“Қараңғы сенім” жеңіп “Білім” жеңілді ме? № 2: Моңғол адам сауатты болғанының пайдасы болмағаны ғой

Jan 25, 2021


Қараңғы сенім” жеңіп “Білім” жеңілді ме? № 2: Моңғол адам сауатты болғанының пайдасы болмағаны ма

Моңғол адам сауатты болғаны арқылы өзін дамытып адамгершілікті азамат болуға тиісті болатын. Бірақ қараңғы сенімнің кітаптарын оқи берсе адам ешқашан дамымайды керісінше сауатсыз адамнан да ары артта қалады. Газет оқи алатынын сауатты болғанының арқасы десе тіпті күлкілі. Газет деген адамды дамыту мақсатта емес.

Қараңғы сенімнен алыстау үшін білім қажет. Әрине білімді білім мен талпыныс арқылы тауып алады. Ендеше Моңғол адам 70тей жылдан бергі алғаш рет жаппай сауатты болғанының пайдасы бүгінгі күні неге шықпай отыр?

Бүгінгі күні Моңғол адам сауатты болдым деп не оқып жүр? Ештеңе оқымайды өзгеше айтқанда ғылым білім туралы оқып үйреніп шыдамай жүр десек сауатты болудың қажеті бар ма?

Бүгінгі күн көпшілікке арналған ғылым білімнің неше дана кітабы апта сайын ай сайын баспаға шығып жатыр? Ендеше қараңғы сенімнің қанша кітабы соңғы 20 шақты жылдар ішінде баспаға шығып Моңғол адамды білімнен толықтай алыстатып шыдады? Қандай кітаптар Моңғол адамды қараңғы сенімді етіп жас кезеңнің дамысын тоқтатып әке шешелерді қараңғы сенім үңгіріне құлатты? Кім?

Білімге еш қатысы жоқ қараңғы сенімнің кітаптары білімтану,қалай өмір сүру керек деген сияқты атпен шығып көптеген кітапханалардың сөрелерін толтырып тұр.Кейбір жазушы атты адамдар бақсы балгерге табыну сияқты  ақыл ойдың төменгі деңгейіндегі,білімге қарсы кітаптарын жазып басылымға шығаруда,оны оқырмандар оқып миларын уландыруда. Сол кітаптарды оқу үшін үшін ғана сауатты болғандағысы ма? Ендеше оларды оқып не түсінді? Және де оларды оқып қандай жаңа нәрсені біліп алды?

Моңғол адам өзін дамытып ақыл ойын кеңейтудің орнына ешқандай мағынасыз ешқандай кепілсіз нәрселерді оқудың қажеті бар ма?Моңғол адамның миын төменгі деңгейге құлдырататын ең қауіпті оқулықтар олар газеттер. Моңғол адам газет оқудың не қажеті бар? Газет оқымауға болмай ма? Газеттерді кім  не үшін жазып неліктен жазып жүргені анық қой. Моңғол адам тек қана газет оқу үшін сауатты болған жоқ шығар. Неткен үлкен адасушылық неткен үлкен өкініш еді.

Моңғол адам сауатты бола бастаған 40шы жылдар онша жақсы басталмады. Әсіресе ламалар Моңғол адамды білімді болып ганданнан алыстау дегенге қатты наразы болды. Oлар бала шаға жастарды сауатты болып мектепке ілесулерін рұқсаттамай сол кездің сауатсыз әке шешелерін қараңғы сенімге итермелеп қоғамның дамысын көп жылмен шегерген.

Ламалармен қатар байлар мен төрелер халықты сауатты болып білімді болады дегенге  өлермендей қарсы болып күрескен. Себебі тек қана байлар мен төрелердің және феодалдардың балаларыны ғана сауатты болғандықтан олар халыққа керемет көрінетін. Мысалы үшін Гүрсэд сауатты ал көптің бірі Чимид сауатсыз ғой..

Міне бүгінгі күні де ламалар, байлар мен төрелер  тағы да сол бұрыңғыдай бүкіл қоғамнан бөлектеніп халықты қараңғы сенімді етіп білімнен алыстату әрекеттерін жалғасытырып күннен күнге ушықтырып отыр. Байлар мен төрелер балаларын Америка Англия елдері сияқты қымбат бағалы мектептерге оқытып жатуының бірден бір себебі  қоғамның жоғарғы бөлімі жоғарғы жұмыс орындарына орналастырмақшы болған арам ойларын жүзеге асыру. Ол ойлары орындалмайды. Бүгінгі күні білімді болу үшін онша көп ақшаның қажеті жоқ. Мысалы үшін Германия елінде білім тегін. Сондықтан да ол жақта төрелер мен феодалдар жоқ.

