Далай ламаның келе жатуы Президент сайлауына байланысты

Jan 25, 2021


Далай ламаның келе жатуы Президент сайлауына байланысты

Философ С.Молор-Эрдэнэмен заманауи мәселелермен әңгімелестім.

- Екі жыл бұрын Далай лама Моңғолға келгенде сіз «Дін деген халықтың есірткісі» деген мақала жазған едіңіз. Ал бүгін «Далай ламаға моңғол адам кім болғанын көрсететін күндер басталды» деп жазыпсыз. Ендеше бүгін Моңғол Мемлекетіне келген Далай ламаға аяқ аяқтарына тимей күтіп жүгіріп жүр ғой?

- Менің екі жыл бұрын жазған мақаладағы ой пікірім расқа айналды. Сол кезде шаған мерекесінде шешем үйіне барғанда теледидардан ламалар кітап оқып шығып жатыр екен. Мен қатты таң қалдым. Әлгі халықтың мерекесі деп жүргеніміз ламалардың мерекесі болып кеткен екен. Э.Бат-Үүл Даншиг мерекесін жасаймын деп  Шаған мерекесі мен наадам мерекесі ламаларға қолы болған екен. Сосын мен ойладым ғой. Негізінде дін деген әрекет үкіметті, интеллигенттерді, қарапайым адамға дейін есірткі сияқты есіртіп, сезімдерін өшкіндетіп ақыл ессіз етеді деген Маркстің 150 жыл бұрыңғы сөзі неткен шын сөз еді деп ойладым. Есірткі адамды  есіртетінін айтып отырмын. Тіпті өзі құмарланып есіреді. Сол сияқты дінге адам қолынан жетектеп апармай ақ неліктен өзі баратынына Маркс таң қалып зерттеген екен. Нәтижесінде қандайбір елдің үкіметі нашар болса солай дінге барады екен деп қорытындылаған. Өмірі қиындықтағы, сұрағының жауабын айтатын адам жоқ, аяп қол ұшын созатын үкімет жоқ. Сондай адамдар дін ұйымдарына барып біраз уақыт уағыз естіп,тұтатқан аршаның иісіне құмарланады екен. Өкініштісі шіркеуден шыға сала ол жағдай ада күде жоқ болып,автобусқа отыра сала адамдармен қақтығыса бастайды екен.

Мен «Беттегі моңғолда жаңа заман жетіспей жатыр» атты кітабымды 4-5 жыл бұрын жазған едім. Бүгін біз Iphone телефон ұстап,машина мініп,кофе ішіп жүрміз. Солай бола тұра миымызда қаншалақты қараңғы сенім толып жатыр, қаншама көп артта қалып қойғанымызды төмендегі мысалдар растайды. Шаш қырыққызбайтын күн,кешкі уақытта тырнақ алуға болмайды деген сияқты. Біз 100жыл бұрыңғы кезеңде жүрміз бе. Сыртымыздан қарасаң өтемөте жаңа замандікіміз. Машина мініп шақпылаймыз, смарт телефонмен қатынасамыз,кешке қарай дискотекаға барамыз. Сол бойымызша электронбыз. Шығамыз қараңғы сенімге берілеміз. Бұл моңғол адамның өтірік, жалған, дін деуге қиын, қорқақ,ескіге байланып қалған, қымс етсе тарих, дәстүр айтатыны жаман әдет. Бұл жағдай қалыптасып, тіпті тереңдеп бара жатқанына өкініп отырмын.

- Біздің аяғына жығылып, табынып пір тұтып жүрген Далай ламамыз қандай деңгейде, қайда қабылданған адам?

