“Қараңғы сенім” жеңіп “Білім”жеңілді ме? №1: Қоғам өте қиын шешім шығаруға тура келді

Jan 25, 2021


"Қараңғы сенім” жеңіп “Білім”жеңілді ме? №1: Қоғам өте қиын шешім шығаруға тура келді

Моңғол адамның өмір сүріп жұмыстап жүрген осы қоғамы бүгінгі күні мүмкін ең сынды күрделі кезеңге келген сияқты. Моңғол адамдар қараңғылыққа сеніп миларын айналдыртып алдыңғы өмірін жоққа шығара ма немесе білімге сенімін беріп өмірін өзгерте ме?

Неліктен моңғол адам білімге сенімсіздікпен қарайтын болды? Шындықты айтып дұрысты үйретіп жақсыны оқыту  мақсаттағы білім қалайша Моңғол елінде сәтсіздікке ұшырады?

Моңғол адамның айтуынша білім қараңғы сенімге жеңілді дейді. Бірақ адамзаттың білімі қараңғы сенімге де жеңілген жоқ дінге де жеңілген жоқ. Себебі білім дегеніміз білу мен адамгершілік деген екі маңызды ұғымнан тұрады. Білім діннен де қараңғы сенімнен де жоғары тұруға тиісті. Білім дінді шектейді. Себебі қараңғы сенімде адамгершілік жоқ.

Моңғол адам бүгінгі күні қалайша білімге деген сенімін жоғалтқанының бірден бір себепкері белгілі бір адамдар және белгілі бір ұйымдар. 90шы жылдары мыңдаған мұғалімдерді жұмыстан босатып мектептерді білімнен алыстатып сұраныс пен ұсыныстың мекені болғызған. Осылайша бала шағасын нарықтың тозағына тастаған. Сонымен қатар университеттер жалған доктор профессорларды көптеп өндіре бастаған. Осылайша қоғам білімсіз адамгершіліксіз адамдарға толып қараңғы сенімнің жемі болған.

Адамзаттың нағыз білімін қоғамға таратуға тиісті Ғылым академиясы жоба жазып ақша табатын ұйым болып қалған. Ғалым деген жалған сөз білім деген сөзді ізгі атты жойған. Білмесе білімсіз. Тек қана ғылым мемелекеттің дамысына жеткіліксіз. Білім қажет. Ғылым ол адамгершілік мәселесі. Ғылым білім екеуі біріккенде ғана білім бола алады.

Ғылым академиясы мен Моңғолдың Ұлттық Университеті деген ұйымдар, тарихшы, жазушы, мәдениет пен дәстүр зерттеуші деген сияқты көптеген адамдар бірігіп қараңғы сенімді қолдаған тіпті оларға  іш пен сыртқы шіркеу ұйымдары да қосылған. Олар адамгершілікті емес қараңғы сенімді таратып сиқырлықпен адастырып, кереметтің иелері ,адамның маңдайына жазылған тағдыр деп алдап бүкіл қоғамды оқытушы атты профессор және лама атты пайдақорлар қараңғы сенімнің ұясы еткен.

Қараңғы сенімге нәр беруші әлгі инь ілімі, аура, энергия, медитация барлығы біріккенде  білім жеңілмей де қайтеді. Оған үкімет үйінің ішіне от жағып тау басында қадақ ұшырған саясаткерлер біріккенде  Моңғол адам қайда баратыны белгілі. Сондықтан ақырғы баратын жері Тәртіп Соты болуға тиіс.

Моңғол адамды қараңғы сенімдегілер зат сияқты ете бастаған соңғы 20 шақты жылда Негізгі заң кеңесі істеуге тиісті жұмысын істемеді, адамның құқығын қорғамады. Үкіметтікі делінетін адамдар қулық сұмдық жолымен адамдардың ақшасын сыбайластықпен жеп жүрген жемеңқорларға шектеу қоюдың орнына демеу қолпаштау көрсетіп олардың кейбіріне үкіметтік сый сияпат көрсеткен жағдайлар білімді жеңіліске ұшыратуға ерекше міндет атқарды.

