Шыңғыс хан отанына ештеңе жасамаған

Jan 20, 2021


Шыңғыс хан отанына ештеңе жасамаған

Сіз бір лекцияңыздың кезінде Шыңғыс ханның кезінде үкімет деген болмаған, ол түгіл заң деген де болмағаны туралы айттыңыз. Сізді үстіп айтты деп көп адам қарсылығын білдіріп, өзінше сөгіс білдірді?

Сөгіс деп айтуға болмайды. Қарсыласын білдірді деуге болады. Кітаптың адамы, сол туралы ұғымы бар адамдар ғана сөгіс айтуға тиіс. Сізге теория жүзінде сол жерде қате бар, мамандық тұрғыда сол жерде қате шығардың деп айтар еді. Бірақ құр қарсыласып онысы соңында келемеждеу, мамандықты төмен санау, жеке адамның өміріне кірісіп, кебірі тіпті өлтіремін деп жатыр ғой. Фейсбук арқылы адамды өлтірем деу заң бұзған мәселе негізі. Осыған қарағанда ақ заңсыз екені көрініп тұр. Қайдағы Шыңғыстың кезіндегі заң бары. Бүгіндері 21ші ғасырда фейсбукпен «Сені өлтірем» деп айтқанда ештеңе істемей тұр.

-Шыңғыс ханны тұсында Ұлы құрылтайы жиналысын жасап, Ұлы құрылым деген заңды болды ғой. Ендеше сіз соның барлығын жоққа шығардыңыз?

Жоққа шығармай қайтемін. Жоққа шығару үшін ол 30минутқа жалғасқан лекция болған. Ол лекцияның аты «Социализм алғашқы теория». Айланып келгенде социализм дегені алғаш қандай мақсатты болған. 1924ші жылы немесе 100жылға жетпейтін уақыт бұрын социализм жолымен дамиық, ауруханалы болайық, осы заманмен танысайық, мектепті, мәдениетті болайық деген. Біздің алдымызда Қытай деген қатты мәдениетті халық өмір сүріп жатыр, артқы жағымызда дегенде Европаның мәдениетін дамытып тастаған көршіміз бар. Осылайша моңғол адам киіз үйінен шығып күңгейлеп қараса расымен біз қалып қойған екенбіз. «Осылармен бірдей дамиық» деп қазіргі заманның өміріне кіргенбіз. Қазіргі заманның өміріне кіріп еі алдымен үкіметті болдық. Ол үкімет адамды қорғайтын үкімет. Азамат адам бостандықты, қорқып ұялмайды, ешкімнің де зорлығына түспейді, қалаған мамандығымен жұмыстап өмір сүріп туған өлке, әке шешесіне байланбай, ата әжесінің дәстүріне ұсталмай, еркіндікпен сүйген қызына үйленіп өзінің балаларын туғызып отбасымен жақсы өмір сүретін мүмкіндікті моңғолдар 1924 ші жылдан бастап сезінген.Үкіметті болып қорғатып жатқандағысы ғой.Үкімет жоқ кезде мені күші бар біреу келіп сабауға болады,менің бақытсыздығым сол болады. Әке шешесі келіп «Сен үйтіп құтырынба, кіммен үйленетініңді мен білемін» дейтін.

-Байлап матап бере салатын ба еді?

Иә байлап бере салады. Ата, әжесі баяғы әлгі дәстүрлерін айтады. Сен мына әп әдемі малыңды тастап кетпекшісің бе. Мына туған жеріңді тастап кетпекшісің бе. Сенің недеген басың айналған адамсың. «Кімнен,неден арамданып қалған адамсың» деп айтатын. Бірақ 1924 ші жылдан бастап ондай болғанды қойған. «Кешіріңіз,мен құрылысшы боламын», «Мен дәрігер боламын», «Мен жылқышы болғым келмейді», «Мен сауыншы болғым келмейді» , «Мен жазушы әйел болғым келеді.Орыс әйелдер жазушы болады екен ғой», «Қытайдың еркектері шетелге барып мектептерге оқып қайтып келіп мемлекетін дамытады екен. Мен де Орысқа ма, қайда болса да оқу білім біліп қайтып келіп елемізді дамытқым келеді» дейтін болған.Ендеше 1924 ші жылдан бұрын үкімет айту мүмкін емес.

