Далай ламадан сана тұрғысында тәуелсіз болу үшін үкіметтен 5 түрлі шара қолдану қажет
Jan 20, 2021
Далай ламадан сана тұрғысында тәуелсіз болу үшін үкіметтен 5 түрлі шара қолдану қажет
Философ С.Молор Эрдэнэ Далай ламаны моңғолға келгеннен бұрын кездесетін қиындық, шығатын жағымсыз нәтижелер жайлы ақпарат құралдарымен ұдайы ескертіп, жазып, айтып жүргенін оқырман Сіздің есіңізде болар.
Далай ламаның бізге жасаған саяхатына байланысты Қытай мемлекетінің үкіметі жағынан ресми қарсыластық көрсетіп соған байланысты С.Молор Эрдэнэ жолдас, «Моңғол жағынан жөнді жоғарғы деңгейде жауаптама жасап, мемлекетте шығатын жағымсыз нәтижелерді жою керек» деп ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында ерекшелеген еді.
Оның «Далай лама Моңғолдың тәуелсіздігінің дұшпаны» деген мазмұнды сериалдық сұхбаттары жақында ғана қоғамда шу көтеріп, сошиал ортаға даудың негізгі тақырыбы болғанын ұмытқан жоқ шығарсыз.
Ендеше біз осы жолы оқырмандардың тілегі бойынша «Эксперт сөйлеп жатыр» сұхбатымыздың бұрышына оны қайта шақырып заманауи мәселелермен сөйлестік.
-Кеше Сыртқы істер министрі Ц.Мөнх-Оргил Қытай жағынан ресми кешірім сұрады. Оның жауабын Сіз қалай көріп отырсыз, жеткілікті жауап бере алды ма?
Далай лама келгенде Моңғолдың үкіметі қарсы алып кезігіп жатыр дегені дін және үкімет екеуі де шақырды деген сөз. Неге екеуі де шақырды дегенде бүгінге дейін Моңғол мемлекетінің Үкіметі дініне тәуелді, діндік үкімет дегені белгілі болды. Үкіметтің барлық іс шаралары дінге байланысты, діннің барлық іс шаралары үкіметке байланысты деп түсінетіндіктен жаңа Қытайға дұрыс түсініктеме жасап шыдамады деген сөз.
Дұрысында Моңғолдың үкіметі Қытай жағына Үкіметтік жоғарғы деңгейде жауап беруге тиіс болатын. Ендеше кешегі мына ана жауабы жауап емес. Үкіметтік жауап емес, соның ішінде саяси ресми жауап емес. Бұл тек қана жеке адамның кешіріңіз, жарайды жайша ғой деген ғана жауап болды.
Тибет, Қытайдың бір бөлігі деген түсінікті жағдай. Далай ламаны қайтадан ел жерімізге кіргізуге болмайды деп мен жазғанмын. Ол орындалған екен. Бұл уәде. Негізінде Ц.Мөнх-Оргил министрдің кешірім сұраған мәселесі ол жауап емес, жай ғана уәде болды. Жауап бере алған жоқ.
Уәдесін орындау орындамауы да анық емес. Арықарай Далай ламаны дін жағымен де енгізбейміз дегенді анық болғызуға тиіс болатын. Бұл өте маңызды. Үкіметтің жоғарғы деңгейдегі жауаптары өте анық болуға тиіс. Достар арасындағы құр әңгіме сияқты болуға тиіс емес.
Далай лама кіріп келіп бізге осындай зиян шеккізгеннен кейін жағымсыз нәтижелерді жою, кім кімге жауапкершілік арту, арықарай қайта қайталанбас үшін үкімет қандай шара қолдану қажет деген сияқты ап анық болуға тиіс. Шақырған, енгізген, қабылдап алған барлық иелері, ресми жұмыстағыларға шара қолдану қажет.
-Біз неге мемлекетімізбен Далай ламаның ойыншығы болып қалдық. Қытайдан кешірім сұрап ат атағын жойып оның үстіне экономикалық үлкен зиян шеккенднй болдық. Оның нақты себебі неде?
