100 ардақтылар олар жаңа заманның феодалдары
Jan 20, 2021
100 ардақтылар олар жаңа заманның феодалдары
Қайдағы дәстүр. Дәстүр деген артта қалып қалған.
Философ С.Молор-Эрдэнэнің «Тең құқық, Тегіс мүмкіндік» атты оның 20шы кітабының таныстыруы мен лекциясы бүгін болмақ. Осылайша онымен жаңа кітабы жайлы әңгімелестік.
-Моңғол тең құқықсыз ел. Тең құқықты болғанда ғана өзге нәрселері толықталады деген мағына, мазмұнды кітап шығарған екенсіз. Менің түсінігім дұрыс па?
Бұл қоғамда ешқандай тең құқық жоқ. Осыдан шыққанда ақ тең құқық жойылады. Жолдан шыға алмаймыз, машиналы адамдар бізді зорлайды. Қоғамның қай қай жерінде де зорлық бар. Үкіметтік ресми ұйым, министрлік, Парламент мүшесінің бөлмесі, толықтай аяғына жығады. Барлығы төрелер, басшылар болып кеткен. Менің кітабым ең соңында феодализммен бітіп жатыр. Жаңа заманның феодалдары олар 100 ардақтылар деп те жазғанмын. Бір сөзбен айтқанда біздікі феодал қоғамы болып кетті. Қайтадан баяғыдағы төре, ақшалысы басынады. Негізінде социализммен ғана біз тең құқықты болғанбыз. Малшы адам мұғалім, дәрігер, инженер болды. Социализмнен бұрын малшы, төре, лама деген ғана болды ғой. Ламалар тибеттердің құлы, төрелері манжлердің құлы, сонымен байғұс малшы халық қана болды. Малшы халықты төре, лама екеуі уысында ұстайтын, малын алып қана отыратын. Содан лама, төре екеуі байи береді. «Мөлдір бұлақ», «Кіна мен жақсылық» деген киноларды шығады ғой. Итгэлт деген осы қоғамның нағыз рөлі. Кемпірге мал бақтырып алып жалғыз аяқ сорпа ішейінші дегенде жұмысынан қуып жібереді. Ендеше қоғамға сол қалпымен Итгэлтге толып алған. Бұл менің 20 шы кітабым. Ойлана, жаза бере ең соңында қорытындыға келдім ғой. Мен феодал қоғамында жүргенімді байқамай жүріппін. Қашан білді дегенде 100 ардақты теледидардан шыға бастағаннан бастап бұлар біздің жаңа заманның феодалдары екен деп ойладым.
- “Моңғолдың 100 ардақтысы” деген хабарды мамандар теледидар өнерінде бір қадам ілгері басқан туынды деп көреді ғой?
Оны бүкіл халық ардақтап, пір тұтып жатыр. Адамдар мән бермеуге болады. Бірақ олай емес қой.
- Сіз кітабыңызда “морал” деген сөзді көп қолданған екенсіз?
Морал деген адамгершілік деген сөз. Себебі бізде жоқ, моңғол адамгершіліксіз мемлекет. Негізінде тең құқықпен ғана адамгершілікті болады ғой. Бірақ тең құқық жоқ болғандықтан сен мың жерден адамгершілік шығарып қайтесің. Сені мансабымен бола ма, ақшасымен басынып кетіп қалады. Тең құқық жоқ кезде бостандық, адамгершілік туралы айтып та қажет жоқ. Себебі күштінікі дұрыс, күшсіздікі теріс болғандықтан.
- Бірақ “адамгершілік” ті болып тәрбиелену мүмкіндігі бар емес пе?
Жоқ. Не істейсің адамгершілікпен. Бірден тең құқық жоқ болғандықтан. Сен ерекше адамгершілік шығарып қайтесің, келесі адам сені ақшасымен басынып, машинасымен соғып өлтіріп кеткелі тұрса. Адамгершілік шығарамын деп машинаға соғылатын емес.
- Ендеше осыдан қалай “тең құқық” ты боламыз деген сұрақ шығып келеді ғой?
