“Моңғолда БАЛУАН, САЯСАТКЕР, БАНК БАСТЫҒЫ деген үш қана “МАМАНДЫҚ“ бар“

Jan 20, 2021


 "Моңғолда БАЛУАН, САЯСАТКЕР, БАНК БАСТЫҒЫ деген үш қана "МАМАНДЫҚ" бар"

"Бостандық, ардақты сөз" кітабын шығарғалы көп уақыт болмаған Философ, доктор С.Молор-Эрдэнэді VISITOR бұрышымызға шақырып әңгімелестік. Кезігуге келіскен жерімізге келіп оны онша ұзақ күтпедік.

Сұхбат басталардан бұрын С.Молор-Эрдэнэ доктордан «Экономикалық құлдырау болып жатқанда сіздің кітабыңыздың сатылымы қалай болып жатыр» деп сұрағанда ол «Төмендемегені жақсы. Ақшасызбын деп кітап оқымаймын деген ұғым болуға болмайды. Бай адам кітап көп оқиды деуге болмайды. Керісінше  қарапайым адамдар білім үйреніп, білімді болуды қатты тілейді» дейді ғой.

Осылайша «Бостандықтың теориясы» деп нақтылаған оның жаңа кітабы мен Моңғолдардың өмірінің стилі, философия жайлы сұхбатымызды сізге жеткізейік.

-Ең соңында «Бостандық, Ардақты сөз» деген кітабыңызды шығарыпсыз. Бостандық қалайша Ардақты сөз болуы жайлы әңгімемізді бастайық?

Сүйтейік. Еркіндік дегеніміз барлық адамның айта беретін нәрсесі емес. Біздің негізігі заңдағы бұл сөз нені айтып тұр. Бостандық дегеніміз 2500 жылғы тарихты философияның үлкен ұғымы. Неше мың жылдан бері философтар адамдарды бостандықта болуға шақырып келген.

Сол кезде бостандықтың екі үлкен мәселесін философтар қозғаған. Бұл біріншіде, хан төрелерден, байлардан бостандықта болу, екіншіден шіркеулердің үгіттерінен бостандықта болып, өзі даму туралы мәселе. Францияның ағарту өзгерісі осыдан басталған.

Және де тілеу, өзін өзі алып жүру деген сияқты өте көп бостандықтар бар.

Бірден бостандық өзі жеке адамның шешімі болғандықтан жауапкершілікпен үнемі байланысты болады. Шығарған шешімінің міндет жауапкершілігін өзі жүктейді. Моңғолдар бостандықты қалай болса солай, тұрпайы болу, шабыты келу, мақтану деген сияқтылармен түсінетіні адасу.

Қыр ойда атпен шауып бара жатқан адам бостандықта деген сөз емес қой. Бостандық дегеніміз саналы әрекет.

Мен бұл кітабымды адамның ақыл ойының бостандығына артығырақ бағыттап жазғандықтан қоғамға қалай бірге бостандықпен жұмыстап, өмір сүру туралы әңгімелегенмін.

-Біз 1990 жылдан кейін бостандығымызды тауып алғанбыз деп айтады. Сіз қосыласыз ба?

Біз 1990 шы жылы бостандықты тауып алған жоқпыз, керісінше қалай болса солай бет бетімізге кеткенбіз, шабытымыз келген, мақтанғанбыз, жабайыланғанбыз, тұрпайыланғанбыз. Бізге қандай бостандық сол кезде берілді дегенде бұл өмір деген өте қиын екен, біздің білетін нәрселеріміз ештеңе емес болған екен дегенді білгеніміз сол бостандық болатын. Қысқаша айтқанда жамандығымызды біліп алдық.

Моңғолдар демократиядан кейін 20 шақты жылдан кейін қарызға батып қалып отыр. Әлгі керемет жақсы өмір қайда.

-Жамандығымызды біліп алатын бостандығымызды тауып алғанымыз арқылы жақсы жағымызды пайда болдырып шыдап жатырмыз ба біз?

Жамандығымызды біліп алып негізінде онымызды жөндеп, жақсартуға тиіспіз. Бірақ біз жамандығымызды мақтап кеттік. Жамандығымызды біліп алып дамиық десек өте күрделі болып отыр.

Орыс пен Солтүстік Европа елдерінің бізге салып берген мектеп, өндірістері. Ұланбатыр қаласы өте жоғарғы бағамен, жоғарғы біліммен тұрып келген, біз өзіміз салып жасап шыдамайды екенбіз дегенді біліп алып қараңғы сенім, дін, шіркеулерге кетіп қалғанбыз. Онымызбен өзімізді дұрысқа шығарып жүріп жүрміз. Адамзаттың ұлы білімінен жалыққан болып отырмыз ғой біз.

