Аға бауыр сияқты бола алмаған жағдайда бірлікте бола алмайды

Jan 20, 2021


Аға бауыр сияқты бола алмаған жағдайда бірлікте бола алмайды

Моңғолдар аға бауырдай болу үшін туыс туған әпеке қарындас деген шектелген ортадан алыстап кімнің баласы қай мекеннің баласы екені қатыссыз  ерекше бір аға бауырмал болуы өте маңызды болып отыр. Отбасында ғана шектеліп отбасының емес адамын шеттетіп жалпылай қоғамданған өмірге Моңғол адам социализмнен кейін кіре алмады. Бірден аға бауырмал емес болғандықтан арықарай бірлік немесе халықаралық тілмен “solidarity” деген өркениеттің үш ұранының бірін орындау еш мүмкін емес.

Өркениеттің үш ұранының бірі «еркіндік жағдай» деген ұғымды демократия жылдарында қолданбақшы болып сәтсіздікке ұшыраған. Себебі еркіндік жағдай дегеніміз ең алдымен саяси еркіндік. Көптеген таңдаулардан ешкімнің де қыспағынсыз өзі жеке басымен таңдау еркіндігі. Осы еркіндікті құқықтандырып еркіндік болғызып беріп жатса да Моңғол адам саяси еркіндіксіз жүруде. Бір партияны ғана таңдап оның ішіне ұсталып ешқандай саяси теориясыз партиясымен бітеді деген құлдықтың саясаты өте қараңғылық іс іспетті. Саяси теорияның таңдауынсыз жерде көп партиялы болудың еш қажеті жоқ. Бұл таңдау емес.

Социализм кезінде ағартудың енді бір ұраны барлығы бірдей өзгеше айтқанда тең жағдай деген ұғымды қолданып тең құқық болғызып шыдаған. Сол арқылы жоқ дегенде көптеген жылдар қараңғы сенімденіп дін деген атпен төменгі деңгейге дейін дәрменсіз болып қалған халықтың барлығын сауатты еткен. Сонымен қатар барлығын бірдей білімдену құқықты етіп жоғарғы оқу орындарын орнатқан. Алыстағы шеттегі мекендердің балаларына Ұланбатыр қаласына барып тура Москваға халықаралық қатынастың мектебіне барып кіріп қырдың баласы тура дипломат болған оқиғасы тең құқықтың бір үлкен мысалы. Бүгіндері тең құқық жойылып бай кедей болып Богданың кезінің төре феодалдарына ауысқан екен. Бай кедей бар жерге тіпті демократия айту да мүмкін емес.

Осылайша Моңғол адамдар еркіндікті қолданып шыдамаған және де тең құқықты жойып тастаған екен. Сонымен қатар аға бауырмал болып шыдамағандықтан бірлік ешқашан жоқ. Моңғолдар үшін бірлік деген тіпті ертегі.

Моңғол адамдарды алғаш саяси еркіндікті етіп сонымен қатар сауатты етіп көмектесіп келген Қытай мен Орыстың халықтары Моңғолдарды бірлікшіл деп ойлап жүріп алданған. Моңғолдарды саяқтанып тарап кеткен қалпында екенін  білген жоқ. Олар соңында саяқтанып бөлінген Моңғолдарды түсінген. Бүгін де Батыс пен Американың капиталистері кіріп келіп некен саяқ болған моңғолдарды өзара қақтығыстырып басын айналдыру қалай оңай екенін көргенде өздері де сенбейді.

Бірліксіз Моңғолдар тек қана бір біріне жау болады. Өзгені терістікке шығарып нақақтан күйді, жойылған деп айтуға құмар. Бірақ Моңғолдар өздері кіналы. Кінаны өзінен іөздеу қажет.

Саяси партиялар үкіметті алып қана ішіп жеп дүние мүлікті бөлісе бастауының бір мысалы жеке меншіктендіру. Жеке меншіктендіру саяқтанудың ең үлкен куәсі. Аға бауырмал емес адамдар туыс туғандарымен меншіктеніп алып қоғамнан бөлініп жырғамақшы болудың мақсаты ғой. Қоғамсыз жерде жауласу.

Моңғолдардың айтатын жекеменшігі таза бай мен кедейдің қашықтығын тіптен қосып азғана бай олигархтардың жасамақшы болған әрекеттері. Ендеше меншіктегені арқылы жауапкершілік жоғарылап пайда кіріс молайып барлық халыққа пайдалы болуға тиіс деген халықаралық теория бар ғой. Аға бауырмал саясат Моңғол адам үшін алыстан көрінетін аспандағы жұлдыздармен бірдей болады да.