Біз тарихта кез кездерде Тибеттің сарылар дінінен болып зиян шегіп келгенбіз. Алдыға қарай дами алмай, бостандық жоқ, тәуелсіз мемлекет бола алмай, көптеген жүз жылдар Богда деген Тибет адамға сүйеніп тибетке тәуелді болып өмір сүріп келгенбіз. Моңғолдың үкіметі, дін екеуін екеуін де шеттің адамы уысына ұстап келген. Сүйте тұра осы нақты жағдайды бұра түсіндіріп, моңғол ламаларды аяқ қолы етіп қазіргі заманның Моңғол елі алдыға қарай дамуға бөгет болғанын ешқашан айтпайды.
-1939 шы жылғы нақақтан өлтіру сонда қандай жағдай болмақ?
1939 шы жылғы нақақтан өлтіру Моңғолдардың нақақтан пәле жабуы болғаны болмаса ламаларды нақақтан өлтіру емес. Мемлекет дамымақшы болғанда тибеттің сарылар діні Моңғолдарды арасынан төбелестіріп сабаластырған. Біздің дамысымызды жүз жүз жылдап кері тарту үшін талпынған осындай ғана әрекеттер болған.
Далай ламаға осығұрша түсіп берудің тағы бір себебі үкімет сол қалпымен қараңғы сенімге желінгеніне байланысты деп түсінуге болады. Ресми жұмыстағылар барлығы қараңғы сенімге сенеді. Және де компаниялардың басшылары ақшалы байлар, феодалдар барлығы да қараңғы сенімді болып отыр емес пе.
-Осындай жағдайда біз не істеуіміз қажет?
Қараңғы сенімді арықарай үкімет деңгейінде осылай ұстанбау шараларын жүргізуге тиіс.
-Қандай шаралыр болуға болады?
Үкімет тұрғысынан қолданатын шаралар десек ең алдымен үкіметтің бүкіл ресми ұйымдары, білімнің барлық ұйымдары, жоғарғы мектептер, кітапханалардан Далай ламаның суреттерін алып тастау. Оны Негізгі Заң кеңесі жасау қажет. Себебі үкімет дінге тәуелді болмауға тиіс деген Негізгі заңның маңызды тарабын ерекше бұзғандықтан Негізгі заңды ұстану жұмысын жауаптанған ұйымы істеуге тиіс. Дін ұстану ұстанбауы адамның жеке мәселесі болуға тиіс бола тұра бүгінде үкіметі дінге байланысты болып қалған. Үйінде адам қандай дін ұстанса да өз еркі. Ендеше үкімет деген нәрсе діннен тәуелсіз болуға тиіс.
Екіншіде, Моңғол мемлекетінде шіркеу деген атпен тибет тілінде оқып жатқан барлық кітап дұғаларды Моңғол тіліне аударуға тиіс. Библи де аударылып Моңғол тілінде болды. Бұл жұмысты Білім министрлігі жауаптанып істегені дұрыс.
Үшіншіде, қадақ атты тибеттің көк орамалын қыр ойдың тау сулары сияқты нысандарынан алып, табиғатты тазалап алу жағдайы. Бұл жұмысты Табиғат қорғау министрлігі істеуі қажет.
Төртіншіде, Шаған мерекесін қайтадан халықтың мерекесі қылу керек. Бүгіндері Шаған мерекесі ламалардың мерекесі болған. Үкіметті басқарып отырған адамдар ресми жұмыстағылар таңертең жарыса ламаға барып сәлемдеседі, ламалар күні бойы теледидардан тибет тілінде дұға оқиды. Келешекте Шаған мерекесінде ламалар Гандан шіркеуін жауып өздері жайшылықта киетін киімдерін киіп үйді үйіне қайтып тойлататын ету керек, Шағанда ламалар қандайбір іс шаралар жүргізуіне тиым салу керек. Себебі Шаған мерекесі халықтың мерекесі. Шағанда Ганданға барып ламамен сәлемдесу емес Шыңғыс алаңында қарттар немесе үкіметті басқаратын Президентімен немесе Премьер министрімен сәлемдесу керек.
