Біз қытайлардан құрып кеткенде тәрбие мен адамгершілікті үйренейік
Jan 20, 2021
Біз қытайлардан құрып кеткенде тәрбие мен адамгершілікті үйренейік
РОМАНДАРЫ АРҚЫЛЫ ҚЫТАЙ АДАМДЫ ТАНЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
- Сіз неге бұл кітапты таңдап аудардыңыз?
Мен жай ғана үйренбекші болдым. Үйрену барысында осы романмен таныстым. Мен алдыңғы көршіміз Қытай мемлекетімен жақсылап танысайын деп ойладым. Европаны жақсы білемін. Азияның елдерімен жақсылап танысайын деп ойлап жүрмін. Мен Қытайға өте көп рет барып Қытайдың жоғарғы оқу орындарына кіріп профессорлармен кезіккенмін. Үш жыл бұрын осы кітапты командамызбен аудара бастағанбыз.
Көрші елдер бір бірін түсінуге тиіс. Аударып жүргенде мен бұл кітапты Герман тілінде жеті сегіз қайтара оқығанмын. Оқыған сайын мен еш жалықпайтынмын. Шү Зечен ол 21 ші ғасырда шығып келген Қытайдың жаңа заманының әдебиет өкілі. Бұл роман жеті сегіз елдерде басылып шыққан. Ол Европаға кітабын таныстыруға үнемі барады екен.
- Үш жылдан бастап аудара бастадым дегенде...
Аударма дегеніміз авторды құрметтеп дәл айтқанын аудармаса редакциялап жатырмын деп Моңғол кітап етуге болмайды. Қытай кітап дегенді оқырман сол қалпымен қабыл алуға тиіс. Қиын ұғымдарды сол қалпымен аударуға тиіс әйтпесе оқырмандарға осылай аударса түсінеді деп аудармашы оңайлатып немесе өзінің түсінгені арқылы өзіндігімен редакциялауға болмайды.
Шетелдің классикалық әдебиеттерін моңғол тілінде оқып отырғанда аудармашы өзіндігімен түсініп шетел кітабын моңғолдандырып тастайтыны өкінішті. Әсіресе Христиан дінінің есімдерін Будда дінінің есімдерімен ауыстырып бытыстырады деген сияқты. Романдары арқылы қытай адамды танып алу қажет.
ПЕКИННІҢ АУА РАЙЫ ДӘЛ МОҢҒОЛДЫҢ ҚЫРЫНЫҢ АУА РАЙЫ СИЯҚТЫ ТАЗА ЕКЕН
- Сіз неліктен Қытай халқын қызықтайтын болдыңыз?
Ұланбатырдың көптеген құрылыстарын қытайлар салған. Неліктен біз құрылыстарды соларға салдырамыз, әрине Қытайлар жауапты болғандықтан солай. Бізде осы өмірде екі ғана көрші бар. Орыс пен Қытай екеуі әлемнің таңғажайып екі үлкен елі. Осы халықтарды біз түсініп үйренуіміз қажет. Қытай енді әлемде экономикасымен негізінде бірінші орынға кіргелі жатыр. Құпиясы неде екен.Оның сыры алтын күмісі немесе нефсінде де емес. Олар Американдықтар сияқты әскері мен құралдарымен соғыс істеп жүрмейді.
Біз Сингапурға еліктеп дамыс жолын таңдаймыз деп айтамыз. Алдыңғы көршіміз дамыс деген не екенін бізге жалпылай көрсетіп отыр.Мысалы үшін түтінге басылған Пекин қаласын бір жылдың ішінде тап таза етіп жіберді. Пекиннің ауасы дәл Моңғолдың қырының ауасы секілді таза екен. Міне ендеше осы халықтан үйрену қажет. Бізде тәрбие мен білім жоқ болып отыр.
Жапон, Қытай,оңтүстік Корея елдерінде білім беру тәрбиелеу амалдары бар.Мысалы үшін жапонның сумо күресін көргенде ақ білінеді ғой. Жапондарды сабап мұрнынан қан шығарып жатыр. Жапондар күрестен жығылып қалғанда да қарапайым болады. Жеңсе де қарапайым. Бізде ешқандай тәрбие жоқ. Киіз үйдің ғана тәрбиесі бар. Мына заманда біздегі тәрбиенің еш қажеті жоқ. Қоғамда бөгде адамдардың ішінде өзін дұрыс алып жүретін тәрбие қажет болып отыр.
- Қытай жайлы біздердікінің көбі теріс түсінікте болып отыр
Саясат, экономика тұрғысында осыншама тез арада дамып, әлемнің номер бірінші елі болғалы жатқанда не үшін олар жайлы теріс ұғымда бола бермекпіз. Енді бөлек көзбен қарайтын уақыт жетті. Қытай халқын біз үнемі теріс түсініп қаралаймыз. Жаман қытайлар дейміз. Қытаймен бизнес жасап отырмыз. Қытайда оқитын студенттер де көп және көптеген Моңғол адам Қытайда жұмыстап өмір сүріп жүр. Әсіресе қытай үкіметінен мына партиялар үйрену қажет.