- Ешқайда қабылданбаған адам. Ол түгіл өз отанында да қабылданбаған адам. Отаны мен халқын тастап жеке басының бақыты мен тыныштығын іздеп отанынан алыс өмір сүріп жүрген адам. Оны ешкім қуған жоқ. Өзі мол қаражатты болып отанын тастап кеткен адам. 100жыл бұрыңғы діннің жаман дәстүрлерін бүгінге дейін қолданып жатыр. Бұл дін емес. Ламаизм. Әлгі сарылардың ағымы. Япония, Тайланд, Бангладеште болатын буддизм емес. Бұл нағыз қатыгез қараңғы сенім. Әсіресе әйел адамды қатты басынады. Тибеттің ламалары әйел адамды зорлайды. Онысын жамандықтан арылтып жатырмыз деп түсіндіреді. Лама оқытушысы оқушыларына мұрынбоқ,түкірігін жалататыны да осы күнге дейін жалғасыуда. Бізде де ламалар адамның бетіне түкіретін жағдайлар әлі бар. Ол түгіл несебін ішкізу оларға ойыншық. Оған моңғол аналар еліктеп баласы ауырғанда несебін ішкізеді. Әлі де солай. Сенің де айналаңда ондай әрекеттер бар дегенге еш күманданбаймын. Бізді мұндай әрекеттерден жаңа заманның ауруханасы, мектеп, денсаулық ғылымы құтқарған. Бірақ біз 100жыл бұрыңғы дәстүрден арыла алмай жүрміз. Мал шаруашылық университеті Далай ламаға құрметті доктор атағын береміз дейді. Негізінде университеттер жастарды діннен, қараңғы сенімнен құтқарып білімді, жаңа заманның жастарын дайындау үшін орнаған. Діни жерлерде балаларды құлдыққа ұстап, дәрменсіз адам етіп шығарып жүргендіктен орта мектепті 1930-1940шы жылдары орнатқан. 1930шы жылдардағыдай қараңғы қалпымда қалған болсам мен де қайбір жерде лама, сен бір адамның құлы, хат танымайтын, үнемі басымшылықта өмір сүрген әйел болар едің. Осылай ойлағанда біздің таңдаған жолымыз қаншама үлкен өзгеріс иә. Бірақ 100жыл бұрыңғы тұрпайы Тибет елінің қатал,қылмыскер,ешқандай білімсіз «Далай лама» есімді адамды пір тұтып жүрміз. Неліктен не үшін пір тұтып жүрміз. Ол адамнан біз не аламыз, не үйренеміз?

-Қылмыскер дейсіз бе?

- Қылмыскер ғой. Далай ламаның қылмыстары деген интернетте қаншама ақпараттар бар. Өте қу, өтірік күліп адамды елітетін адам. Моңғолдың үкіметі неге қоғамын, азаматын қорғамай отыр. Азаматтарын Тибеттен келген қайдағы біреуге неге беріп отыр. Әлгі Негізгі Заң ұйымы неге Негізгі Заңын қорғамай отыр. Негізгі Заңда дін ұстануы жеке адамның құқығы дегені болмаса қоғамның мәселесі немесе үкімет мәселесі деген жоқ. Дін қоғамның мәселесі емес. Сөйте тұра азаматтарына әдейі әсер етіп отыр.

-Енді осындай оқиғалар шығып жүрген жоқ па?

- Үкімет тіпті кірісіп, бірігіп отыр. Мал шаруашылық министрі көп егін жинаймыз деп ламаға дұға оқытып отыр.Бұл қай сөзі. Бірнеше лама дұға оқып көп егін алып алатын болса Мал шаруашылық университеті болудың қажеті жоқ емес пе. Мал шаруашылық университеті Далай лама есімді адамға құрметті доктор атағын бергелі жатқан болса «Лама мектебі» болып атын өзгертіп алу керек. Ғылым техника университеті сол атақты 5-6жыл бұрын берген. Сол университетке кіргенде кәзір де қабырғасында Далай ламаның үлкен портреті ілініп тұр. Мен ректорына мына портретті алсаңдаршы деп айтқанмын. Қабыл алмапты. Біздің өміріміздің ішіне, жақсылығымыздың ішіне университеттеріміздің ішіне Далай лама кіріп алған. Енді тіпті моңғол елінің иесі іспетті келіп жүр ғой. Моңғол елінің Президентінен де құрметті болып отыр. Парламент мүшелерінің бөлмесінде Далай ламамен бірге алғызған фотосурет бар екенін талай рет көрдім. Олардың жасап жатқан ісі діннің ескерткішін орнату ғана. Кітапхана салып берген парламент мүшесін әйтеу мен естімеппін. Үнемі діни заттар орнатып жатады. Ендеше жалпылай үкіметті ұстап отырғандар моңғолдарды әдейі 100 жыл бұрыңғы тұрпайы, дәрменсіз, төмен, артта қалған, қорқақ етіп отыр. Адамдарды қорқақ етіп қойғандықтан қараңғы сенімге сенуде. Неден қорқып отыр. Қоғамның осыншама дағдарысы мен құлдырауы жіне де мемлекеттің жағдайы бізге қорқыныш туғызып отыр. Қорыққан адам әлдеқайдан көмек іздеп отыр. Үкіметі құтқармайтын болғандықтан ламаны көздеп отыр. Осы қалыпты сақтау үшін үкіметті ұстап отырған адамдар Далай ламамен бірігіп жұмыстап отыр.Далай лама келу деген соның кепілі. Осы қарам әрекеттен 30 жыл бұрын әрең арылып отырғанда қайтадан ескіге қайтып кетіп отырмыз.