Негізінде жігер күш кіріп қиындық өмір мен, қиын ғылым білімге қарсы адымдау керек.

"БІЗ АҚЫЛ ОЙ ДЕҢГЕЙІНДЕ ДАМУЫМЫЗ ҚАЖЕТ. КІТАП ОҚЫМАСА МИ, АҚЫЛ ДАМЫМАЙДЫ"

-Ендеше қиын білім ғылымға қарсы адымдау, бостандықта болу үшін бізге нелер бөгет болып жүр?

25 жылда біздің тұрғызған бостандықтың бөгеттері бар. Көбі бірігіп бірінің дамығанына бөгет болады. Қоғамда ерекше, көзге түсерлік, таңғажайып болуды қабыл көрмейді. Аналар қараңғы сенім айтады. Болашағын жөндетеді, ар жағынан жазылған тағдыр, тағдырдан берілген жұбайы деген сияқты. Бұл өмірде тағдырдан беретін жұбай деген жоқ қой.

Ол түгіл әкелер ұлдарын қымс етсе балуан, саясаткер немесе банкның бастығы қыламыз дейді. Негізінде моңғолда осындай ғана үш мамандық бар. Бұл үшеуінің ар жағында ақша болады. Онша көп ғылым білім, талант талап етпейді.

Мен қараңғы сенімнен болып кешке тырнағымды алып, шашымды да ала алмай отырмын. Аптаның жұмыс күні басталып кеткенде жаман күн деп Сейсенбі күні жұмыс жүргізбей жатыр. Болмайды ғой. Демалыс күні жексенбі күні ғой.

Жаңа заман келіп қойғанда не үшін біз қараңғы сенімге байланып отырмыз. Неге оғаш адамдардың сөзіне осылайша сене береміз.

Қараңғы сенім, Будда дінінің несіне байланамыз. Лама білімсіз ғой. Олдардан біз не сұрап, қандай кеңес аламыз.

Біз өте дәрменсізбіз. Сырттай қарағанда жап жақсы жаңа заманның киімін киіп, кореялық косметика керектенгенбіз. Қол телефондары таңғажайып Iphone, мініп жүрген машиналары, өмір сүріп жатқан үйлері керемет. Бірақ милары құп құр. Осындай оғаш өмірмен біз өмір сүріп жүрміз.

-Ендеше біз артта қалуымыздан қалай шығып, жаңа заманмен қалай біріге аламыз.

Ақыл ой деңгейінде дамуымыз қажет. Кітап оқымаса ми, ақыл дамымайды. Манты, ет жеп, шаған мерекесі, наадам тойлатып, балуан күресіп ақыл ой дамымайды. Кітап оқығаннан кейін әңгімелесу, түсінісу қажет. Осының барлығынан біз жалығып жатқанымыз маған өкінішті сезіледі.

Біз өміріміздің оғаш, үйлесімсіз, алдыға қарай дамитын, жаңа заманның өмірімен өмір сүруге бөгет болған стилдерімізден бас тартуымыз қажет. Осы өмірдің стилі ғана бізді ұстап, басып сақтандырып отыр.

-Еркіндікке жауапершілік ере жүреді деп сіз жазған екенсіз. Жауапкершілік арқалап шыдамайтын адам еркіндікте болу мүмкін емес деген сөз. Моңғолдардың бостандығын теріске айналдырып жүргендері жауапкершілікке байланысты ма?

Бостандыққа жауапкершілік ереді. Жауапкершіліктен қорыққан адамдар бостандықтан қашады. Моңғол адам бүгіндері неге бостандықсыз дегенде өзі шешім шығарып, қате шығарудан қорқады.

Мен студент, жастарға үнемі айтамын. Сендер қателесіңдер, терістік іздеңдер. Осылай жасамасаңдар сендер ешқашан өмірлік тәжірибелі бола алмайсыңдар. Өмір тәжірибесі деп қателескен, қателеспеген, теріс немесе дұрыс іс жасаған адамды айтады. Сынақтан құламаймын деп ламаға кітап оқытқанша сынақтан құласаңдаршы. Жүректілікпен кіріп көріп құласаң құлап, жеңсең жеңіп шығып келуің керемет қой.

Моңғол адам негізінде қорқақ болғандықтан ешқандай бостандықсыз деген сөз. Адам жүректі болса ешқашан ламаға бармайды.

-Сіз осылай айтқанда адамдар жалғасқан дәстүр, ана мына демей ме?

Андағы ғана біздің бостандықты байлап қойған үлкен бөгет. Жалғасқан дәстүр ана мынаны сылтау етіп адамның бостандығын жауып отырғандағысы ғой. Қандай бостандық дегенде жаңа өмірмен өмір сүру бостандығы. Мыну 21 ші ғасыр. Жүз жыл бұрынғы дәстүр деген қалып қалған, кешіріңдер.