Бесіншіде, даншиг атты Богдадан шыққан, ламалардың тойына тиым салу керек. Бұл да сол Тибеттен шыққан барлық нәрсесі тибеттенген осындай іс шара. Тибеттен тәуелсіз болайық десек той мерекелерімізді осы сияқты Моңғолдандыруды ерекше талап етеді.
-Сіздіңше үкімет деңгейінде осындай іс шараларды қолданғаны дұрыс екен. Ендеше жеке адамдар не істеуі қажет?
Жеке адамдар ең алдымен үкіметтің қатесін түсінуі қажет. Егер де ламадан тибет есім алған болса есімін ауыстырып Моңғол болғызу қажет. Оған үкіметтен шұғыл көмек көрсетіп Иммиграция сияқты ұйымдар төтенше даяшылық жасау қажет. Мемлекет бойынша Моңғол есімді болу қозғалысын жасау қажет.
Аналар жастар мен балаларды қандайбір жағдаймен қыспаққа алып ламаға апаруына тиым салу. Осылай жасаған жағдайда тиісті шара қолданатын болу. Ламаға кітап оқытқызу даяшылығын заңмен шектеп тиым салу қажет.
Ламалар тек қана шіркеулерінде ғана даяшылық жасайды, ауыл үйлерге жүруге болмайды деген заң шығару қажет. Шіркеулердің сыртында жайшылықтағы киетін киімдерімен жүру. Ламалар аурухананың даяшылығын жасауға тиым салу деген сияқты. Осы жұмыстарды заң, сақшы, күш ұйымдары жауаптанып істеу қажет. Осылай жасағанда ғана тибетке тәуелсіз болып Моңғол боламыз. Барлық нәрсемізді Моңғол болғызайық.
-Қоғамды депрессияға ұшыратып жатқан өте көп мәселелер тұрғанда сіз неге осылай Далай лама, қараңғы сенім деп ерекшелеп күресе бересіз? Түтін, парақорлық, кедейшілік, экономиканың құлдырауы деген сияқты дәл тамағымызға тірелген мәселелер жетіп жатыр ғой?
Қандайбір мемелекет даму үшін ілім білім, ғылым технология маңызды міндет атқарады. Ендеше бізде мұның барлығының орнына қараңғы сенім барлығын иеленіп қоғамның дамысы мен өркенін сол қалпымен буындырып отыр. Мысалы үшін, жаңағы сұраған түтіннің мәселесін шешетін Ғылым Технология Университеті, Ғылым Академиясы қараңғы сенімнің иесі болып қалған. Түтінге қарсы ғылыми шешім шығаратын қоғамдық міндетін ұмытып Далай ламаға табынып отыр. Кіріп көрсең Далай ламаның портреті толып тұр.
Парақорлық та сол қараңғы сенімнен пайда болған. Бір ламаның үйінің сыртына үлкен джип машинасын тоқтатып кіріп барып парадан тапқан ақшасынан ламаға біршама беріп кітап оқытып енді ұсталмаймын, ар жағы мығым болды деп ойлайтын адамдар жетіп жатыр.
Тіпті көп пара алғандары Дарамсалаға барып сиынып, Далай ламаның үйіне барып неше мыңдап доллар төлеп күнәсін жуу төтенше даяшылық алып жатады. Әсіресе біздің экс президентіміз, премьер министріміз көбірек баратын көрінеді. Недеген көп пара алып, ішіп жеп жүргенін содан кейін ламаға кітап оқытқызып амалдай саламыз деген қараңғы сенімді.
Кедейлік те сол қараңғы сенімнің мәселесі. Жаман тағдыр, тағдыр, жақсы сөз жарым ырыс, жаман ырым бастау, болады деп жүре берсең болады, ламаға тапсыра саламыз деген сияқты аңқау, қараңғы сенім әбден тарады. Үкімет тұрғанда бәрі болады ғой дей ме ау. Бірақ үкімет халыққа көмектескекенді қойып өзі сол қалпымен қараңғы сенімге беріліп отыр. Оның бір анық мысалын Ц.Мөнх-Оргил жақында көрсетті. Сыртқы істер министрлігі Далай лама деп табынып жүгіріп жүрген. Ц.Мөнх-Оргилдің тіпті мұғалімі дейді ғой. Негізінде әлемнің үлкен үкімет теорияшылары мұғалімі болуға тиіс бола тұра оның мұғалімі Далай лама болып отыр ғой.
