше осы мәселені тез шешейік. Тағы да біз ең көп сауда саттық жасаймыз. Қытай елінің юаны мен Орыстың рублі екеуімен төгрөг бағасын байлау қажет. Социализмге ауысатын кезде рубль ғана болды. Долларға байланысы жоқ барлығы болып жатты. Ауысатын юань-рубль-төгрөг деген қатынас пайда болдыру дұрыс. Мен егер Қаржы министрі болсам осыны ғана істер едім. Негізінде біз көп көрім қарнымыз ашып шаршамай жүре алатын халықпыз. Біраз малымыз бар болғандықтан солай ғой. Ендеше төгрөг бізді былықтырып тұр ғой.
Сіздің жақындағы жоспарыңыз не?
Биыл тепе теңдік туралы кітап жазатын ойым бар.
Неде болса биылғы сериалдық лекциялар бітті. Енді біраз уақыт кітаптарыма жұмыстаймын. Былтыр мен «Бостандық-Ардақты сөз» деген кітап шығарғам. Сол кітапта бостандық деген не дегенде әр түрлі бостандық барлығын анықтап бергем. Қоғамның бостандығы, отбасының бостандығы. Ұлдың бостандығы. Әкесінен ажырасу бостандығы. Отбасының адамдары да бостандықта болу қажет. Біреудің әйелі болдым екен деп мүлкі болды деген сөз емес. Биылғы жылы тепе теңдік туралы жазайын деп ойлап отырмын. Бостандықты арықарай егжей тегжейлі таратам деген сөз.
Лекцияға келсек тоғызыншы айдан бастап келесі 25 сериал басталуы мүмкін. Бірақ біраз бөлектеу семинар сияқты қылып жүргізіңізші деп адамдар тілек айтқан. Жалғыз өзім жүргізіп жатқан іс болғандықтан біраз кеңейтем десем міндетті түрде бір жұмысшы алу қажет болады. Осылайша бастан асқан іс болғалы тұр. Негізінде лекциямды оқып, кітабымды жазып жүре берсем өзіме тыныш. Бірақ оқыту, семинар етіп кеңейту де дұрыс. Оның үстіне мені Философия академиясы болса да орнатыңызшы деп тілектер келіп жатыр. Әзір шешім шығарғам жоқ.
Сіз өзіңізді Филиософ деп атайсыз. Жоғарғы оқу орындары Философ емес философияның мұғалімдерін ғана шығарады. Жалпы философты қалай пайда болдырады?
Барлық мемлекетте философ бар. Ол адам қоғамын жақсылап бақылап сынап, ағартып жүреді. Мысалы үшін мен Грек стильді философ адаммын. Азияның философтары соңына қарай діннің адамдары болып кететін жағдайлар бар. Будда философия жасағалы кеткен адам ғой. Соңында онысы дін болып кеткені болмаса. Күнз бар, тағы да сол философия жасағалы кеткен. Тағы да сол Күнзнің діні дерліктей болып кеткен. Жалпы философ боламын деп тура тістің дәрігері болып жатқандай болу мүмкін емес. Сол адамда талант болу қажет. Нәрсе жазатын адам философ бола алады. Оның үстіне адамды қызықтайтын болу қажет. Ондай емес адамға философия үйрету өте қиын. Үйретсе философияны үйреніп кетеді деуге кепілдік жоқ. Жалпысы ол адам өзі философ болуға тиіс.
Философияны сатып әкелу мүмкін емес. Сырттан адам әкеліп философия үйреткізу де мүмкін емес.
Сіздің мамандығыңыз инженер. Сол салаңызбен Ғылым академиясында жұмыстап жүрдіңіз. Неге философия зерттейтін болдыңыз?
Қоғамға философия артығырақ қажет болды. Инженерлер көп жүздеген болды. Мен инженер, жоба шығарушы адаммын. Бірақ нәрсе жобалаудың қажеті жоқ. Техниканы ақшамен сатып алып жұмыстата салады. Содан онысын Монел деп атап сата салады. Ендеше философияны сатып әкелу мүмкін емес. Сырттан кісі әкеліп философия үйреткізу де мүмкін емес. Сондықтан философ болу қоғамға өте қажет болды.
2012-ші жылы сіз экс Президент Н.Энхбаярмен бірігіп МХРП-сын құрып, кешікпей партиядан шықтыңыз. Ол кезде шынымен саясаткер болайын деп шешкен бе едіңіз?
Ол кезде мен расымен үкіметке жұмыстайын деп ойладым. Н.Энхбаярға да қатты сендім. Көп жылдар Президент, премьер министр болған тәжірибелі адаммен саяси теорияларды білетін мен сияқты адам бірігіп жұмыстауы дұрыс деп ойладым. Бір сөзбен айтқанда білім мен тәжірибе екеуі біріксе халыққа қажет деп ойладым. Өкініштісі партия басшысына ат ұсынып циркте жиналыс болғанда партиядағылар жаңа адамды сайлауға қарсы болды. Олар Энхбаярын артық деп көрді. Сонымен мен Моңғолдың саясаты жаңа адам қабылдап алуға дайын емес екен дегенді түсіндім. Енді мына партияларды қарашы. Жаңа кезең, жаңа саясат шығарып келетін мүмкіндік жоқ жабық болып тұр ғой. Демократиялық партияға қарасты жастар қайда? МХП сын қара тағы да бірдей. Бірақта МХП да ескі Социализм кезінің құрылым бар болғандықтан қабылетті жаңа адам шығып келетін мүмкіндік Демократиялық партияға қарағанда артығырақ. Демократиялық партияда алғашынан ақ 10 адам болған сол 10 адам ғана орнын ауыстыра береді.