Моңғол адам бүгінгі күні қараңғы сенімді таңдай ма немесе білімді таңдай ма деген сұраққа халық емес Негізгі заң жауап беруге тиіс. Егер де Негізгі заң соты қараңғы сенімді біліммен бірдей деңгейде ұстап,салыстырмай, дұрыс ұсыныс пен сұраныс жасап шыдамаса немесе білім міндетті түрде қажет пе деген  күмәнді жауаптар берсе жоғарғы оқу орындарының және он жылдық мектептерінің қандай қажеті бар?

Негізгі заң соты Моңғол адамды екі мүмкіндіктің алдына апара қоймайтын шығар. Білім деген жалғыз шешімді бұза қоймайтын шығар. Негізгі заң соты Моңғол адамдарға білім ғылымға қарай өзін жігерлілікпен  ашып адам сипатты болуға көмектесіп демеуге тиіс болғаны болмаса халықты қараңғы сенімге келеке еткізіп қоқысқа тастауға болмайды.

Біз осындай ғана деңгейге жеткен екенбіз ғой. Ендеше Негізгі заң соты не істеп жүр? Адамгершіліктің қажеті жоқ па? 100дей жыл бұрын Моңғол адам қараңғы сенімнен құтылып білімді таңдаған. Ендеше бүгін?

Әрине бүгінгі күні білімді келеке етіп жүрген адамдар белгілі,олардың ар жағындағы иелері атақты адамдар. Ғылым академиясынан бастап жоғарғы оқу орындарына дейінгі білімнің ұйымдары білім деген нәрсені бүкіл қоғамға біркелкі жеткізіп шыдамады. Жалған доктор және жалған профессорлар қараңғы сенімдегілерге мүмкіндік берген. Себебі олар өздері білімнің дәмін татпаған білімсіз адамдар. Қараңғы сенімді қолдайтын докторлар өтірік айтып тұрғанда мен қайтсем де болады деп арам ақша тауып жүрген адамдар мен атақты ұйымдар пайдалы жұмыстамай да қайтсін. Бұл Ғылым академиясы мен Моңғолдың Ұлттық Университеті деген сияқты білім өндіріп білім таратуға тиісті ұйымдардың қателі теріс әрекеттерінің нәтижесі.

Сұраныс бар жерде ұсыныс болуға тиіс деп адамды зат сияқты етіп жүргені Негізгі заңның "адам құрметті де бағалы зат" деген ұғымын ұстанбай зат сияқты жансыз етіп жүргенінің белгісі. Бағалы адамды осылай қатыгездікпен пайдалануға бола ма? Негізгі заңмен қоғамның пайдасын жеке басының пайдасынан жоғары қоюға тиіс емес пе еді. Қандай да заң қоғамның пайдалы ісін қорғау үшін жасалады деп халықаралық заң құқығының теориясында көрсеткен болатын.

Қоғамның ауруы болған осы қара обаға шалынған әке шешелер қараңғы сенімденіп жас кезеңді бостандықсыз етіп жүргені Моңғолдардың әлгі адамның құқығы менің бостандығым деп теріс түсініп теріс қолданып не істесем де болады ешкім де маған ештеңе істей алмайды деген адамгершіліктің терең дағдарысының кепілі. Ешкім ештеңе істеуге болмайды өз еркімен кетуге болмайды деп заңда көрсетіп заң бойынша жазалауға тиісті Негізгі заң соты адамгершіліктің сотының жұмысын неге істемей жүр? Моңғол адамдарға Тәртіп Заңының Соты қажет болып отыр.

Әрине табыну адамның жеке басының мәселесі. Ендеше өзінің табынуын өзгеге итермелеп, үгіттеп, топтасып өзгені қараңғы сенімге шақырып зиян шектіріп, сананың зиянын шектіріп және де денеге апат жарақат ұшыратса қалай да ұсыныс пен сұраныс немесе жеке адамның бостындығын айтуға болмайды. Банкке ақшасын сақтатып жоғалтқан адам зиянын төлетеді. Ендеше ақыл ойдың жарақатына ұшыратқан қараңғы сенімдегілерге де жаза болуға тиісті. Заң ұйымдары жазаламады дегенде Тәртіп Соты жазалауға тиіс.

Тәртіп Соты адамдардың қулық сұмдығын, құныққанын, мақтанып бөсу, жеке басын ойлау, атақ даңқ қуу деген сияқты оғаш әрекетті адамдарды жазалап ақпарат құралдарымен жариялау  халықаралық  заң тұрғысында айтқанда ең бергі адамгершілік мәселесі ғой.