Сауаттары ашылып, мектеп мәдениет пайда болып қойғаннан кейін дәстүр айтып жүр. Мына жоғарғы оқу орындары деген дәстүр, шіркеулерден адамды ажырату үшін орнаған жерлер ғой. Моңғолдың Ұлттық Университеті де солай болған.

Адам аяғын сындырып алғанда жанында лама дұға оқудың еш қажеті жоқ екен деп медициналық университет орнаған. Тіс қақсап ауырып жатқанда ешқандай ламаның дұғасы қажет емес, дәрігерге бару қажет. Ана дәстүр мәстүрді енді ұмытыңдар.

-Сіз кітабыңызда Моңғолдардың ең көп ырымдайтын өлімі туралы жазған болатынсыз. Бірақ бөлектеу жағынан?

Моңғолдардың барлығы өледі. Гректер де өледі. Американдықтар да өледі. Германдар да өледі. Индиялықтар да өледі. Индияның үлкен ламасы құдайдың дұғасын оқып отырып өлмей қалып қалады деген жоқ. Далай лама да кешікпей өледі ғой.

Өлім деген өмірдің бір бөлігі. Одан қорқудың қажеті жоқ. Өлім деген адамның кездесуге тиісті ерекше бір оқиға. Жас адам кәрі адамнан кейін өледі деген ұғым да жоқ. Сондықтан жас адамдар мен сізден кейін өлемін деп жүре беруге болмайды. Ал кәрі адамдар мен сенің алдыңда өлемін деп жастарға ашулана беруге болмайды.

Сондықтан өлім деген жеке адам мәселесі. Оны айтудың қажеті жоқ. Бірақ бетпе бет кездесіп шыдау  қажет.

Енді бір жағында Моңғолдар өлген адамды құрметтемей жынданады. Туыс туған, Әйел, күйеуіне «Сендерден болды», «Сендер жалмадыңдар», «Сендерден болып осындай ауруға душар болды» деген сияқты сөз тастайды.

Сонымен алтын сандық аштырамыз деген сияқты. Дәл сол сияқты керексіз нәрсе жоқ. Қайран ақша. Жалпы біз ламаларға тегін ақша көп беріп жүрміз. Мен өлгенде ешқандай алтын сандықтың қажеті жоқ. Біріншіде, мен Будда дінін ұстанбаймын, екіншіден менде қайта туатын тілек жоқ. Бір өмір сүрдім, жеткілікті.

Адам өлім дегенді қабылдауы маңызды.

-Интеллигенттер моңғолда бар ма. Олар міндетін атқарып жатыр ма?

Бірен саран болуы мүмкін. Бірақ қорқақ, шығып келмейді, туынды жасамйды, жазбайды, осы қоғамның теріс дұрысын айтып бермейді. Егер моңғолда интеллигент бар десе өз жайында еңбектеп жүрген адамдар. Негізінде шығып келіп халқын ағартуға тиіс қой.

-Сіз Германияда білім алдыңыз. Германияда философтар көп бола ма. Олар міндетін қалай атқарады?

Философия деген мамандық. Германияда 70-80 жоғарғы оқу орыны бар. Барлық жоғарғы оқу орындарында философия кабинеті бар. Ендеше сан мыңдаған философия мамандығының адамдары бар. Қоғамның терістігін жөндейдтін, айтатын, сөгіс айтатын мамандық қабат пайда болды деген сөз. Ендеше сол қоғам терістігін біліп, тез тез жөндеп отыратын болып отыр емес пе. Моңғолда әлі жаңа қалпы.

-Моңғолда философия үйреніп, философия үйретіп жатқан адамдар не істеп жатыр?

Олар адасқан адамдар. Қолданып жатқан кітаптары теріс. Үйретіп жатқан мұғалімі шетелде докторлық дәреже қорғамаған. Іште айналсоқтап қалған, философия туралы теріс ұғымда. Ағылшын, Герман тілдерін білмейді дегенде философияның мамандық кітаптарын оқымаған деген сөз ғой.

Ондай адамдар философия деп сабақ үйретіп жүр. Моңғолдың Ұлттық Университетінің Философия кабинеті ең үлкен былыққан жер.

-Сіз Моңғолдарға қатты сын көзбен қарайды екенсіз.

Философ адам қоғамды сөгеді. Мен мақтайтын, бөстіретін поезияшы емеспін ғой. Мен тура көзбен қараймын, қатты айтамын. Қоғамда осындай философтар барлық кезеңдерде болған, болады да. Жұмақта ғана философ жоқ шығар. Жұмақта барлығы бақытты /күлді/.

 

Б.БЯМБАСҮРЭН, IKON.MN

2016 жылы 10 шы айдың 10ы күні

Molorerdene

 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2025