 

-Хан иеміз богда Шыңғыс, конфронтациялы мемлекет, Моңғолдың ұлы үкіметі деп айтады ғой?

Қандайбір халық үкіметті болу үшін алдымен жарлық шығуға тиіс. Негізгі заңды болу қажет. Негізгі заңмен кімді хан болғызамыз, ханды таңдау, ханды нақты ететін таңбалы қағаз болуға тиіс.Үкіметі министрлік пен министрлі болуы қажет. Шыңғыс ханды кім тағайындады, қандай адамдар тағайындады. Нешінші жылдың қандай таңбалы қағазымен тағайындады. Кімнің таңбасын басты. Ол таңба қазір қайда. Біраз адамдар айналып отырып алып «Осы адамды хан болғызайық» деген болса бір сәрі. Окей.Сонымен біраз адамдар хан болғызған екен делік. Оны қандай құрылтай дейміз. Ондай болса құрылтайдың жазбасы қажет. Ол дәлел маған қажет. Солай болғанда ғана мен үкімет айтамын. 2500 жыл бұрын Грек, Индия, Қытайда үкімет алғаш пайда болған. Бұл нағыз шындық. Қытай үкіметті, құрылысты, министрлі, офицерлі, олар тоқтаусыз жұмыстайды. Ол жерлерде тіпті орнығып жұмыстайтын. Ендеше бізде ондай нәрсе жоқ болды. Шыңғыстың кезінде үкімет болмады,ол түгіл қала да болмады. Үкімет не үшін қажет, кімге үкімет қажет. Қалалы жерге қажет. Қырға үкімет қажет жоқ, неге дегенде онда қоғамдық өмір жоқ болғандықтан. Қалада танымайтын адамдар бірігіп бірге қолөнер өндірісін орнатады, дәрігер болады, заңгер, құрылысшы, тізгінші, медсестра, мұғалім болады. Осындай қалашықтың өмірі үлкейіп қала өміріне ауысып бастағанда заң қажет болады.

-Ол адамдарды ыңғайлау үшін қажет пе?

Реттеу қажет болады. Адамды қорғау, адамға еркіндік қажет болғандықтан адамның тілегі, мамандығын қорғау үшін заңды қолданатын болған.

-Ұлы құрылым заңында да реттеулер болған. Осылай жасаса солай төлемақы саламыз, осылайша жазалаймыз,қамшылаймыз деп көрсеткен болған?

Бұлар тек қана шектеулер. Заң деген адамдардың арасындағы өмірлерін реттейді. Сіздің жоғарыдағы айтқандарыңыз тек қана шектеулер. Қорқытқан шектеу. «Үсітісең өлтіремін» деген қорқыту.

-1950, 1960 шы жылдары Шыңғыс деп айтқаннан қорқып, аузынан Шыңғыс, Темүжіндеген сөз шығарғаннан қорқатын болған?

Ондай деген жоқ. Ол кезде өлең жазатын, кітап та жазатын. Онысы ар жағында қандай мақсатты болды дегенде Орыс, Қытай екеуі бізді негізінде «Сендер алға жүріңдер, дамысаңдаршы. Сендер артқа қарай қарасаңдар болды дамымайсыңдар. Шыңғыс сендердің мақтаныштарың болу мүмкін емес. Керісінше сендердің жасап жаратқандарың мақтаныштарың болуға тиіс. Бір адамға табынуға болмайды» дегенді түсіндірмек болған. Бірақ біз Шыңғысқа өтемөте табынып жүрміз. Суретші сурет салса болды Шыңғысты салады, мүсін тұрғызса да Шыңғыстың мүсінін тұрғызады. Арақ ішсе де Шыңғыстың аты,суреті бар арақ ішеді, барлық нәрсе Шыңғыс болып қалған. Бұл деген естен адасу. Бір адамға осығұрша табынуға болмайды. Ол түгіл мен философ адаммын, мен ешқашан Шыңғыс ханға табынбаймын. Мен тіпті құдайға да табынбайтын адаммын.

-Сіз адамдардың табынатын Шыңғысты сөгіп тастадыңыз?