- Сіздің мақалаңыздан буддизмге қарсы емес екен деп түсіндім. Ендеше сіздің қатты қарсы болатын ламаизм кіріп келген тарихы не екен?

- Тибетте сары, қызыл деген екі ағым бірге жүріп жатты. Соңында сары жағының ағымы қиындыққа ұшыраған. Сол кезде сары ағымға қарай моңғолдарды кіргізу үшін Тибетке апарып алтын күміс, әйел беріп алдай келе өздеріне қарсы барлық дін ағымдарын жойғызған дейді. Моңғолдардың соғысшыл,жаугер қабылетін пайдаланып осындай қулық қолданған екен. Осылайша жап жақсы өмірін жойып ең жаман ағымы қалыпты. Сол қарам істі біз білмей соқырлықпен пір тұтып жүрміз.

-Далай ламаны кім шақырып жүр?

- Бәсе кім шақырып жүр. Мен білмейді екенмін. Ол адам жай бір шетел азаматы. Қайдан виза алған, немесе Тибет адам моңғолға визасыз кіре бере ме. Визасын алып кірген болса сақшы ұйымына тіркелу қажет. Көп күн қонақтап жатуға болмайды ғой. Тибетінде ғана лама шығар. Біздің оқытушымыз емес әйтеу. Ол адамға осылай көзқараспен ғана қарау қажет. Біздің пір тұтып мақтан тұтатын адамымыз Шыңғыс хан. Тіпті Шыңғыс ханды Далай ламадын төмен санамайтын шығармыз.

-Біздің құдай діні деп түсінетін Гандантэгчинлэн діни үй, құдайшыл лама Пүрэвбат, ана жер мына жердегі діни жерлерді де сіз жоққа шығарасыз ба?

- Дін емес. Гандантэгчинлэн дін үйі өте пайдалы жұмыстайтын бизнес компаниясы. Чой хамба ол компанияның бастығы. Осылай қарауға тиіспіз. Құдай дінін буддизм деп көру өте үлкен адасу. Пүрэвбат та дәл сондай. Моңғолдарды алдап ақша табатын қулық сұмдықтың ұйымы. Экономиканың қылмыскерлері. Адамның қайғысы мен психологиялық мәселелеріне сүйене отырып алдап арбап ақша табатын адамдар. Қай жерде кімнен «Ағаң ақша алмай дұға оқып берсін» дегенді естідіңдер. Сондай лама қайда бар. Ең жуан, бай еркектер ламалар. Сосын өте көп оғаш әрекеттер жасайды .Олардың мұрынбоғы мен түкірігін жалайтын уақыт та таяды. Осындай болмау керек.

-Оныншы богданы жасырын тағайындағалы жатыр, араларындағы қайшылықтардан болып тағайындай алмай жатыр дейді?