Біз Қытайға экономика тұрғысында өте бағынышты елміз. Кешікпей шаған мерекесін атап өтеміз. Моңғолдардың көптеген әректтері Қытайдікі . Бізде қағаз ақша болмаған. Қытайларда болған. Манты де Қытайдікі. Негізінде тарихымызды зерттесек біз Қытайлармен оншама көп қайшылықта болмаппыз. Тек қана Манжылармен ғана қайшылықта болыппыз. Манжы ол Қытай емес.
Таңертең Пекинге ұшып жұмыстап кешке қайтып келетін Моңғолдар да көп бар. Ұланбатыр қаласында қыс болғанда үйлерін өзгеге жалдап тастап, Қытай бола ма Ішкі Моңғолияға барып арзан үйлерде өмір сүретін Моңғолдар да бар. Қытай мен Моңғолдың қатынасы осы деңгейге дейін жетіп тереңдеген мына заманда оларды адамдар фейсбуукке жаман жұтық қытайлар, хужалар деп ақымақтықпен жамандап жаза беруге болмайды. Бұл өздерінің қаншалықты мәдениетсіз екендігін көрсетіп жатқандық. Қытайлар бізді иемденіп алмайды да тіпті қаперіне де алмайды. Бастысы бізге ұрлық істемеңдер деп үгіттейді. Өзге ештеңе тілемейді.
- Сіз кітаптың жазушысымен кезігу үшін барып келіпсіз
Иә ол өте керемет жазушы. Мен өзім жақында Пекинге барып кезіктім. Романы жайлы әңгімелестік. Бұл романның оқиғасы болып жатқан университеттің қалашығында кездестік. Қытай мына біздегі сияқты ретсіз емес қой. Университеттің қалашығынан студенттері шықпай дене шынықтыру спорттарымен айналысып қана жүреді.
БІЗДЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР ӨЗДЕРІ АҚ ЖАЛҒАН ДИПЛОМ БЕРЕ БЕРЕДІ
-“Пекин қаласында жүгірудемін” атты романды оқығанда жастардың нақты өмірі көзіме көрінді
- Бұл романда Пекинге келіп өмір сүрмек болған үш жігіт пен. үш қыз туралы әңгімеленеді. Алты жылдық өмірімен толықтай Қытайдың халқын таныстырып шыдаған роман. Расымен таңғажайып. Махаббат расымен пайда болып жатыр ма әрине пайда болып жатыр. Бірақ олар махаббатта қандайбір жағдаймен қаншама мәселелерге жолығып қаншама қиындықтарға кездеседі. Адам өмірінде қателеседі. Қателескеннен кейін қайтадан қоғамға кіріп келеді. Қоғамға кіріп келгеннен кейін жастар қайтеді дегенде әп сәтте ақшалы болғысы келеді. Сөйткенде міндетті түрде заңсыз немесе адамгершіліксіз әрекеттер жасау керек болады. Әсіресе Қытай сияқты анағұрлым заң ережелі, үкіметі қатаң жерде заңсыз әрекеттерге жол жоқ. Кітапта студенттің жалған дипломын жасап сататын адамдар жайлы әңгімеленеді.
Ендеше біздің елде университеттер өздері жалған диплом жасап береді. Ақшасын берсе болды диплом алады. Сен бірдеңе үйрене алдың ба бірдеңе біле алдың ба еш маңызсыз. Ендеше біздегі сияқты үкіметі бар, жоғарғы оқу орындары жалған істер көптеп өндіретін мемлекет үшін осындай романды оқу өте пайдалы. Біз жалпы жаппай қоғамымызбен мемлекетімізбен қаншама теріс жолмен жүріп жүргенімізді, біздің толықтай өміріміз қаншалықты жалған, үнемі алдап арбайтынымызды білуіміз қажет. Ендеше осы романда адамды алдап арбау бар нәрсе, бірақ алдап арбағанда да шек болуға тиісті екені жайлы жазады. Және де жауапкершілікті болуға үгіттейтін роман.
Бұл романда махаббат, секс достық деген тақырыптардың барлығы әңгімеленеді. Осылардың барлығында Қытай адамның өзгеше ерекшіліктері де бар. Қай кезде де Қытай адам жауапкершілікті болады. Қай кезде де Қытай адам ат атағын ойлайды. Ақшасыз болып қалса да ат атағын ойлап қарыз алмайды. Бұл романда бір кейіпкер ақшасыз болып қалған досына сен ақшасыз болып қалдың ғой менен ақша қарызға алшы деп өтінеді. Міне қандай әдемі тәрбие.
“МАХАББАТ ПЕН БОСТАНДЫҚ”
-Махаббат жайлы нақты бейнелеген сияқты сезілді...