Шыңғыс үш үлкен қателік шығарған. Бірінші үлкен қателігі ол ұлы Ром, Қытайдың Пекин қаласы дамып қойған кезде ол барлығын көріп Моңғол мекеніне жалғыз әдемі қала тұрғызбаған. «Құпия шежіре» де Хархорум деп шықпайды ғой. Ендеше «Құпия шежіре» Хархоруммен еш қатысы жоқ. Екіншіде, бізге Күнз сияқты бір мәдениет, сенімді, бір бағалы істі жаратып берген жоқ.Үшіншіде,өзін қайтыс болғаннан кейін хандық тағының жалғасуына қатаң тәртіп орнатып кеткен жоқ.Үлкен ұлы ғана жалғастырады деген бір қауесет естілген. Ханшайым деген адамдары барлығы жетіп келіп ұлымды хан қыламын деп талпынған. Солайша ханшайымдардың соғысы басталды ғой. Қытайдың ханы олай жасаған жоқ. Кіші ханшайым деген болған жоқ. Жалғыз ханшайымды болды. Басқасы барлығы тоқал. Сондай қатынастағы он шақты әйел ордасында үнемі жүріп жүреді. Хан қалаған уақытында солардың бірін шақыртып әкелетін.

-Олардың ешкімін де ханшайымның деңгейінде көрмеген болғандағысы ма?

Ешқашан.Ендеше Шыңғыс ханда кіші ханшайымдары болды. Олары үлкен ханшайымына тиіспек болып, үлкен ханшайым кіші ханшайымдарымен тіресіп. Осындай болғанын біз дұрыс қабылдауымыз қажет. Осындай ауа райлы жерде орда салу қиын. Киіз үйлі. Кімі кімнің үйінен кіріп шығып қонып жүргенін білу қиын. Ал ендеше Қытайдың хан сарайында жөндеген немесе пішкен еркектерді жұмыстатын болған. Сол ордада жүретін ханның қарауындағы әйелдер бала туса ханның ғана баласын туғызуға тиіс болғандықтан пішкен еркектерді жұмыстататын болған. Ал біздікі ретсіз. Шыңғыстың баласы деп жүрген балалардың ішінде қаншама бөлек адамның баласы жүріп жүрген екен.Жалпы еркектер неге өзінің шешесіне әйелімен бірге барып өмір сүреді. Әйелін бөлек еркекпен жатып қоймасын деп деп аңдытып қоятын болып отыр емес пе/күлді/. Әжелер немере жиендерін бақпақшы болып емес келіндерін аңдудың бір түрі. Келіні ұлынан басқа адамның баласын туғызып тастаса қайтеді. Бұл біздің көшпенді, киіз үйдегі өмірдің сипаты болып отыр емес пе. Өте дамысты екі көршімізден біз үлгі алып өмір сүріп келгенбіз. Одан бір күні қарасақ бұл екеуі өте көп тарихты болып алған ал біз ешқандай тарихсыз қалғанымызды білдік. Осылайша моңғолдар тархты болу үшін баяғы замандағы 800жыл бұрынғы шаңның ішінен бір адам шығарып келгенбіз. Ол кім екні де белгісіз. Қайда туғаны да белгісіз. «Құпия шежіре» деген ертегі бар. Керемет бір аңызды батыр. Шыңғысты нақты адам деу қиын. Түрін де біз білмейміз.

-Бейнесі бар шығар?

Ол суретті кім кім де сыза салады. Адамға табынып қандай халық та дамымайды. Шыңғыстың мүсінін салғанша өз туындыларын мақтан ету керек. Көркем құрылыс салып мақтану керек. Көркем әдемі сурет салып мақтан. Әйтпесе тек Шыңғыстың бетін сызып, оған арнап өлең жазып ақ жатыр. «Интер кітап» магазингінде Шыңғыстың тарихын әңгімелеген қаншама кітап бар тіпті. Шыңғысқа байланысты қаншама роман бар, жүз жүздеп бар. Неге бүгінгі осы 21 ші ғасырда интернет дамып кеткен кезде фейсбук тфиттер туралы роман жазбай жатыр. Неге мына машина, интернет, қазіргі заманның өмңрң туралы жазбайды. Орнына 800 жыл бұрынғы шаңға басылған аңыз айта береді. Біз бір Харри Поттерміз бе. Моңғолдар біз Харри Поттер сияқты өмір сүріп жүрміз ғой. Тек қана бір аңыз.

-Моңғолды жастардың елі дейді. Бірақ жастарымыз неге алға қарамай осылайша кері қарай қарап тоқтап қалды. Бұл қисықтық неге байланысты?