Негізгі заңында көрсету қажет. Негізгі заңда “тепе теңдік жағдай” деген теріс сөз жүр. Моңғол тілінде сөздік тілі басым болып, жазба тілін есепке санамайды. Сондықтан жазба тілі жоқ болғандықтан нәрсе оқымайтын халық. Тек қана сөйлейді, көпіреді.
- Сіз кітабыңызда “тең құқықтың жеті жауы” деп кіргізген екенсіз. Оны егжей тегжейлі талда жазыпсыз. Ең басында “теңестіру” деп тұр ғой?
Барлық нәрсені теңестіреді. Моңғолдардың барлығы бірдей деп. Қалайша бірдей болады. Социализмнен бұрын малшы, лама, төре болған кезде бірдей болатын. Ендеше Социализммен жалғасып мұғалім, дәрігер болды. Барлығы бірдей емес. Мамандық, білімімен айырмашылықта. Өте үлкен айырмашылықтар пайда болды ғой. Адамдарды солай теңестіру өте жаман.
- Екіншіде, “зорлау” депсіз?
Барлық жағымен зорлап жүр. Ақшамен, үлкен компаниямен, үлкен машинамен зорлайды. Үлкен машиналы болса солайша өзге кішкене машиналарды зорлайды. Үлкен денелі, недеген әдемі үлкен денелі ұл деп. Әдемі күшті, бұлшық етті сіңірлі ұл екен дейді. Қымс етсе үлкен күшті нәрсені пір тұтады. Тіпті сондай ауру болып қалған. Үлкеннің, күштінің ауруы болып қалған. Бұл зорлық, бұндайды тастау қажет. Үлкен денелісі кішкентай денелісін міндетті түрде, қандайбір жағдаймен зорлайды. Қайда кезіксе де, үлкен денелі еркек кіріп келгенде қипақтай бастайды. Қайткелі тұрғанын білмейсің. Садақ атпақшы ма. Әлгі Шыңғыстың кезіндегі бұлшық сіңірімен адам басатын, соғыс кезін еске түсіреді.
- Ұлттық дәстүр, “еркектің үш тойы” ның бірі деп моңғолдар барлығы балуан адамға құрметпен қарайды ғой?
Қайдағы дәстүр. Дәстүр қалып қалған. Мынау 21 ші ғасыр. Жаңа заман келіп қойды. Біраз көздеріңді ашыңдаршы. Жалғасқан дәстүр ана мынаны тастаңдар. Сен екеуміз кофе ішіп алып, қол телефон, фотокамера ұстап отырмыз. Осындай жағдайда қайдағы дәстүр айтып отырсың, ол артта қалып қалды ғой. Ұмытсаңдаршы, тарихты артта қалдырсаңдаршы, өткенді өткенге қалдырып үйренсеңдерші. Неге шыдамайсыңдар.
- Үшіншіде “тастап” деп тұрды?
Осы барлық құқықты тастап қойған. Бос уақытымда мен жалғыз болғым келеді. Сенің тең құқығың сенің тең құқығың, достардың тең құқығы. Достар ешқандай тең құқықсыз. Досымен кезікпеуге, досын қолдамауға, досымен бірге тойламаса болмайды деп. Әйелін, күйеуін де тастап барып жатыр. Солайша достары үнемі қыспаққа алады. Достарынан болып тіпті не істуден де тайынбайтын болып алған. Достарына бағалы болып саналу үшін. Негізінде, менде ешқандай уақыт жоқ, жоқ десе болды ғой. Тура телефонын сөндіру қажет. Достарын тәрбиелеу қажет. Сол ғана адамгершілік қой.
- Ұрпақ, кейінгі заманның тең құқығы деген бар ғой?