Әлемнің қай елінде бірін бірі ұтып зиян шектіріп жатқанын дұрыс дейді? Әлемнің қай елінде әдейі өтірік айтып теріс түсінік таратып жүрген адамдарды мақтап сый сияпат көрсетеді? Әлемнің қай елінде теледидардан өзін мақтап білерменсіп құр сөз қуатын адамдарды ушықтырады?

Бүгінгі күні қоғамда шығып жүрген адамгершіліктің қайшылығы бар қателі істерді өз ойларымен ортаға салып өзара жанжалдасатын дәстүрлі болғалы 20дай жыл болған екен. Үйінде де жанжалдасып,көшеде бірін бірі келеке етіп жастар мен кәрілер жалпы тарыспайды түсініспейді деп қалыпты әрекет іспетті қылып жүрген адасулар қоғамды теріс бағытқа бағыттап жанжалдасу қарсыласу қалыпты жағдай деген оғаш дәстүрлі болған екенбіз.

Әрине осындай сын сағатты Моңғол адам тереңінен түсініп оған баға беріп қорытынды жасайтын тарихи жағдай берілу мүмкіндігі болмады. Моңғол адам тек қана 70 ке жетпейтін жыл ішінде адамзаттың білім деген ұйымымен ресми танысқан. Барлық білім Батыстан өзгеше айтқанда Европа елдерінен келген. Сондықтан бүгін Моңғол адам ғылым білім жайлы айтатын болсақ  Батыс елдеріне барып және де Батыстан үйренуі қажет демекпін. Ендеше Шығыс атты Тибет елінен ештеңе үйренбейді.

Моңғол адамда Қоғам деген ұғым және де Астана Қала деген ұғым болмағанын жағдай ештеңе білмегенін жүз жүз жылдардың тарихы көрсетеді.

Адам білім алып шыдаса ғана адам бола алады. Егер білім алып шыдамаса аң қалпында қалады. Себебі адам туғанда құр ыдыс сияқты ақыл ойы санасы құр туады. Ақылды болу үшін ақыл деген ыдысты біліммен толтырмады дегенде ортасына дейін келтірсе орта білімді бола алады.

Моңғол адам бүгінгі күні қараңғы сенімнен құтылып білімге жету үшін ауыр шешім шығаруға тура келді. Осы шешім алдымен отбасы ішінде жүрілуге тиіс. Әке шеше мен бала шаға арасында,ата апа мен немере шөбере ортасында шындықты анықтайтын  шешім шығыратын кез келді. Кімдікі дұрыс кімдікі теріс екен? Білімдікі шын адамгершіліктікі дұрыс. Салыстырмалы деген жоқ.

Адамзаттың ресми білім ұйымы біріншіде жалпылай есіммен Университет аударған есіммен Жоғарғы оқу орны. Екінші білімнің үлкен саласы Сайенс бұл жалпылама сөз аударған сөзбен Ғылым саласы. Осы екі жерде ғана білім пайда болып тексеріліп,таралып,қолданылып арықарай өндіріс, сауда, ағартушылық, тәрбие,білім пайда болған екен.

Қараңғы сенім білім емес. Қараңғы сенімді жойып тастап халыққа бостандық тең құқық беру мақсатпен алғаш 2500дей жыл бұрын философия саласында нақты білімді анықтаған. Сол кезден бастап адамзат нақты шындық іске ғана сену қажет ендеше нақты емес құр сөзге әлдекімнің табынуына сену қауіпті дегенді қатаң ескерткен. Сондықтан осы білім пайда болғаннан бастап қана адамзат Гректен шыққан Академиядан бастап Школа деген ұйымдарды орната бастаған.

Академия деп жоғарғы кепілдікті білімді айтады ал школа деп білімді үйретіп оқытып түсіндіру мақсаттағы ұйымды айтады. Моңғолдар академия деген сөзді бүгінгі күн өтемөте теріс қолданып білімнің емес қараңғы сенім ұйымдарының билігіне берген екен. Бұл сөз бағасын жоғалтқан екен. Ендеше школа деген ерте заманғы үйретіп оқыту деген сөзді мектеп деген сөзбен аударған болса да  жекеменшік мектептер орнағандықтан көпшіліктің немесе қоғамның игілігі үшін даяшылық жасауға тиісті мақсаты жойылған. Жеке білім емес көпшіліктің білімі қажет.