Жоғарғы оқу орындарының кабинеттерінде  қараңғы сенім таратқан ламалар ары бері сабылуда. Ғылым академиясы деген ұйым ламаларға толықтай түсіп берген екен. Ғылым академиясы адамзаттың біліміне өкіл болуды қойған екен.

Моңғол адам қаншалықты сауатты болса да  ең қауіптісі оқып тұрғанын теріс түсінеді. Келесі бір қауіпті атасақ теріс түсінікті адамдардың жазған кітаптары кітапханаларға толы. Сауатты болу жақсы іс бірақ теріс түсіну нағыз қараңғы сенімдегілердің үлкен қаруы. Теріс түсіндіру мақсаттағы сөзбен ойнап шыдайтын қараңғы сенімдегілердің бірі саясаткерлер деуге болады.

Сөздің мағынасы ең үлкен мәселе. Неліктен моңғол адам тек сөзді ғана маңызды етіп ал мағынасын маңызды деп көрмейді? Сөздің мағынасын түсіндіріп шыдамаған,жалпы шыдамайтын адамдар тіл мамандары. Оларда сөздің мағынасын түсіндіру қабылет жоқ және маманды да емес. Тілдегілер қалай ғана өзге мамандық саларының сөздерін түсіндіріп шыдар дейсің. Осы қатені ең алғаш бастаған  Моңғол тілінің энциклопедиясын жазған адамдар ғой.

Моңғол тілінің энциклопедиясы деген қалың мұқабалы кітап тек қана сөз жинағы болғаны болмаса мағынаның түсіндірмесі емес. Мағынасыз сөзге толы осы Моңғол тіл мамандығы саласының адамдарының кітабы төменгі деңгейде жасалған кедей сөздік кітап.

Сөздің мағынасы деген жеке бір білім саласы. Сөзге сеніп үйренген Моңғол адамды қараңғы сенімдегілер мен саясаткерлер нағыз қуыршақ ойыншық ете алатын мысалдар көп. Неліктен сөздің мағынасы маңызды дегенде мағына өзі сөзден жоғарғы ұғым. Сондықтан арғы мағынаны түсіну өте маңызды.

Моңғолдың мақал мәтелі атты “Әлемдегі үш ақ” деген бірнеше жолдарда осылай жазылған:

Өскенде тіс ақ

Қартайғанда шаш ақ

Өлгенде сүйек ақ

Онымен не айтқысы келеді? Оның мағынасы не? Ақ деген сөздің арғы мағынасы рас деген ұғым. Осы жолдарды оқып сауатты адам не түсінеді? Оны түсіндіретін болсақ ол барлық нәрсенің өзіндік уақыты бар деген сөз. Адам жас жүреді ол уақыт кетеді. Адам жасы жетіп қартаяды. Ақырында кім болса да өледі.

Моңғол адам жалпы өлім жайлы өте теріс түсінікте болып келген. Оның себебі Моңғолда өзіндік діни ағым пайда болатын мүмкіндік шықпаған. Сондықтан да Будда, Христиан, Ислам сияқты көптеген дін ағымдарын қатар қабылдап келген. Ешқашан дінді түсіне алмаған. Ол туралы түсіндіріп жазған кітаптар да болмаған.

Неліктен бүгінгі күн Моңғол елінде Христиан діні табысқа жетіп жүр дегенде олар библьді Моңғол тіліне аударып шыдаған. Неліктен Будда діні қараңғы қалпында қалды дегенде Моңғол тіліне аударуға құлықтары жоқ. Себебі таңғажайып пен теңдесіз деп адамдарды қорқытатын алдайтын қараңғы сенім құралы жойылып бет пердесі ашылып Будда дінінің нағыз сипаты танылып қалғалы отыр.

Моңғол адам сөзге сеніп сөздің мағынасын түсінбей жүргенінің бір екі мысалын айтсақ міне осындай. Сөздің мағынасы деп айтылған сөз арқылы ар жағында нені меңзеп айтты дегенді түсіну. Махаббат деген сөзбен орасан үлкен теорияны меңзеген. Махаббат туралы білу үшін кітап оқу қажет болады. Кітап оқу деген үлкен еңбек. Бірақ Моңғол адам кітап оқып отырған адамға бірдеңе істесеңші жұмыстасаңшы деп ақыл ойының дамысына кедергі жасайды. Дамымаған ақыл қандай күйге ұшырайтынын Моңғолдардың аянышты тарихынан ақ білуге болады.