Себебі бар. Біріншіде адамға мақтан тұтарлық шаруашыл адам біздің ішімізде туа берген жоқ. Мысалы үшін, Қытайдың Күнзсімен бірдей. Орыстың Толстой, Достоевскиймен бірдей сондай мақтан тұтарлық адам тумағандықтан біз мақтан тұтайық десек мақтан тұтарлық адам жоқ.

-Біздің ішімізде осы тәуір болуы мүмкін деп біреуді шығарып келіп жатады ғой.

Ол Шыңғыс қана.Басқа кім бар.

-Мекенінен шыққан кейбір адамдарын үкімет пен қоғамның қайраткері, ағартушы деп жатады. Солай айтылатын адамдар бар ғой?

Олар жоғарғы деңгейдегі адамдар емес. Оларға немене немене дейді, көптеген ат беріп айдар тағып шығарып келеді. Бізде кітіпханалы болған тарих жоқ. Біз 1940 шы жылдардан бастап қана жоғарға оқу орынды болдық. Жоғарғы оқу орны алғаш орнағандаорыс, қытай оқытушылар ғана болды. Моңғол мұғалім болмады. Ендеше біз адамзаттың қазіргі өмірімен танысқанымызға  60,70 тей жыл ғана болды. Тарихшы деген адамдар тарихты иемденіп алып өздерінің ертегілерін айтып ақ жатыр ғой. Шын нәрсе жоқ. Мысалы үшін Ұланбатыр қаласын 1600 ші жылдары орнаған дейді. Ұланбатыр қайтіп те 300, 400 жылдық тарихты болу мүмкін емес. Қашан қала пайда болады дегенде қала әкімді, қаланың әкімінің үйлі болады, содан кейін қала пайда болады. Қаланың әкімі «Бүгінне бастап осы қаланы қала деп атайық» деп зарлық шығарып таңба басады. Осылайша ғана Ұланбатыр қаласы орнаған. Ол 1924 ші жыл.Одан бұрын қаланың әкімі болған жоқ,қаланың әкімінің үйі де болған жоқ.Сіздер әлемнің қалаларының тарихымен танысыңыздар. Үнемі жазба шығарып келеді. Бұл қала сондайыншы жылы осылай орнаған деп жазба көрсетеді. Ал біз өз қаламызды қой қаласы сияқты айтып жүрміз ғой. Ұланбатыр, қойдың қаласы екеуін негізі бірдей деп ойлайтын. Жастар киіз үйлерінен ұялатын болып отыр емес пе. Қытай, Орыс, Европаға қарай барғанда ол жақ өте көп тарихты, өте көп іс жасап қойған болады. Оны көріп моңғол жастар көңілкүйден түседі.

Мақтап мақтан тұтатын Шыңғыс ханы отанына ештеңе жасамаған. Ром, Қытай, Орыстың хандары қайткен дегенде соғысқа аттанды,дүние мүлік жинап келіп ел жерін дамытады. Соғыстан түскен олжасымен қаласын дамытады. Ендеше Шыңғыстың батырлары қайда кеткені белгісіз. Сонымен кетіп қалған. Сол жерлерде қалып қалған. Тарап кеткен. Қаңғып кеткен. Бүгін де айырмашылық жоқ, Моңғолдың Президенті, Премьер министрі болған адамдар барлығы қаңғып кеткен,мемелекетінің ақшасын алып кеткен. Мемлекеті мен халқына инвестиция кіргізіп келгені қане. Анау Президенттің инвестиция жасаған ордасы,анау Премьер министрдің салдырған кітапханасы деп айтатын не бар. Олардың салдырған мектептері қайда. Ақшалы болды,одан кейін мемлекетін тастап тайып тұрады. Жалпы өте бір ерте замандағыны іздеудің қажеті шамалы,ондай адамдар бүгін осында жүр.

-Шыңғыс хан енді ғана қайта туады, қайта туатын уақыты таяды. Бізді жоқ дегенде Путин сияқты бір адам шығып келіп басқаруға тиіс деп айтады. Неге осылайша міндетті түрде біреуді күтіп жүр екен?