Бүгінгі күні Моңғол адам  Орта мектеп, Университет, Ғылым, академиясы, Философия сияқты адамзаттың ғылым білім беруге міндетті және тапсырысты, кепілді, нақты білім салаларын елемей оның бағасы мен жауапкершілігін және де адамгершілігін жойып тастағандықтан қараңғы сенімге адамдардың көпшілігі беріліп бүгінгі күні қараңғыда жол іздеген адамдар сияқты болып қалған екен. Бұл мәселемен мен ешқашан асыра сілтеп әлдекімге қарсы жазған жоқпын керісінше біріншіден ескертіп отырмын екіншіден әлдекімнің есімін айтудан өзге жол қалмады. Барлық істе ие бар.

Мен неліктен сақтандырмай тек ескертіп отырмын дегенде мен үкіметтің адамы емеспін. Мен тек қана үйде отырып кітап жазатын,Моңғолдың Ұлттық Университеті мен Мәдениет Өнер  Университеті сияқты жоғарғы оқу орындарына лекция оқитын адам жоқ болып қалғанда барып лекция оқып студенттерге адамзаттың білімінің шыңы мен мазмұндарын үйретіп сол әрекетіме қуанып жүретін философ адаммын. Қайсыбір қоғамдағы халыққа мың мың жылдан бері философ адамдар жүрегіндегі сөзін айтып,үйретіп,ескертіп келген. Сол адамдардың жасаған істерін мен үйде де түзде де газетпен де теледидардан да айтамын да жүремін. Егер де кімде кім халықтың миын айналдырып көз алдында адам деген факторды келеке етіп ақшалы болу үшін деп алдап арбап ақша жасап байитын болса сол адамның атын бір рет те емес қайта қайталап айтып ескертетін боламын.

Мен бұл жерде өзімді үкіметтің адамы емес болғандықтан сақтандырмадым дегенім үкіметтен мен айлық жалақы алып міндет атқарып жүрген адам емес болғандықтан үкіметтің алдына түсіп мен ешуақытта жұмыстамаймын. Мен тек қана адамзаттың таным білімін демеп жүруге тиісті философ адам тұрғысында адамгершілік пен тәрбиені ұстанып айтар сөзімді айтып жазатын сөзімді жазатын адаммын. Философ адамдар сөйлеп жазып талпынғанының арқасында бүгінгі күнгі үкіметтің теориясын пайда болдырған. Сондықтан Моңғол адам үкімет жайлы айту үшін философия тақырыбында сөйлейді деген сөз.

Жалпы философ адамдар ғана Негізгі заң деген түсінікті және де демократия, бостандық, тең құқық деген ұғымдарды пайда болдырғаны болмаса өзге ешкім де оның барлығын пайда болдырған емес. Адамзаттың барлық білімі алғаш философиядан шыққан. Философ адам ғана алғаш білмекші болып талпынған. Бірақ тек шындықты білгісі келген. Осылайша философиядан пайда болып шыққан білімдер арықарай тереңдеп мамандық салалары болып өзгеріп бүгінгі күні біз оларды физика химия математика немес қоғамтану психология және де өнер мен мәдениеттану деп атайтын болғанбыз . Бұл білім тарихы.

Ендеше Моңғол адам әлемнің білім тарихымен қашан танысты? Өзгеше айтқанда Моңғол адамға қараңғы сенімнен құтылатын мүмкіндік қашан табылды?

Социализм кезінде ғана адамзаттың пайда болдырған он жылдық мектептерінен бастап жоғарғы оқу орындары,ғылым академиясы,кітапханадан тартып үйдің кітап сөресіне дейінгі осының барлығымен тек қана бір адамның өмір сүретін уақытында ғана Моңғол адам танысты ғой.

Моңғол адамға қысқа ғана уақытта үйрену қажеттілігі шыққаны теріс  емес бұл тарихи оқиға. Бізге адамзаттың білімімен ерте танысатын мүмкіндік табылмады. Сондықтан Моңғол адам бертінге дейін өзгеше айтқанда социализм кезінде білім кіріп келгенге дейін қараңғы сеніммен өмір сүріп келген дегенді ұмытуға болмайды. Моңғол адамды қараңғы сенім деген қарумен көп жыл бойы қамап ұстағаны жайлы Тибет пен Манжы адамдарының дәлелдері де бар.