Аға бауырмал емес Моңғолдардың бір мысалы қараңғы сенімдегілер. Бірін бірі пайдаланып зиян шектіріп энергиялы су, әмианыңды ақшаға толтырамын, хандық ақыл, ханшайым ақыл деп ой сананың төменгі деңгейіне дейін апарып ақырында жас кезеңді былықтыратын қараңғы сенмідегі әке шешелерді дайындайды. Осындай қоғамның қауіпті, зиянды қылмыскерлерді тіптен ушықтырып сый сияпат көрсетіп жатқанына қарағанда теріс жолмен өте алыс жүріп кеткен екен.

Бірлікшіл болу үшін аға бауырмал болу қажет. Аға бауырмал болу үшін қараңғы сенімдегілерден босатылып нағыз бостандықта болу қажет. Ол үшін барлық адамға бірдей мүмкіндік беріліп тең құқықты болу қажет.

Моңғолдар бостандық, тең құқық, бірлікшіл болу үшін бүгінге келу қажет. Бүгінге келіп шыдамайтын болса ертеңге жету мүмкін емес. Моңғолдар бүгінге жету үшін тарих айтуды тоқтатып ата баба деп бүгін өте аз маңызы бар ертегі аңыз айтуын тоқтату қажет. Отбасынан шығып қоғамданып азамат болу сол іс әрекет кем болып отыр.

Бірлікшіл болып шыдамайтындықтан еркін жағдай және тең жағдай екеуін құқықтандырып шыдамаған Моңғол адамдарды қорғайтын жалғыз үкіметтен тыс  ұйым да бар емес. Үкіметтен тыс ұйым үкіметтік болып алған жүр ғой. Ол түгіл үкіметтік емес ұйым үкіметпен бірігіп алған жұмыстап жатады. Олай болса үкіметтік емес деп атаудың қандай қажеті бар.

Моңғол адам бүгінге келу үшін білімді болу қажет. Әсіресе әке шешелерді білімді етіп шыдамаған жағдайда жас кезең олардың құрбаны бола береді. Моңғол адам бүгінге жету үшін ата бабадан арылып өз жеке бастарын алып жүріп өзінің тарихын пайда болдыру қажет. Адам өзгенің емес өзінің туындысы болуы қажет.

Ата бабадан үйренгеннен гөрі тастайтын нәрселер өте көп. 60қа жетпейтін жылдар бұрыннан адамдар артта қалып қалып жатқанда 600 жыл бұрынғы адамдар бүгін тіпті еш маңызсыз. Тарих деген кітапқа жазылатыны болмаса бүгінгі өмірді пайда болдыра алмайды. Бүгінге бүгіннің ғылым білімі маңызды.

Моңғолдар аға бауырмал болып шыдамағандықтан бүгіндері су жаңадан экономика пайда болып шыдамады. Тек қана банк қаражатпен ғана айналысып жүр. Социализм кезінде Орыс, Қытай, Солтүстік Европаның елдері көмектесіп демеп орасан үлкен шаруашылық экономикалы болғызған. Бірақ демократия жылдарында жекеменшіктендіру деген атпен экономикасын жойып алған. Оны көрген шетелдіктер Моңғол адамдардың осыншама аға бауырмал емес бір біріне суық қарайтынын көріп таң қалған. Моңғолдар арасынан қаншама жауласып аш қасқыр секілді экономикасын жыртып бөліп жатқанын көріп алдыңғы артқы көрші елдер таң қалып жағаларын ұстаған. Бірлікшіл халық тыныш бейбітшілікте болады. Ендеше бірліксіз халық барлығы бір бірінің жауы. Бірден бір біріне жау болғандықтан үнемі бірін бірі қаралайды.

Соғыс сипатындағы бірліксіз бейбітшіліксіз халықтың бір ерекшелігі ол барлық адам заңды болады бірден заңды болғандықтан барлық адам өз заңымен өзгені де жалықтырып қинайтын орындаушы болады. Ұрыс төбелес қорқыту ашыну ештеңе емес. Әрине барлық адам өзіндік заңды болу үшін билік күш қуат қажет. Осылайша зорлық зомбылық пайда болады. Сондықтан бүгінге дейін Моңғолдарға үлкен денелі адам ұнайды. Көп ұлды үй күшті деген ұғымда. Тек осылайша жаңа заманға жетпей орта ғасырымен өмір сүріп жүр ғой.

Қашан Моңғолдар аға бауырмал болады? Бірлік ол келесі жоғарғы саты ғой. Олай бару үшін аға әпке әке шеше бала шағасынан алыстап отбасынан шығып қоғамдану қажет. Өзгелердің әке шешесін құрметтеп өзгенің аға әпкесін жақсы көріп өзгенің бала шағасын дәл өз баласы іспетті көмектесіп демеу қажет. Осылай жасаған уақытта Моңғол нағыз кәмелетке толады. Жеке бастарыңды ғана ойламаңдар. Маған қандай пайдасы бар деп сұрамаңдар. Жай ғана Моңғолға пайдалы деп ойлап үйреніңдер.

12 ші ай 3, 2014

Molorerdene






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2025