Сөйтпегендеші. Андағы өте маңызды. Қымс етсе кәрілігімен басынады. Шаған мерекесі болғанда ата, әже, ана аға мына ағамызбен сәлемдесеміз деп. Мен сәлемдескім келмейді ғой, тең құқық. Жағымсыз үйлерге барғым келмейді, мен шаған мерекесінде тіпті үйден де шыққым келмейді. Себебі менің құқығым. Неге міндетті түрде шығуым қажет, мен 100 жыл бұрынғы кезде өмір сүріп жүрген жоқпын. Әке шешелер де сол. Міндетті түрде баласынан жоғары болғысы келіп үйреткісі келеді. Міндетті түрде білерменсиді. Кімге керек. Әсіресе мына студент жастарды айтқым келеді. Бұларды оқып үйренуге ақшамен, мүмкіндікпен қанымдау қажет. Көптеген ақшасыз, білімсіз біраз жастар темекі шегіп, түкірініп, көше метрлеп боқтау сөздерді шұбыртып жүріп жүреді. Оқығысы келсе еш мүмкіндік жоқ, ақшасыз болғандықтан Сонымен біреудің пәтер үйінде бола ма, студенттердің жатақ үйінде ме, қайда тұратыны белгісіз. Әке шешесі ана жақта жырғап жүреді. Машинамен, сыртта шапқылап. Оңтүстік Кореяда баласы үшін барлығын арнап жүр ғой. Бізде ғана ондай жоқ. Шешесі тіптен құлпырып, үсті үстіне алтын тағып жүреді. Ұят іс қой бұл мәселе. Жаңа заман келіп қойғанда баласын дамыту қажет. Жастар жаңа заман, жаңа талап келіп қойды. Бұрынғы заманмен еш қатысы жоқ. Бұл Ұланбатырда малшының өмірімен өмір сүру қажет емес. Біз малшы емеспіз ғой. Ұланбатыр қаласында интеллигент өмірмен өмір сүргіміз келеді ғой. Ендеше сол малшының дәстүрін үнемі Ұланбатыр қаласында әңгіме қылады. Қырда ғана айту керек қой. Қыр қала екеуін ажырата білу қажет. Айырмашылық бар. Мұны түсіну қажет.
-Бағалының тең құқығы туралы?
Бағалының тең құқығы дегенде кәрі адамдар үнемі денсаулық айтады. Жас адам денсаулық айту қажет. Білім айту қажет. Саған білім бағалы нәрсе емес пе. Сенің әжең немесе анаңа денсаулық бағалы ғой. Бірінің бағалысы келесісінікінен жоғары шығуға болмайды. Сіз ауруханаға ақша арнағыңыз келеді, мен біліміме ақша жұмсағым келеді. Ендеше екеуміз ақша бөлісейік. Осындай болу қажет. Болған жоқ, біздің моңғол елі болған жоқ. Әлі қайда. Адамның қоғамы мен адамның әлемінің ең бергі мәселелерін біз әңгімелескен де жоқпыз, бастаған да жоқ жүріп жатырмыз. Бұл тек бастамасы ғана. Біз барлық нәрсені солай болуға тиісті, бар болуға тиісті деп жүріп жатырмыз. Бірақ жоқ. Ол жақта адамдар жасап жатыр деп ойлайды бірақ жасаған жоқ. Сендер үкіметті біз үшін бірдеңе істеп жатыр деп ойлайсыңдар ғой, жоқ ешқашан. Жоғарғы оқу орындары сендерге білім беру үшін ана мұғалімдер бар деп ойлап отырсыңдар ма, ол да жоқ.
- Келесісі “жоққа шығару” деген екен?
Бізде барлығын жоққа шығарады. Адамның құқығын, адамды жоққа шығарады. Мен сіздің қызыңызбын, мен нәрсе үйренгелі кетіп барамын, немесе досына, мен үстігелі жатырмын, бұрынғы досың емес болдым ғой деген сияқтыларды айтады. Сонда, сен қашан ондай едің дейді. Тағы оның үстіне шыдамды адамдарды жоққа шығарады. Әке шешелер не біліп үйретіп жатыр. Не үйретеді ештеңе үйрете алмайды ғой. Өзінің өмір тәжірибесіне ғана айтатын шығар. Ендеше ол адамның өмір тәжірибесі саған қандай қатысы бар. Ата баба деп айтады. Бірақ онысы өте ескі заманғы нәрселер ғой. Қаншалықты шын болса дағы ешқандай күшсіз. Барлық нәрсе шешен сөздер де күшсіз. Ол түгіл Р.Чойномның кітабы да күшсіз. Оқып уақыт жоғалтпайтын шығарсыңдар. Міне жаңа заман келіп қойды. Сендер расымен сезбейді екенсіңдер. Ескіге жабысып бүгінгі мына қоғамға ешқандай қатыссыз оқиғаларды айтып. Сондықтан мен жаңа заманды жоққа шығарып жүрсіңдер деп айтып жүрмін. Су жаңа мәселелер келіп қойғанда алдыға қарамай үнемі арт жаққа қарайсыңдар. Ертеңгіні елестетіп жоспар жасау қажет қой.