Дамыссыз жерде қараңғы сенім болады. Ендеше дамыған елдерде қараңғы сенім бөгет болады. Бүгінгі күндері дамып алға жүргісі келген Моңғол адамдарға қараңғы сенім ерекше қиындықтар туғызып отыр. Жалпы бүгінгі күні қараңғы сенім сол қалпымен қылмыс сипатты болғандықтан мен осының барлығын ескертіп жазып отырмын.

Мені қойшы, бір рет қана өмір сүріп өтетін Моңғол адаммын. Бірақ бұл мемлекет арықарай өмір сүреді. Ендеше арықарай өмір сүретін мемлекеттің  келешегіне ғылым білім барлығынан қымбат. Ғылым білімсіз жүру деген өзгенің ойыншығы болу деген сөз. Бірақ барлық адам жоғарғы білімді болуға міндетті емес. Тек қана көпке ескертіп жүретін жоғарғы білімді адамдар қажет. Олар қоғамды алып жүреді. Осындай адамдарды интеллигент деп атайды. Әрине осы әдемі ұғым да бүгінгі күні қараңғы сенімге толғаны өкінішті.

Неліктен мен бұл жерде қараңғы сенім жеңе ме немесе білім жеңе деп сұрадым? Себебі бұл сұрақ бүгінге дейін біздің өмір сүріп келген өмір тарихымыздан пайда болған сұрақ. Неліктен Моңғол адам бүгін теледидар көргеннен басқа жұмыссыз болып қалды? Неліктен еңбек жойылып қалды?Істейтін жұмыссыз,тұрақты еңбексіз адамдар ғана өмірге күманданып маңайындағыларды қайғы мұңға батырып,жанжал шығарып,қапаланып,саясат атты жынданушылықты ушықтырып жүргендіктен қараңғы сенімнің адамдары дәл "жаман заман келгенде молда мен ит қуанады" деген мақалдағыдай болып жүрген жоқ па?

Білім бүгін де шешім шығаруға тура келген екен. Білім қараңғы сенімге жеңіле  ме?  Моңғол адам ендеше адамзаттың білімінен қашып қорғаланып төрт жол мақал мәтел жаттап қана күн көре ме?  Немесе қиын да  күрделі ғылым білімді қолына түсіріп өзін пайда болдырып өзі өзіне ие бола ма? Неліктен Моңғол адам өзін пайда болдырмай өзгенің туындысы бола береді? Неліктен Моңғол адам қырдың көшпендісі деп атап өздерінің терістігін қатесін құр сөзбен шатастырады?

Айланып келгенде Ғылым академиясы мен Моңғолдың Ұлттық Университеті сияқты ұйымдар білімді қорғап арықарай гүлдендіріп шыдамайтын болса осындай ұйымдардың болуының қажеті бар ма? Жай ғана мамандық орындары етіп аттарын өзгертіп жалпы шындықты айтатын ұйым емеспіз ғой деп жариялағаны дұрыс емес пе?

Социализм кезінде адамгершілік, тәрбие деген атпен халықаралық тәжірибені қолданып келген болса да кейін  демократияның кесірінен адамзаттың бағалауға тиісті бағалы заты тәртіп, ереже, амандасу құрметтеу рәсімі, өзгені қабылдау сияқты тәртіптер жойылған. Оны "қайтадан жаңғыру" деп социализмнің қалдығын жаңартпай керісінше халықаралық тәжірибе мен тәртібін қолданса сол дұрыс әрекет болар еді. Моңғол адам Америкада Европада  немесе Япония  Корея сияқты Азия елдерінде  сол елдердің адамгершілік пен тәртіп ережелерін жақсылап ұстанатын бола тұра неліктен Моңғол еліне және үйіне келгенде жабайы бола қалады?

Әсіресе Америкада оқып келдім немесе Германияда магистр болып келдім немесе Японияда доктор болып келдім дейтін адамдар отанына келгенде тура тәртіптерін жоғалтып тұрпайыланып бірдеңе үйренген түрі жоқ бола қалатынының себебі неде? Сол елдердің тәртіптік ережелерін жақсылап ұстануға болған болса отанында неге сол тәртіпті ұстанып үлгі болып адамгершілік пен өмірдің даму мүмкіндіктеріне өз үлесін қоса алмай жүр? Осы жолы мен Америка, Германия және де Японияда оқу бітіріп келдім деген адамгершіліксіз жастардың аттарын атағам жоқ. Келесі жолы мен аттарын атағаннан таймаймын. Бүкіл қоғам үшін ат атақ шығып бет қызару ештеңе емес.