Сіздің мақалаларыңызды оқып отырғанда Социализмді қолдайтыныңыз анық көрінеді. Және де Президенттік басқаруды да қолдайды екен деп түсіндім?
Бізге Президенттік басқару сәйкеседі. Бір адамның басымшылығы деп жамандығын ғана еске ала береді. Бір ғана адам бастады деген не ғой дейсің ол адамды айнала үкіметтің құрылымы бар ғой. Үкімет құрылымы алып жүреді. Бастысы шешімді бір адамға зейіндесе тыныш болады. Біздікі кәзір шешім мен жауапкершілік қайда екені белгісіз. Парламенттік басқару да емес. Президенттік басқару да емес жүріп жүрміз. Кім кімнің үстінен қарап отырғаны да белгісіз. Сен ойлап көр. Англия неге Ханшайымды. Ең соңында Ханшайым бұйрық шығарғаннан кейін мемлекеттің Премьер министрін сайлайды. Парламенттен Премьер министрдің атын ұсынатын болса дағы Ханшайым жоқ десе онда жоқ болады. Оны ұмытуға болмайды.
Егер олай емес болса мен кітап жазып қайтем, Лекция да оқымас едім. Тіпті үйден де шықпас едім.
Сіз көп нәрселерді сөгесіз. Ендеше сіздің көңіліңізге не жағады?
Көңіліме жағатын нәрсе десем адамдар лекцияма келіп жатыр. Адамдар кітап алып оқып жатыр. Сондықтан мен кітап жазып жатырмын. Жұмыстауға мүмкіндік туып жатыр. Бұл мен үшін үлкен табыс. Жыл сайын 25 лекция оқып, 4 жылда барлығы 100 лекцияның артына шығыппын. Бұл 100 сериалды лекциядан тыс әрине көптеген жерлерге барып кездесу лекция істедім. Менің лекцияма отырған адамдар қуанып жатыр, рахметін айтып жатыр. «Бостандық-ардақты сөз» кітабымды өте көп адам оқып, ойларын бөлісіп хат жазып жатыр. Оған мен қуанып жүрмін. Егер олай емес болса мен кітап жазып қайтемін. Лекция да оқымас едім. Тіпті үйден де шықпаймын. Көңілді болғандықтан мен үздіксіз жұмыстап жүрмін. Алдыңғы күні мен Ғылым Техника Университетінде «Сүйкімді жүрек» деген көмектік іс шараға барып лекция оқыдым. Қоғамға философ адам қажет дегенді адамдар түсіне бастады. Келесі бейсенбі күні Дәрігерлер Университетіне барып лекция оқимын. Компанияларға оқығанда белгілі бір төлеммен оқимын.
Кейбір адамдар сияқты лекция деген атпен жастық шағымды айтатын адам емеспін.
Ендеше сын деген менің философ тұрғысында жасайтын жұмысым. Әрине сынаумен қатар осы көптеген лекция оқып ағарту жұмысын жасап жүрмін. Бастысы мен ешқандай жалақы алмайтын бола тұра лекция оқып кітап жазып жүрмын. Бұл оңай жұмыс емес. Адамға лекция оқу деген жоқ дегенде бір күн дайындалу қажет. Өзге жұмыстарыңды кейінге қалдырасың. Әйтпегенде лекция тұрып келмейді. Әйтпесе кейбір адам сияқты лекция атпен жастық шағын айтатын адам мен емеспін. Біздердікі лекция деп өзін айта береді. Мен бала кезімде үсітіп жүрдім деген сияқты. Әйеліммен солай таныстым дей ме ау. Шетелде жүріп қайтып күлкіге қалғанын айтып. Америкада жүргенде керемет адаммен кезігіп қолын ұстадым деген сияқты осындай нәреселер айтады. Ендеше халықтың өмірі, шешім, таңдау айту адам жоқ. Өтіріктен өтірік Моңғолды сүйемін дей береді. Кейбірі тіпті Моңғолды сүйемін деп интернетпен түсіндіретін болыпты.
Айтпақшы сіз интернетті қалай қолданасыз?
Мен тек қана білімге арнаймын. Және де мен қол телефон қолданбайтын болғандықтан адамдармен қатынасу, хат жазуға қолданамын.Телефон ұстамаймын. Кезікпекші болған адамыма хат жазып кезіге саламын. Немесе тауып кезіге салам ғой. Ұланбатыр сияқты кішкентай жер үшін телефон түгіл интернеттің де қажеті жоқ. Өзім жетіп барып есігін қаға саламын. Мысалы үшін маған ұшақтың билеті қажет болды десек қаланың ішінде тола Air market бар ғой. Пекин немесе Москва секілді көп миллион адамды қалаларда интернетпен тапсырыс бермесе болмайды. Ол тапсырыс беретін жер қаланың келесі шетінде болады ғой. Бізде Президент, Премьер министрден бастап барлық банктер, барлық жоғарғы оқу орындары, барлық қонақ үйлері Сүхбатыр алаңын қоршап алған ғой./күлді/
Біз бірталай көп сөйлестік. Мүмкін менің сұрамай қалдырған нәрсе болуы мүмкін. Сізде де айтар қалған шығар?
Басқа не айтамын. Сұрақ бітіп біздің әңгіме бітіп жатқан жоқ. Философтанғанға жалпы мәселе уақыт болмақ. Сұрақ әрине бітпейді. Нені де сұрауға болады. Уақыт біздің шегіміз. Барлық нәрсенің бағасы, шек, өлшемі уақыт. Басқа ештеңе емес.