- Бұл кітапта “теңестіру” деп жүрді?
Барлық нәрсені теңестіру туралы. Бірдей денелі, бет келбетті қылу дейді. Адамдар бөлек бөлек қой. Әр түрлісімен болуға тиіс. Әдейі, тіпті үгіттеп теңестіріп жатыр. Сенің бет келбетің мынандай, сондай келбетті ету қажет. Сол кітапты оқы, сондай әуен есті, сондай киім ки деп барлығын теңестіріп жатыр. Адамзат өзі әртүрлі келбетті туып қойған бола тұра міндетті түрде теңестіріп қайтпекші. Мен өзіндігіммен болғым келеді ғой.
- Моңғолдығыңмен бол деу де теңестіріп жатыр деп түсінуге бола ма?
Моңғолдығыңмен бол деп бір стилге кіргізіп жатыр. Қандай стил. Тұрпайылыққа. Моңғолдығыңмен бол деп жүр ғой. Жаңаны қабылдай алмайтын, ескіге жабасып қалуын моңғолдығымен болу деп жүр. Өзгертіп, алға жүріп, жаңарып моңғолдану қажет қой. Әйтпесе ескіге жабысып емес, ол нәрсе өзгеріп жақсару қажет. Адамның қоғамында дамыс жүрілуге тиіс.
- Тең құқықтың 6шы жауы “жалғандар” депсіз?
Әке шеше өтірік айтады. Шыдамай тұра білерменсиді. Үндемегені артық. Жалпы аналар қызына үндемеу қажет. Әкелер ұлына ештеңе айтудың қажеті жоқ. Себебі шыдамайды. Әңгімелесуге болады. Бірақ қажеті де жоқ, қазіргі заманда әке шешелер араласа берудің қажеті де жоқ болған. Және де мұғалімдер деге біршама жалғандар бар. Не себептен мұғалім болғанын білмейді, жоғарғы оқу орындарының профессорлары неге профессор болғанын білмейді. Екі керемет доктор бола тұра оның ең кереметі профессор болған жоқ. Ең қу, қулықпен сыйлық алған, ақша төлегені профессор болып жатыр.
- 7шісі немесе “орташалар” жайлы?
Біздің қоғам сол қалпымен орташалар. Екі адам тұрғанда ең мықтысын бастыққа қоймай тұр. Ең мықтысын жоғарғы мектептің кабинет зовучы немесе профессорына қоймай жатыр. Бізде бәсеке жоқ. Бәсекені не деп түсінеді дегенде өзінен мықты адамды басып жоғары шығу деп ойлайды. Шын мәнінде екі адамның қайсысы қабылетті дегенмен бәсекелесуге тиіс қой, адамды шалып жыққанын бәсеке дейді. 10 жылдық мектептерде өзінен мықты баланы жеңу үшін олимпиадада жеңеді. Өзінен мықтыны жеңу үшін мәдениениеттің озаты тағы сол сияқты сыйлықтарды алады. Сонымен үнемі талантты, қабылетті адамдары басылып қалады. Шыдамсыз, талантсыздары сыйлық, атақ алып жатады. Жоғарғы жұмыс орындарына отырып кетіп жатады. Үкіметтік министрлік, министр, бастық деп барлығын көріңдерші. Ең қабылетсізі министр болып алған. Қоғамды алып жүруге тиісті, бастаушы болуға тиісті сол адамдар орташалар болып қалды. Көшеде орташалар жүруі сол адамның мәселесі. Бірақ үкіметтің шешім шығаратын жауапкершілікті жұмыс орнына орташалар барып алып жатыр. Бұл біздің елдің үлкен қаупі.