Білім деген тек қана математика мамандығы немесе тіл мамандығы емес. Білім деген өзін өзі тану. Өзін тану үшін кім қажет десек тағы да сол өзін өзі таныған адам қажет. Сондықтан кім деген білімді адам кімді білімді етеді деген сұрақ қойылатыны сөзсіз. Кім деген білімді адам кімге қалай білім беріп жатыр?

Осы сұрақтарға біз жауап бере алмаймыз себебі жалған доктор атағын қуып, жалған профессор болып айлық жалақының соңына түскен  адамдар қалай ғана білімді болар дейсің. Жалған және теріс кітаптарды жалған адамдар жазады және де теріс аударады.Жағдай осындай болғанда қараңғы сенімдегілер "қасқыр жаңбырда шабады" демекші қоғамда барынша еркін желкпей де қайтсін .

Шындықты айтуға тиісті Ғылым академиясы мен Моңғолдың Ұлттық Университеті сияқты ұйымдар ешқандай қабылетсіз,адамзаттың білімін жалғастырып тереңдететін шыдамы жоқ болғандықтан бүкіл қоғам шындық деген жоқ деген түсінікте болып қалған екен. Әлемде интернет нағыз білімнен пайда болды  және де қол телефон да нағыз білімнен шықты. Негізгі заң философиядан шыққан шындық . Демократия деген шындық та философиядан шыққан. Осының барлығын салыстырмалы немесе адамның жеке санасы дей ме?

Адам туғанда бұлшық етті туатыны болмаса ақылмен тумайтынында себеп бар. Осы берілмеген ақылды ендеше қалай пайда болдырып қалай қолдану қажет? Білімсіз ақылды қолданса не болады? Қыр жерлерде мүмкін болатын шығар бірақ Ұланбатыр қаласында қолануға болмайды. Ұланбатыр қаласы қыр немесе діни жиын емес. Ұланбатыр қаласы мәдениет пен өнердің және де білімнің орталығы болуға тиіс.

Моңғол адам қалай бүтін бола алады? Ондай мүмкіндік бар ма? Өзін танымау,әлемді түсінбеу,құдайға теріс қарап өлімді қабыл алмай кету деген қандай үлкен адасу.

Білім ол нарықтық экономика сияқты сұраныс бар болса ұсыныс бар дейтін ұғым емес қой. Білім деген Негізгі заңмен берілген міндет болуға тиіс. Білім деген үкіметтің тапсырмасы болуға тиіс. Соған қарсы барлық әрекеттер қылмыстық іске жатуға тиіс.

Әрине бүгінгі күні интеллигент адамдар жоқ және де білім беретін адамдар да жоқ болғандықтан интеллигенттердің ұйымы да жоқ ағарту білім берудің де ұйымы жойылып кеткен.Адамдардың  көбі шахта жағалап өмір сүреді. Шетелден келген мүліктілер де іштен шыққан байлар да моңғолдың шахтасын айтады. Моңғол адамның негізгі сипатын шетелдіктер де іштегілер де  әбден бұзған.

Бүгінгі күні моңғол адам қандай сипатта жүр? Туғандағы қалпында ма әлде осы екі аралықта жетіліп туғандағысынан өрледі ме?

Моңғол адам бүгінгі күн бір істі түсінуі қажет. Біз біріншіде философия мәселесіне келіп тірелдік. Осылай болатын да уақыт жетті. Білім жайлы айту деген білім мен адамгершілікті айту деген сөз. Ендеше білім білімтанудан шыққан. Білімтану философиядан шыққан. Адамгершілік жайлы айту деген тәртіп жайлы айту деген сөз. Ендеше тәртіп философиядан шыққан.

Әлемде қараңғы сенім жеңіліп білім жеңіп жатқанда Моңғол адамның өмірінде білім жеңетін уақыт келуге тиісті. Егер де қараңғы сенім жеңіп білім жеңілсе бала шаға жас кезең жеңіледі деген сөз...

 Қырқүйек 30, 2014

Molorerdene

 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2024