Махаббат дегенде міндетті түрде жақсы істер ғана болуға тиіс емес қой. Махаббат көбінесе сәтсіз болады, теріс, қателі де болады. Соңында ажырасып тынады. Бірақ ажырасқаннан кейін қастық ойлап бірін бірі жамандап кетуге болмайды. Бастысы кешіру керек. Себебі махаббат деген тақырып өзі өте кұрделі тақырып. Бұл романда жұптар үнемі бір бірін кешіріп екі жаққа кетіп жатады.
Махаббат әлдекімді иемдену емес екені осы романда жазылған. Махаббат дегеніміз бостандық. Мен кімге ғашық болып кіммен кететінім менің құқығым. Бүгін саған ғашық адам саған ертең ғашық болмай қалуға болады. Олай болу бақытсыздық та емес, қарғысқа қалып немесе бата тигендік те емес. Тек қана махаббат деген осылай болады.
Қызығушылығы жоқ адам ештеңе үйренбейді.
Секс істеу ол махаббат емес дегенді осы романнан түсінесің. Жатар секс істеп оны көбінесе махаббат деп теріс түсініп жүр. Сексті адамдар қайда да кіммен де ертең де бүрсігүні де істей салуы мүмкін. Секс істегендігін махаббат деп адасуға болмайды.
- Романда әңгімеленген достық қатынас та ерекше сезім қалдырғандай болды ...
Романның ішіне үңілу қажет. Көк түс қызыл түс ол тек қана сырт бейнесі. Оқиғасына мән беру қажет.Бұл романда жастар достық пен ынтымақтастық үшін өзін құрбандауға да дайын тұрады. Бұл адамзаттың ерте замандағы ілімдері, Күнзнің тәрбиесі деген осы. Жастар өмір сүру үшін,тез ақшалы болу үшін аңқаулық әрекеттер жасайды екен. Тез арада керемет өмірге жету үшін қателеседі екен. Қайда да болатын өмір.
- Қытай адамның тәрбиесі мен Күнзнің ілімдері жайлы кеңірек айтсаңыз...
Біз қытай адамнан қалай үй салуды үйреніп шыдамадық. Еэвэн тоқашын қалай жасайтынын үйрене алмадық. Мына бізде бар еэвэндер еэвэнге еш ұқсамайды. Хуушуур, мәнті, бәлішін үйренуге тырысудамыз. Асфальт жол салуды үйрене алмадық. Тіпті құрып кеткенде олардың тәрбие мен әдептілігін, моралын үйренейікші.
Қытайлар ешқашан адамды қараламайды, төмен санамайды, кәрі демейді, жұмыссыз демейді, түрмеден жаңа шыққан деп адамды сыртқа теппейді. Бұл романда досы дос қызымен махаббаттасып алса да окей, екеуіңе бақыт тілеймін дейді, бұл адам менің меншігім емес, бұл әйел сені таңдапты дейді. Осыны Моңғолшылап көрші. Керек кезінде досына барлық ақшасын шығарып береді. Бізде болса үнемі алдау, арбау, бір бірін жапа шектіру ғой. Әйел мен еркек ажырасса да бір біріне жапа шектіріп кетеді. Махаббаттан ажырасса да бір бірін қорқытып, қапаландырады.
“АДАМ МӘДЕНИЕТТЕНУ ҮШІН КИНО КӨРЕДІ”
- Бас кейіпкер кино көріп онысын қабат оқып түсініп өмірді толғанатыны туралы кітапта шығатын бөлім өте тамаша болған.
- Ол жігіт дербес үйрену үстінде. Моңғол адам әсте үйте алмайды. Жалғыз нәрсесін істеп содан ләззат алып жүруі керек қой. Бұлар неге бұны көреді деп өзі дербес үйренуге шыдамды болып отыр. Біздікілер олай дербес үйрене алмайды. Қайткенде бір біріне айтып мақтанғысы келеді. Өзің үнсіз үйреніп түсініп қарапайым жүру керек.
Адам мәдениеттеніп бірдеңе үйрену үшін кино көреді. Фильмді көріп ертеңінде ұмытуда емес. Сол фильм жайлы ойланады, зерттеушілер не деп жазыпты, өнертанушы студенттер не деуде, режиссорлар не дейді, қандай сындар жазылды дегенді қызықтауда. Бас кейіпкер DVD-лерін сатып жүргенде мәдениеттенеді. Басқадай жай саудагер емес.
Біздікілер киноны көріп қойғамын дейді. Не түсіндің десе ештеңе ұқпаған болады. Дербес нәрсе үйрену, қызыққыш мінез Моңғол адамда кемшіл келеді. Ал Қытай адам барлығын қызықтайды. Ананы мынаны үйренсем деп. Университетінен шығып алған адам ғой. Моңғол адам ештеңеге қызықпайды. Не айтсаң да қызықтамайды. Біздің жас кезең өте қапалы. Қызыққыш мінез адамды дүниеге үйретеді. Қызығушылығы жоқ адам ештеңе үйренбейді.