- Ең соңғы богда ол Богда Жавзандамба. Тибеттер қулық жасаған. Моңғолдың дінінің бастығы Тибеттен тағайындалып жатыр деп үш жастағы баланы Тибеттен әкеліп Моңғолға отырғызып богдаға тағайындайтын. Тибеттер Манжылармен ымыраласып Богдаға хан атағын берген. Богда дегені діннің бастығы, хан дегені үкімет бастығы. Осылайша дін мен үкіметті қосақтап ұстап отырған. Оның зардабы бүгін де жалғасып жатыр. Богданы тағайындаймыз дегені ханды тағайындайды деген сөз. Ендеше моңғолдың үкіметі еш дәрменсіз болады. Қайдағы парламент,қайдағы үкімет. Оларды ешкім де тыңдамайды. Моңғолдың үкіметі жойылу қаупі төнеді. Богда хан болып алатын болса сайлау жүргізудің де қажеті жоқ. Осындай күлкілі оқиғаға тап боламыз. Әуелі саясаткерлер ақша төлеп өзінің немесе жасырын баласын тағайындайды. Моңғолдың үкіміетінің ішкі қайшылықтары Далай лама осындай кезде келуімен анықталып отыр.

-Неліктен осы кезде келіп жатыр дейсіз?

-2017ші жылы Президент сайлауы болады. Соған байланысты Далай лама келіп жатыр. Өзге ешқандай себеп жоқ. Халықты ақымақ ету, қараңғыландыру саяси әрекеті. Соның ақысына Далай лама қанша доллар алып жатыр екен.

-Осы әрекетке ең күш жұмсап талпынып жүрген адам кім болып отыр?

- Біріншіде Чой хамба лама, келесісі Моңғодың Президенті болған, Премьер министр болғандар. Солардың жасаған жұмыстары. Президент, Премьер министр тұрғанда шақырып күтіп құтыртып алған. Солардың істеп жатқан әрекеттері, өш алу мақсаттары. Чой хамба лама тек қол аяғы болып жүр. Ол адам әлдеқашан моңғолдың ішкі істеріне кірісіп бастап қойған. Ламасыз үкіметтің ешбір ісі жүрілгенді қойған. 2008-2009шы жылдары шаған мерекесінде С.Баяр, Н.Энхбаярлар Гандантэгчинлэнге жарыса келіп Чой хамбамен амандасқан тарих бар .Негізінде Президент тұрған Н.Энхбаяр алдымен келуге тиіс болса дағы 5 минут бұрын С.Баяр келіп қойған. Осыған қарағанда қаншама билікті екені көрініп тұр. Негізінде ең дұрысы Президент барлық діннің өкілдерін үкімет үйіне қабылдап кезігуге тиіс қой.

-Ендеше мұны кім өзгертіп жөнге салу қажет?

- Философтар ақырғы сөздерін айтып, кітіптарын жазып лекциясын оқып ашыққа шығып жүрсе бұл жағдай жөнделеді. Өкініштісі ешкім де ашыққа шықпай тұр. Қайда әлгі Де Фактоның Жаргалсайханы. Жасыл кітаптың Энхбаты. Қайда әлгі интеллигенттер. Олар да сөздерін айту керек қой. Бавуудың Лхагвасүрэні, Сосорбарам, Аюурзана, Шүүдэрцэцэг, Жасыл көзді ламаны жазған Оюунгэрэлдер шешендік сөздер айтып, Тибеттер жайлы туынды, роман жазып әке шешелер ғана емес жастардың миларын да айналдыруда. Анасы, әжелерінен де артық қараңғы сенімді болуы жоғарыда айтылған адамдардың жасап жатқан жұмыстарының нәтижесі.

- Негізінде Моңғолдардың өздерінің ұстанатын діні шаман деп айтылатынын бірен саран рет естіппін. Ендеше сіз мақалаңызда шаманды Тибеттікі депсіз?

- Шаман біздің ұстанымымыз емес. Шаман деген негізінде тибет сөз. Сарының діні таралғаннан бұрын Тибетте шаман болған. Сол шамандар сары діні, Алтай ханнан қашып Моңғолға келіп әрекеттерін жалғастырған. Моңғолдардың тұтатын пірі аспан, тау су, күн, ай. Жалпылай табиғатты пір тұтып келген. Біздің піріміз адам, сурет, мүсін болған емес. Оны жоғалтқалы көп болды ғой.

-Әңгімелескеніңізге рахмет.

 Zuv.mn, 2016 жыл Қараша

Molorerdene

 

 

 

 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2024