Әрине махаббатты нақты емес деуге болмайды. Махаббат ол нақты. Несімен нақты дегенде жасайтын әрекеттерімен нақты. Махаббат жоқ емес бар. Сондықтан бар дегенді растау үшін махаббатты көрген болу қажет.

Сөз мағынасы арқылы мағыналы болады. Шынымен де мағынасыз сөзбен ой арықарай жүре алмайды. Сөздің мағынасын тұжырымдама мен формуласы деп те теріс түсіндіреді. Тұжырымдама деген тереңдетіп түсіну. Ендеше сөзде формула деген жоқ керісінше ұғым деген ғана бар.

Стол деген сөзбен осы әлемнің көп мллиондаған столдарын төртбұрыш болса да дөңгелек болса да бірдей атайды. Оны абстракциялау деп айтады. Ол стол нақты емес деген сөз емес. Столды адам ойында әр түрлі жағдаймен абстракциялауға болады.Ендеше нақты болғандықтан Құдайды абстракциялауға болады. Өзгеше айтқанда нақты емес етуге де болады. Бірақ адаммен салыстырғанда нақты емес етеді. Бірақ адамның беті нақты. Ендеше құдай деген сөзбен нені меңзейді.

Сөздің мағынасы дұрыс болып шыдаса сөйлем дұрыс бола алады. Жалған сөйлем айтудың қажеті бар ма? Моңғол адам сауатты болғаны арқылы сөйлеу тілі жазба тілі болуға тиіс болатын. Бірақ теледидардан сөйлеп жатқан адамдарға қарағанда сөйлеу тілі жазба тілі болып шыдамағаны анық көрінеді. Өзгеше айтқанда Моңғол адам сөйлеу тілінің деңгейінде ғана қалған.

Моңғол тілінің мамандары сөзбен ойнап сөзді мағынасыз етіп тастағанының кесірінен болып бүгінгі күні жазба тілі дамып шыдамады. Сондықтан да көп адам кітап оқу мәдениетін иемденіп  шыдамады. Кітап оқу мәдениет емес әшекей болып қалды.

Неліктен кітап баспаға шығып бастады дегенде адамдарды біріккен бір ұғымды ету мақсатпен басыла бастаған. Бірақ Моңғол адамдар әлемде кітап басыла бастағаннан 500дей жылдан кейін кітап оқып бастаса да барлығы теріс түсінікте болып адамдар жеке жеке өзіндік ұғымды болуға тиісті деп қараңғылықта қалды.Бүгінгі күні Моңғолдың Ұлттық Университетінің екінші корпусында студенттер кітап оқып отырады өкініштісі барлығы теріс кітап оқып теріс түсінікте отырады. Себебі оларға лекция атты жалған сөйлемдерді профессор атты жалған оқытушылар оқып миларын уландырады. Милары уланған студенттер университеттің есігін артқа тастап диплом құшақтап қоғамға кіріп келеді. Осылайша қоғамның улана бастайды. Білім саласы артта қалды . Жасар жұмысымыз әлі алда.

Кітап ақыл ой нәрі болуға тиіс. Ендеше ақыл ойдың нәрін алып шыдамай жүрген Моңғол адам бүгінгі күні осы әлемнің ең қараңғы адамдары болып қалды. Нағыз адамгершілікті үгіттеген діндер Моңғолға кіріп келмеді. Нағыз адамгершілікті үгіттеген дін кіріп келген болса Гандан шіркеуіне барған адам бір тиын да төлемес еді.

Сөзді алдымен адам естиді. Одан кейін ұмытпай есте сақтау маңызды. Еске сақтау деген ақылға сақтау. Одан кейін оны ұғып түсіну маңызды. Ұғып алған болса оны растау үшін енді қайтадан сөйлем етіп айтып немесе жазып шыдау ол адамның біліміне байланысты.

Жазба тілінде аударма деген бар. Ал сөйлеу тілінде аударма емес түсіндіру өзгеше айтқанда интерпретация деген бар. Ендеше Моңғол адамның айтқанын шетел адамдарына аудардым деп теріс сөйлейді. Аударма жайлы айтсақ бұл жерде қайтадан көп парақ нәрсе жазуға тура келеді. Соңыра әңгімелесетін маңызды тақырып.

Моңғол адам сауатты болғанының пайдасын көріп қараңғы сенімнен құтылып білімді болу сондай бір шешім шығаратын уақыт жеткен екен. Жаңаны алып ескіні артқа тастайтын  жігер моңғол адамда жетіспейді.

Сауатты болу деген жақсы іс бірақ ештеңе оқымаса сауатты болудың қажеті не?

 6шы  Қараша, 2014

Molorerdene

Francisco Goya "The Sleep of Reason Produces Monsters" 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2024