Путин сияқты шығып келу үшін қандай адам болу қажет дегенде әрине Артқы Моңғолияда туған болуы маңызды. Екіншіде нәрсе көрген көзі ашық болуы қажет. Ақылды адам болуы қажет. Дін ұстанбайтын адам блу қажет. Қараңғы сенімге сенбейтін адам болу қажет. Тарихтан алыс, тарих айтпайтын адам болу қажет. Бұл халықты мен қалай тамақты қылуым қажет, ертең қалай тамақты қылам деп күні түні ойлап жүретін сондай адам қажет. Шыңғыс бізге тамақ бере ме. Шыңғыстың тарихы бізге құрылыс салып бере ме. Шыңғысты тек кітаптарына ғана жазсын. Біз күшті адам дегенде бір адам қорқытатын, қыспаққа алатын,беттен ұратын зорлықшылды қараймыз. Күшті адам деп ақылды адамды айтады. Әйтпесе бұлшық етті, күші бар адамды айтпайды. Басы күшті, төзімді, адамды сүйетін құныққыштығы жоқ адам қажет. Ақшаға қызығушылығы жоқ адам қажет. Біздің ішімізден ғана сондай адам шығып келуі  келуі қажет. Сол адамды қабылдап шығарып келу қажет. Орыс елінің мемлекеті жалпы дамысты болғандықтан Путин сол дамыспен дамып кеткен адам болып отыр ғой. Заңгер маманды, тыңшылық ұйымында жұмыстап жүрген, бос уақытында жудомен шұғылданатын сондай адам. Бірақ ол адам жоғарғы мектеп бітірген адам ғой. Біздің мына балуандар сияқты емес. Басы жұмыстайтын балуан.

Біз тарихымызды өзіміз жасайтын уақыт болды. Бізде орнатқан тарих жоқ. Жарайды, атқа мініп алға шапқан екенбіз, қытайларды жайында өмір сүріп жатқанда барып үркітіп жібегін ұрлап тонаған екен. Шай, сіріңке,шамын тартып алып келген екен .Содан кейін «Мына бір болмайтын адамдарды кіргізбейміз» деп қоршау тұрғызған. Онысын біз қабырға деп жүрміз ғой. Негізінде ол бір үлкен қоршау ғой. Онысын біз қабырға деудің де қажеті жоқ. Бүгін де біз жібегін тасудамыз. Енді наадам болады. Біз қытай жібекпен ғана шапанымызды тігеміз. Қытайдың жібегінсіз наадамды жасау еш мүмкін емес. Барлығымыз қытайдың жібегімен жайнайтын бола тұра сол жібекті жасаған адамдарды неге хужалар деп атаймыз. Мені де сүйтіп айтып жүр. «Мына бір жаман хужа» деп. Мен лекциямда «Біз Қытай мен Орыстың көмегімен ғана осы күйде жүрміз. Егер бұл екеуі көмектеспеген болса біз бүгін жоқ едік дегенмін. Сүйтіп ем мені Қытайдың тыңшысы,жаман хужа деп жатыр. Мені үйтіп келемеждеп жүрген жастардың анасы хужаның жібек торғынымен шапан істеп киіп наадамда әдеміленіп жүретінін білмей жүр ғой. Мақтан тұтатын тарихсыз бола тұра Қытай, Орыс екеуіне еліктеп тарихымен мақтан тұтпақшы болады. Бізде мақтан етерлік тарих жоқ, біз жоғарғы мектеп салған жоқпыз. Ұланбатырдың құрылыстарын қытайлар, орыс әскерлер салған ғой. Енді міне әйнек құрылыстарды да кім салып жатыр.

-Қытайлар?

Әрине солай ғой. Ендеше қайтпекші. Міне біздің отырған ресторанды безендірген орындық, стол, көшкі, ішкі безендірудің заттарын қайдан әкелді. Ерен қаласынан әкелді. Ресторанды безендіремін деп ақшасын жинап алып бизнес істеймін деп Завхан аймағына барады деп ойлап отырсың ба. Өйтпейді ғой. Еренге барады. Ендеше осының барлығын қабылдап алсаңдаршы. Неге нақты жағдайды көре алмайды. Соқыр боп қалған ба.

- Сізді Шыңғыс ханды сөккеніңіз үшін хужа деп атады дедіңіз. Жалпы сіз қай аймақтың тумасысыз. Әке шешеңіздің мекені?

Төв аймағының Жарғылынты деген жерінікімін. Мен сонда туғам. Сол жерде он жылдық мектепті бітіргем. Мен жалпы қырдың адамымын ғой. Бірақ та менің шешем Үланбатырға келіп мені шақырып алған /күлді/.

Molorerdene

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2025