Экономиканың құлдырауы да қараңғы сенімге байланысты. Адам адамға көмектесіп, сүйіп, бір біріне сүйеніп жүреді деген адамзаттық моралы жоғалып, қараңғы сенім моралдан жоғары шығып отырып алған. Шаршап шалдыққан адамға көмектесіп рухын жоғалтады алыс жүру керек деген қараңғы сенім. Өзінің ісі оңға басып тұрса шаршаған біреуді соған сол керек тағдыры солай жаман адамдар деген көзқарасты болып кетіпті. Бір біріне көмектесетін сезім жоқ болып қалғандықтан бір біріне сенетін сенім де жоқ болған. Бірігіп туынды жасау да еш мүмкін емес. Барлығы бас басын ойлайтын болған. Қараңғы сенім адамды адамгершіліксіз, жабайы жыртқыш сияқты етеді.
-Сіз 5-6 жыл бұрын жазған «Моңғолдардың қара сандық саясаты» кітабыңызда Моңғолдардың геополитикалық негізгі мәселелері, соның ішінде көршілерімен және батыстықтармен қалай қатынасу туралы өте жақсы анализ жасап қорытынды, бағыттарды шығарған болатынсыз. Көп жылдардан бері жазып, ескертіп жатсаңыз да бүгіндері Моңғолдар осындай аңқау қадам жасап ат атағын жойып, экономика тұрғысында да үлкен зиян шегіп отыр ғой?
Бұл кітапты негізінде интеллигент адамдар оқу қажет. Бірақ бізде интеллигент адамдар жоқ болған екен. Осындай тақырыпта жоғарғы деңгейде түсініп әңгімелесетін адамдар шығып келмей тұр ғой. Үкіметтегілер олар өздерінің нағыз бет пердесі көрініп қалады деп қорқады. Ақпарат құралдары жалпы үкіметтегілердің қолында болғандықтан Моңғолда ақыл ой адамдары шығып келуі өте қиын. Тіпті мүмкін емес десек те болады. Негізінде мемлекеттің жанды жерін философтары алып жүреді .Платон, Аристотель Күнз деп жан жақтарыңа қараңдаршы. Моңғол адам ендеше неге философтануға болмайды. Міндетті түрде шетел адамын ғана пір тұтып Моңғол адамға сенбейміз десе біз ешқашан шетелдің саясатынан асып көшіп, өз құқығымызды қорғай алмаймыз.
Мен кітабымда қоғам, мемлекет, әлемнің көзқарасын зерттеп қорытындылап біз екі көршімізбен тату болып, бірікпесек ілгері жүрмейміз дегенді анықтап айтқам. Қытай бүгінгі күні әлемдегі үлкен ойыншы. Орыс та бірдей. Осындай екі көршімізбен жоғарғы деңгейде қатынаспасақ қиын болады. Далай лама капиталистердің тапсырмасымен келіп бізді Қытаймен ренжістіріп шыдады. Келесі қауіп бізді Орыспен жамандастыру. Моңғолдың тәуелсіздігі, дамысына қарсы қастандықтары бізді ең алдымен Орыс пен Қытаймен жамандастыруға бағытталады. Сондықтан сақ болып өзара тату тәтті өте саналы болу қажет.
Соңында айтарым Қытайға берген уәде ол саяси жауап емес. Сондықтан саяси деңгейде жауап беру үшін Сыртқы істер министріне шара қолданып жұмысынан алып тастау қажет. Сүйткенде ғана дипломаттық дәстүр болар еді.
Әңгімелескен журналист Р.Улам-Оргих
Таратушы: Zuv.mn, 2016 жылы 12 ші ай